Тәрбиешілердің міндеті-ата-аналар аудиториясын басқаруды үйрену.Оларды сабақтың білім беру мазмұнын әзірлеуге,балалардың танымдық қызметін ұйымдастыруға қызықтыру.Бұл үшін тәрбиешінің өзі мазмұнды жетік меңгеруі,күтілетін нәтижені жобалай білуі тиіс.Материалды үйренуге арналған көрмені,экспозицияны ата-аналармен әріптестер қолымен дайындау,бала дамуында жаңа білімнің пайда болуын байқап отыру-жұмыстың екінші бағытындағы кәсіптік шеберлік нысаны.Ойлаудың жас ерекшелігін ескере отырып,интеллект ойындарын әзірлеу,3 -бағыттағы жұмыс.
Тақырыпты таңдап,оған қызығушылық тудыру,балалар мен ата-аналарға зерттеудің алғашқы дағдыларын үйрету,оларды тақрыптық көрмелер жасауға тарту.Осының бәрі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігін құрайды,осыдан үйренеді, содан соң ата-аналарға жеткізеді.
Әдістемелік жұмыс мәдениеті мен педагогикалық менеджмент дағдыларын меңгере отырып,тәрбиеші ата-аналардың білім беру кеңістігіне тереңдей ену бағдарламасын жүзеге асырады.
«Жоғары топтарда мастер класстар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы жұмыста «Бәрін білгім келеді» бөлімі бойынша ата-аналардың 4 тобы қатысады:
- «Теорияшылдар» тақырып бойынша глосарий дайындайды,топты зерделеуге,үйде танысуға хрестоматия бойынша материалдарды іріктейді.
- «Экспериментшілер»үй жағдайына және сабақта жүргізу мүмкін болатын эксперименттер мен байқап отыру жұмыстарын жоспарлайды.
- «Істі жасаушылар»-тақырып бойынша ресурстық қамтамасыз етуді ойластырады.
- «Талдаушылар» күтілетін нәтижелер мен алған білімін,сөйлеу дағдыларын,іс жүзінде қолынан не келетінін бала көрсететін сабақтардың түрлерін жобалайды.
Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы ерікті түрде екендігін айтып өткен жөн.Қызығушылық танытып жатқандар қатары артып келе жатқанын тәжірибе көрсетуде.Алғашқы мастер-кластарда 8-9 қатысса,жыл соңында бірлі-жарымы ғана енжарлық танытты.Осындай кездесулердің қорытындылары жөніндегі материалдар «Бізбен бірге үйреніңіздер»стендіне шығарылатын болғандықтан,оларда топтағы істерге ортақтас.
Сапалы білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу,білім шекарасын жылжыту,балаларды өмірге даярлау-жаңа әлемде нақты көптілділік болып табылады.Үш тілде оқыту-заман талабы.Осыған байланысты,балабақшамызда ата-аналардың қолдауымен ағылшын тілінен «Кім тапқыр?» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Интеллект ойындарын даярлау мен өткізу кезінде бойды сайыскерлік билейтіні түсінікті.Сонымен қатар,балабақшадағы өзге ұлт өкілдері балаларының арасында қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін,қасиетін ұғынту мақсатында өткізілген «Қазақшаң,қалай балақай?» атты облыстық және аудандық байқауларда ата-аналардың қолдауының арқасында жүлделі орындарға ие болдық.Тәрбиешілердің,психолог пен басшының міндеті-әкелері мен шешелерін баланың ойлауы мен дамуы жас ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлау.
Осылайша,ата-аналар аз да болса,бала туралы қажетті деген психологиялық -педагогикалық білімдерін арттырады.
Жұмыстың ең күрделі түрі-жобалау қызметі,сондықтан олар тек мектепалды топтарында ұйымдастырылады.Білімділік деңгейі,отбасында техникалық құралдар болуы,ата-аналардың көпшілігіне осындай жұмыс түрлерін балалармен бірге игеруге жағдай жасайды.
Баланың,тәрбиешінің және өзінің еңбегін елестету арқылы ол нәтижеге қанағаттанады.Оқу орнының жұмыс сапасына қол жеткізуде педагогикалық ұжым мен ата-аналардың қосыла істеген жұмыстан артық ештеңе біріктірмейді.Ал жемісін жейтін бала ғой.Сондықтан білім берудің келесі сатысы-бастауыш мектепке табыс болары хақ.Бұған куә біздің мектепалды топтарын бітіруші балалардың оқудағы табыстарын зерделеу нәтижелері.Сонымен,тақтадағы білім көрсеткіштерін көріңіздер.
Ата-аналарды ынталандыру әдістері де бөлек көңіл аударуға тұрарлық. Бүгінгі күні оқу тәрбие үрдісіне белсенді қатысушыларды марапаттау механизмі қолданылып жүр.
Алдағы міндет-қол жеткен деңгейді ұстап тұру,күшейіп келе жатқан белсенділікке,нарық таңдауының өзгерісіне қарсы тұра білу.Бұл үшін әрдайым білім беру қызметін жоғары сапасын сақтап,әріптестік формасында ата-аналармен ынтымақтастық формаларын дамыту қажет.
Уақыт ағымы ұстаздар алдына жаңа міндеттер,ауқымды талаптар жүктеп отыр.Заман алға жылжып,қоғам өзгерген сайын жаңа,мазмұнды оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру өмір талабы.Халқымызбен бірге жасасып, өркенін жайған бай салт-дәстүрімізбен,әдет-ғұрпымыздың бүгінгі таңда да ұрпақ тәрбиесіне тигізер үлесі орасан.
Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне опат әкеледі.Ендеше біз болашаққа борышты боп қалмау үшін,алдымен ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударуымыз қажет.
Тәрбие жолы сан қырлы,оны жүйелі жүргізгенде ғана нәтижелі болмақ.Біз балаға тек білім беріп қана қоймай,сол алған білімді қайда жұмсау жолын да үйретуіміз керек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат,Нұрлы ақыл,Жылы жүрек Абай
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының әдіскері: Нармағанбетова Ж.Н