Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақ   №31

Күні:                          6 сынып, информатика               Пән мұғалімі:    Н.Жубаниязова

Сабақ тақырыбы

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері.   Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

Сілтеме

Информатика 6-сынып,   Е.А Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Жалпы мақсаты

Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі,  Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру; Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі   серверлердің  атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру.

Міндеттер

-  Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын  арттыру ;

-  Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу ;

- Оқушыларды интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық  поштамен жұмыс істей білуге үйрету;

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы  толықтырып,   тақырыпты пысықтау ;

- Берілген  тапсырмаларды,  топта  орындауға  үйрету;

- Оқушылардың бір-бірін  бағалауға дағдыландыру;

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, АКТ,  Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі,  «Екі жұлдыз,  бір  ұсыныс»

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырма , бағалау  парағы.

Күтілетін нәтиже

Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық  поштамен жұмыс істей білу. Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Смайликтер   бойынша  3  топқа бөлу /15 оқушы/

Бағалау критерийлері

•      Өз бетімен білім алуы

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Топта  жұмыс жасауы

•     Ақпараттық  білімі

Сабақтың    барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

  1. Презентация неден құралады?
  2. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
  3. PowerPoint қалай іске қосады?

4.

  1. PowerPoint қолданбасында слайдтарды қараудың қанша режимі бар?
  2. Слайдтарды қараудың режимдеріне жеке-жеке сипаттама беру керек.
  3. Презентацияны жобалаудың қандай тәсілдері бар?

Берілген сүрақтарға әр топ мүшелері шапшаң жауап беруі керек. Топ жетекшілері белгілеп отырады.

ТҮСІНУ - 10 мин

Тақырыпты  оқушылар  өздері   меңгеруіне  мүмкіншілік  беру.

А) Әр оқушы өз  бетінше  тақырыпты  түсінеді,   жұпта талдайды,   топта  талдайды. Сыни тұрғадан ойлау арқылы берілген тапсырманы қорғайды.    Постерге түсіреді.  

І топ:   Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер.

ІІ топ: Интернетте ақпаратты іздеу.

ІІІ топ: Электрондық пошта.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.

Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.

Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.

Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.

Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық  кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.

Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @  белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: school12  gim@ mail.ru болса, онда жәшік school12_gim доменінде mail.ru деп те оқуға болады.

ҚОЛДАНУ  –  10  мин

Дарындылық,   жас ерекшеліктеріне сай   деңгейлік  тапсырмалар

Тақырыпты меңгертуге арналған жаттығу.

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ