Гүл тағдыр.
Әр адам бейне таң гүлі,
Нәзіктік-жаны бір екен.
Төгілмес ішкі жаңбыры,
Ашылмай кетер сыры екен.
Ұқсастық неткен жағымды,
Жүрексіз ғана ұға алмас.
Тағдырға гүлдер таңылды,
Сол жолдан өтер, шыға алмас.
Қыз да бір бейне гүл тектес,
Мөлдірей қалған жанары.
Табылса жақсы тілектес,
Тағдыры-жайнау, солары.
Арманға қарай асықтық,
Елемей тағдыр ызғарды.
Өмірге сондай құштар қып,
Жаратқан гүлдей қыздарды.
Жаралап жанды жұбантып,
Сыйладық гүлді бір күнге.
Тіршілікті үзіп, қуантып,
Бақытты болу мүмкін бе?
09.10.2009жыл.