Сезім құдіреті
Сен кімсің?
Мені тым елжіреткен,
Өзін тек жыр-сыр еткен?
Жанымды күркіреткен,
Ойлаумен мың күн өткен.
Жүрегім дір-дір еткен,
Көңілге үн гүл еккен,
Келемін бір тілекпен,
Соншалық үлдірек пе ем?
Гүлсезім құдіреттен!
Сен кімсің?
Жаныма жақын болған,
Санама ақыл болған.
Нәзік қыз жырлауменен,
Бұл күнде ақын болғам!
Адамға ақыл қорған!
Нәр алып нақылдардан.
Ойларға орандырып,
Алысқа батырды арман,
Бейне гүл бүрін жарған!
Сен кімсің?
Жанымды арайлатқан,
Артыма қарайлатқан.
Көңілімнің көркем күйі,
Келеді қалай бақтан?
Жолымды тарамдатқан,
Амалсыз алаңдатқан,
Қазақ қыз құпиясың,
Еріксіз қалам тартқам,
Сағыныш далам жақтан.
Сен кімсің?
Зияның тимегенмен,
Ерекше күйге енем мен!
Өмірде не ұтамыз,
Бір-бірін түйрегеннен?
Адамдық қалыптасқан,
Бір-бірін сүйрегеннен!
Өмір-гүл, жалын, дастан!
Сезім күш билегеннен!
Адамдық асқақ тұрар,
Пенделік күйбелеңнен...
Сен кімсің?
Жанымды сағындырар,
Сезімге табындырар.
Әппақ қар, ақ жанымды,
Езілтіп, жауын қылар.
Сабырлы төзімді етіп,
Тағдырға бағындырар.
Елесің кезіп жетіп,
Бақытты шағым тұрар.
Мәңгілік сезім құрар!
Сен кімсің???
12.12.2011жыл.