Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мен өз отбасыммен мақтанамын!
          Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
         Мен бұл шығармамда өз отбасым туралы жазғым кеп тұр. Мен 1986 жылы ОҚО, Мақтарал ауданында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Отбасы мүшелері 6-адамнан тұрамыз. Әкем, анам, апкем, ағам, мен және қарындасым. Әкем мен анам бізді яғни отбасын асырап, елден қалмасын деген мақсатта аямай еңбек еткен жандар. Бәрімізді оқытты, өсірді. Бір сөзбен айтқанда «Ұлын ұяға, қызын қияға» қондырды. Қазіргі кезде апкем тұрмыста, оның өзінің отбасы бар. Ағамда сондай. Қалада өзінің отбасымен тұрады. Қарындасымда өз бақытын тауып, отбасылы қазір. Ал, мен болсам қазақтар айтқанындай қара шаңырақты иесі. Өзім тұрған ауылда мектепте ұстаздық етіп жұмыс жасаймын. Отбасында алғашқы тәрбиені жақсы алғандықтан шығар, бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлемін. Отбасымызда әкем мен анамды алтын таққа отырғызбасамда, жұбайымыз екеуміз ол кісілердің алдында құрметтерін жоғары қойып, қызметін істеп келеміз. Келіншегімнің өзі де мұғалім болғандықтан ба, өсіріп отырған кішкентай отбасымыздың бір мүшесі (қызым Айарудың) тәрбиесіне қатты алаңдаймыз. Әрине ол бүлдіршін атасы мен апасының тәрбиесін көп алуда. Өзімізде отбасында бірінші сол кісілерден тәрбие алғанына қатты қуаныштымыз. Ол кісілердің берген тәрбиесіне, ешқандай тәрбие жетпейді деп ойлаймын. Маған осындай отбасы нәсіп еткеніне шүкіршілік етемін. Менің байлығым да, барлығымда өзімнің  отбасым. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ деп білемін. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан біз отбасымызбен бірге осы талаптарды орындауға тырысамыз.   Мен өз отбасыммен мақтанамын!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов