ГҮЛ – ҒҰМЫР...
Ыдысқа келдің нұр гүлім ,
Тұр едің бақта жайқалып.
Жүрегім менің мың тілім ,
Мұңыңды бірге айталық .
Ұқпаймыз өмір мың сырын ,
Тұрса да көзге байқалып.
Үзілді күлкі сыңғырың,
Ес түссіз қалдың шайқалып .
Аруға сыйлап қуаныш ,
Сындырды сені аямай .
Бұл қандай қатал сұраныс,
Келіп ең елді саялай .
Адамды түсін , құрметте,
Жанына үңіл иіліп .
Қуанту үшін бір сәтке , 13
Гүл-ғұмыр кетер қиылып.
Нәзіктік тұнған қыз жаны ,
Пір тұтқан ақыл ұятты .
Өмірдің жұмбақ мың заңы ,
Адам да сол гүл сияқты .
Ыдыста тұрсың жыр гүлім ,
Нұр едің бақта жайқалып .
Жүрегім менің мың тілім ,
Бар сырды бірге айталық...
Естіртпей гүл де сыбырын ,
Тырнады жүрек жараны .
Аяқтап мүлдем ғұмырын ,
Солғындау тартып барады.
Өмірдің қымбат екенін ,
Ар,намыс,иман , ұятты ,
Сыйластық , сымбат не екенін,
Айта алмай кеткен сияқты ...
Айта алмай кеткен сияқты...
23.05.2004жыл.