Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Гүл жасау сабақ жоспары керек
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Шардарбекова Динара Несипбековна

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Гүл жасау»

Мақсаты: Балаларға дала гүлдерімен бөлме гүлдерін таныстырып, гүлге қамқорлықпен қарауға үйрету.Гүлдердің күлтешесін орындарына дұрыс қоюға үйрету.Гүлдерге деген қызығушылығын арттырып саусақ қимыл әрекетін дамыту.Еңбек сүйгіштікке тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Слайд,гүлдердің түрлері.

Әдіс тәсіл: Көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар дөңгелене тұрып жылы лебіздерін білдіреді.

Күндей болып шығамыз,

Гүлдей болып жайнаймыз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей болып қонамыз.

Балалар іс қимылмен жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру ізденуші

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Көктем мезгілінде үш ай бар кане атап өтейікші?

-Қазір көктем мезгілінің қай айы?

-Далада ауа райы қандай болып тұр?

-Талдардың жапырақтары қандай түске боялып тұр?

-Бүгін көңіл күйлерің қалай?

Ендеше бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Гүл жасау»

Балалар гүлдің екі түрі болады.Дала да өсетін гүлдер жіне бөлме гүлдері.

Дала гүлдеріне: Райхан гүлі,қызғалдақ,қалампыр,түймедақ гүлі.

Гүлдердің түстері әр түрлі болып келеді мысалы: қызыл,сары,көк.

Дала гүлдері: үйіміздің ауласында бақшада өседі.Далада өсетін гүлдерді көктем айында жерді аударып егіп суғарып күтіп баптаймыз.

Ал бөлме гүлдерін арнайы қауашаққа құнарлы топырақты салып отырғызып,су құйып,түбін қопсытып тұрамыз.Бөлме

гүлдері ауаны тазартып тұрады.Балалардың назарын слайдқа аударамыз.

Қане балалар енді баққа барып серуендеп гүлдерге су құйып келеміз бе?

Балалар гүлдерге су құйып жатқанда қауызым ашылып гүл арауы шығады.

Гүл аруы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендердің келгендерің қандай жақсы болды.Мен уайымдап тұр едім.Сендер су құйғанда қауызым жарып шықтым.Рахмет сендерге. Ой балалар көктем айы де келіп қалыпты,жерге әртүрлі әдемі гүлдер шығу керек қой. Мен сендерге бір тапсырма алып келдім.Мына гүлдердің күлтешелері түсіп қалыпты.Сендер осы гүлдердің күлтешелерін орындарына қоюға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар сендер Гүл аруына арналған тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Сергіту сәті:

Гүл өсірем үйде,

Су құямын күнде.

Гүлін күнде ашады,

Жұпарын маған шашады.

Гүл аруы: Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер.Гүлді әдемі жасадыңлар. Кане осы гүлдерді баққа апарып қайтамыз ба?

Тәрбиеші: Балалар біздің бағымыз жайнап кетті енді Гүл аруын шығарып салайық. Сау болыңдар.

-Көктем

-Наурыз,сәуір,

Мамыр

Сәуір

Жылы

Жасыл

Тамаша

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Нұрғиса

Гүлдей жайнап кете бер,

Әдемі боп,асыл боп.

Малика

Гүлдей жайнап кете бер,

Қызыл,сары,

жасыл боп.

Інкәр

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

Қимыл арқылы әрекет жасайды.

Рефлексивті түзету

-Балалар біз нені жасадық?

-Гүлдің түстері қандай екен?

Балалардың жұмыстарын мақтап мадақтау.

-Гүлді

-Қызыл,сары

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Гүлдердің күлтешелерін құрастыра алады.

Түсінеді: Гүлдердің әртүрлі болатынын.

Қолданады: Слайд, әртүрлі гүлдер.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов