Мен өскенде кім боламын? Бойжетіп, ержетіп келе жатқан жастарды көп ойландыратын сауалдардың бірі. Өтпелі кезеңде жүрген балалар күнде әртүрлі маман иесі болғысы келетіні де жасырын емес. Дегенмен қай салаға бейім болса, сол салаға барған дұрыс. Себебі өзі қаламайтын маман иесі болып жүрген қаншама адам бар. Немесе ата- ананың қалауымен, нұсқауымен маман иесі болып жүрген жандар да бар. Мамандықтың түрі көп, ең қиын мамандық адам болып қалу деген екен.
Көрпеңе қарай көсіл немесе әлін білмеген әлек дегендей әр адам өзі қалаған, барынша бейім, қызығушылығы жоғары мамандықты таңдаса нұр үстіне нұр. Өскенде кім болса да, қандай маман иесі болса да адамдық қасиетті жоғалтпаған дұрыс деп есептеймін