Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
қыста теріне қалай қорғауға болады?
спросил от Kuaniysh в категории Досуг, Развлечения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қыс мезгіліндегі ұзақ айлар терімізге, көп жағдайда, зиянын тигізіп жатады. Төмен температура, суық жел, қатты жылытылатын ғимараттардағы құрғақ ауа терінің қызарып, тіпті суықтан пайда болатын дерматит сияқты аллергиялық реакцияларға да алып келеді. Бұндай жағымсыз жайларға тап болмас үшін теріңізді күнделікті дұрыс күтіммен қамтамасыз етіңіз.

Төмендегі кеңестерді есте сақтаңыз:

1.Құрамында спирт пен салицил қышқылы бар косметикадан бас тартыңыз. Гигиеналық далап немесе ерінге арналған бальзамға ерекше мән беріңіз. Олардың құрамында ментол, камфора майы, спирт, фенол болмауы тиіс. Бұндай нәрселер теріні одан сайын құрғата түседі. Е, D, K дәрумендеріне бай бетке және қолға арналған иісмайларды пайдаланыңыз. 

ответил от Kuaniysh
0 голосов

2.Көзіңізді қорғауды да ұмытпаңыз. Қатты аязда көп адамдардың көзі жасаурағыш келеді. Мұндай жағдайларда көзге арнап шығарылған арнайы көз тамшыларын пайдаланыңыз. Қарға шағылысқан күн сәулесі көзге екі есе зиянды, сол себепті күн шығып тұрған аязды күндері күннен қорғайтын көзәйнек киіңіз. Көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз.

3.Шырынға бай жеміс-жидектер мен көкөністерді жеп, көп сұйықтық ішіңіз. Ағзада қаншалықты көп сұйықтық болса, косметикалық құралдарды соншалықты аз пайдалануға болады.

4.Қатты ыстық емес, жылы ванна мен душ қабылдаңыз. Ыстық су тері қабатына зиянды әрі ағзадаға сұйықтықтың азаюына әкеп соғады.

5.Теріңіз әдемі, тартымды болуы үшін овакадо, жаңғақ, майлы балық сияқты тағамдарды көбірек пайдаланыңыз.

6.Өзіңіз отыратын ғимаратта ауа ылғалдандырғышты қолданыңыз. Қыста, жылу жүйесі жұмыс жасағандықтан, пәтерлердегі ауаның ылғалдылығы 20%- ға дейін төмендейді. Тұрмысқа қажет арнайы құралдар , яғни ауа ылғалдандырғаштар  бұл мәселені шешіп бере алады.

Әрдайым сұлу әрі тартымды қалыпта болу үшін тері күтіміне тек қыс айларында ғана емес, сонымен қатар жылдың кез-келген мезгілінде көңіл бөліп отыру қажет.  Дұрыс күтім – жастық пен сұлулық кепілі. 

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы