Автоматтың жұмыс істеу принципі келесіде: екі рулоннан (1) алюминий фольга беріледі, ол кескіш құралдың (2) көмегімен вертикальды бағытта кесіледі. Сонан соң екі лента табақша тәріздес екі жарты бөлікке бөлінеді, олар комплекті қалып болып бірігіп, термобалқытылады. Әр қалыптың жоғарғы жағында толтыру тесігі ашық қалады. Ол арқылы иненің көмегімен суппозиторийлық масса жіберіледі.
Сонымен, орауыш материалы бір мезгілде әрі құюға арналған қалып қызметін атқарады.
Резервуарда (5) «бу көйлегімен» қыздырылатын және араластырғыштың көмегімен үздіксіз араластырылып отыратын 30 л масса болады. Дозалау насостың көмегімен жүргізіледі. Қалыптарды толтыру кезінде орауыш герметикалық жабылады (6) және жеке балқып жабысқан суппозиторийлер арасында қосымша көлденең қатаң қабырғалармен жабдықталады. Сонан кейін лентадан белгілі суппозиторий саны бойынша тілікшелер кесіледі (8,9). Кесілген тілікшелерді (10) салқындатады, автомат дайын орауышты итеріп шығарады. Фольганың сыртқы беті полипропиленді пленкамен жабылған; ал ішкі беті – жоғарғы қысымды полиэтиленмен жалтыратылған немесе қапталған болады. Өнімділігі 16000 – 20000 дана / сағ.
Суппозиторийлерді алуға «Farmo Dui FD 22 / И» (Италия) автоматты линиясы да қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі алдыңғы қондырғыға ұқсас. Өнімділігі – 22000 – 25000 дана / сағ.
Қолмен илеу әдісінің дайындау сатылары:
Дәрілік заттарды және негізді дйындау;
Суппозиторийлік массаны дайындау;
Массаны дозалау;
Суппозиторийлерді қалыптау;
Орамдау, безендіру.
1 – ші саты. Негізді дайындау: какао майын үгіткіш арқылы майдалау.
2 – ші саты. Майдаланған негізбен келіде дәрілік заттардың қасиеттеріне байланысты араластырады. Дәрілік заттар мен негізді біртекті пластикалық қоспа түзілгенше илейді, ол келі қабырғасына жабыспауы керек. Алынған қоспаны целлюлоид қалақша көмегімен жинақтап, түйіндейді салмағын өлшеп, рецепт артына көрсетеді, шыны пластинаға ауыстырып салады.
3 – ші саты. Пергамент қағазбен оралған ағаш көмегімен цилиндр немесе төрт бұрышты серіппе дайындайды. Осы серіппе пилюля машинасының кескіші көмегімен порцияға бөлінеді.
4 – ші саты. Суппозиторийлік массаның әр порциясына пилюля машинасының ағаш таяқшасы көмегімен шарик формасы беріледі, содан соң шариктерге конус, цилиндр, торпеда тәрізді пішіндер беріледі.
5 – ші саты. Осындай әдіспен дайындалған әр суппозиторийді балауыздалған капсулаға жеке – жеке орамдайды, безендіреді.
Қалыпқа құю әдісі. Дайындау сатылары:
Дәрілік заттарды және негізді дайындау;
Суппозиториялық массаны дайындау;
Массаны дозалау және суппозиторийлерді қалыптау, орамдау және безендіру.
1 – ші саты. Негізді фарфор табақшаға салып, су моншасында балқытады 40 – 50° С.
2 – ші саты. Дәрілік препараттардың қасиетіне байланысты оларды негізге енгізеді.
6 – ші саты. Массаны араластыра отырып, арнайы қалыптарға құяды, ол бір – біріне тығыз жабылатын екі бөліктен тұрады.
Қалыптың ұяшықтарының саны 30, 50, 200 және одан да көп, ал сыйымдылығы 1,0; 1,5; 2,0; 3,0; және 4,0〖см〗^3 болады. Қалыптың ұяшықтарын, егер негіз гидрофобты болса сабынды спиртпен, гидрофилді болса вазелин майымен, малынған мақта тампонымен сүртеді. Жиналған қалыпты тоңазытқышқа 30 – 40 минут салқындатып, содан соң дайын жартылай суыған массаны құяды. Тоңазытқышта салып салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң мұздап қатқан суппозиторийлерді қалыптың екі бөлігін ажыратып, әр суппозиторийді орамдайды.
Ректальді дәрі түрлерінің жетілу болашағы.
Лиофильденген суппозиторийлер. Лиофильденген суппозиторийлердің негізгі массасы дәрілік заттар болып табылады, негіздің мөлшері өте аз. Суппозиторийлер дайындау суппозиториялық қалыпта дәрілік заттардың эмульсиясын немесе суспензиясын 50 – 70° С температурада тоңазыту әдісімен жүргізіледі. Тоңазыған суппозиторийлерді қалыптан шығарып алып, лиофильдейді және суппозиториялық негізді қосады. Бұл тәсілмен алынған суппозиторийлер тік ішекте тез ериді, оны тітіркендірмейді. Бірақ, осы дәрілік түр гидролабильді, сондықтан, сақтаудың ерекше жағдайларын талап етеді.
Престелген суппозиторийлер. Мұндай суппозиторийлер дайындауда майлы суппозиториялық негіздерді ұнтаққа айналдырады, олардың тиеуші ворронкадан еркін ағылуын қамтамасыз етеді және суппозиторийлерді, таблеткалар тәрізді, престеу тәсілімен дайынайды. Престеу үшін тиісті формалы матрицалар мен пуансондар қолданылады. Дәл дозалануды, сусымалдылықты қамтамсыз ету үшін суппозиториялық негізгі тоңазытқыш камерада 3 – 5° С температураға дейін тоңазытады, ұнтақтайды және елеуіш арқылы елейді. Технологиялық қасиеттерін жақсарту үшін негіздің құрамына 10 – 20% дейін сұйылқыш заттар (лактоза, сахароза, аэрозол), тайғақ заттар ретінде 3 – 5% дейін крахмал мен аэросил (1:1) қосады.
Екі қабатты немесе екі құрамды суппозиторийлер. Мұнда суппозиторийлердің қабықшасын балқу температурасы төмен негіздерден дайындайды. Бұл негіздің құрамына жергілікті әсер ететін заттар (анестезин, белладонна экстракты) болады. Суппозиторийлердің стерженіне резорбтивті әсер етуші заттар енгізеді. Стержень үшін балқу температурасы жоғары негіздер қолданылады.