СЕЗІМ-ӨРНЕК ...
Тұңғиықта талықсыдың тұнжырап ,
Күйкі тірлік көңілсіздеу күн өтпей .
Жан жүрегің жылу іздеп , тұр жылап ,
Білдірмейсің неткен жансың бір беткей?
Таудың ескен самалындай көктемгі ,
Кеудеңде күй , жүрек соғып , туладың .
Қара сия ақ параққа төкті енді ,
Саған деген сағыныштың шумағын .
Мөлдір пәксің , жаның таза , асылсың ,
Үндестігің жүрегімді жібітті .
Жанарың -ай сырды қалай жасырсын ?
Үкіленген , үлбіреген үмітті.
Тастан қашап ойылғандай мүсінің ,
Сені айтар ем ең ғажайып туынды .
Үлкен болып , жолын жасап кішінің ,
Бекзаттықпен биіктеттің туыңды .
Тал бойыңды тұншықтырма қиялға ,
Бетіңде әр , кеудеңде әл , жан барда .
«Ақыл -дәрі , сұлулыққа сый алда»
«Өмір-базар , өссең , өшсең таң қалма»
Өрмекшінің жібіндейсің жалғанған,
Жан дүниемнің тапқандаймын бір емін .
Сезім-өрнек , жырым болдың таңдалған ,
Сені ойлап ,сағынумен жүремін.
01.07.2004жыл.