Даналы ДТ бөлшектеу мен орамдауға қолданылатын машиналар және автоматтар.
Осы кезге дейін кейбір даналы ДТ – ді (таблетка, драже, капсула) шыны және пластмассты флакондарға, шыны, алюминий, полимерлі түтіктерге (пробиркаларға) бөлшектеп орамдайды. Флакондарды бұрап немесе тартып кигізілетін қақпақтармен жабылады. Соңғы кезде осындай қақпақтарды ААБ – элементімен жасайды. Түтіктерді тығыздайтын элементі бар полимерлі тығындауышпен жабады. Құтыларды мақта тампонсыз тығындау үшін бұрап жабылатын қақпақтар және полимерлі тығындауыштар амортизациялық серіппемен қамтамасыз етіледі. Түтіктерге әдетте ДТ – дің 10 данасын салады, сирек – оданда көп, мысалы, нитроглицерин таблеткаларды 40 данадан орамдайды. Флакондарға әдетте даналы ДТ – ді (таблетка, драже, капсула) 10, 20, 30, 50 және 100 – ден салынады. Флакондар МТО, ОС, ОС – 1 шыны маркалардан, ПС, ПК, ПЭ – мөлдір немесе мөлдір емес полимерлерден жасалынады.
І. Даналы ДТ – ді флакондар мен түтіктерге бөлшектеу үшін жартылай автоматты есептеуіш машина «Ротакс» қолданылады. Оның құрамында 1, 2, 3, 4 екі ағынды линейкалары бар. Столдың үстінде таблеткалар салынған бункер арнайы тіреуде орналасады. Бункердің түбіндегі поршень көмегімен таблеткалар көтеріліп айналмалы дискіге барып, линейкалардың арықтарына жатқан түрде тіреуішке дейін түседі. Белгілі арақашықтықта шектегіш орналасқан, ол линейканың екі арықтағы екі флаконға бір мезетте салынатын таблеткалардың санын белгілейді. Столдың астында басқыш (педаль) бар, соны басқанда шектегіш жабылады, сонымен бірге тіреуіш ашылады, линейканың арықтағы таблеткалар флаконға түседі. Педальды жібергенде, шектегіш ашылады, ал тіреуіш жабылады – цикл қайта басталады.
Кемшіліктері: - қол жұмысы көп, өнімділігі төмен, флакондарды қолмен тығындап, қақпақтарын бұрап жабады.
2.Электронды – есептеуіш бөлшектейтін машина (ЭСМ). Ол даналы ДТ – ді флакондар мен түтіктерге автоматты есептеуін және бөлшектеуін қамтамасыз етеді. Өнімділігі өте жоғары (180000 таб/мин дейін). Оның жұмыс істеу принципі келесіде: бункерден таблеткалар шаңсыздандыруға арнайы лотокқа барады, содан соң бөлгіш көмегімен тегіс сызық түрде екі ағында (ручеек) бөлініп есептеуіш қондырғыға жылжиды.
Есептеуіш қондырғы оптикалық жүйеден, жарық көзінен, фотоэлементтерден және электросчетчиктен тұрады. Жарықтың сәулесі оптикалық жүйеден өтіп фотоэлементтін бетінде фокус құрайды. Айналмалы столдан түскен таблетка жарықтың сәулесін үзеді, сол кезде электротізбеде үзіледі. Электросчетчик электротізбенің үзілген сигналдары бойынша флаконның ішіне түскен таблеткалардың санын анықтайды. Бір мезетте 2 орауышты толбыруға болады. Таблеткалардың керекті санын есептеп болғанда электросчетчик автоматты түрде таблеткалардың жылжуын бағыттайтын жапқыштарды келесі бос екі флакон (немесе түтікке) алмастырылады. Түтіктерді толтыруда бір ерекшелігі бар: роликтер көмегімен түтіктер айналып тұрады, сол кезде олардың ішіне түскен таблеткалар горизонтальды орналасады.
ІІ. Даналы ДТ – ді контурлы ұяшықсыз орауыштарға орамдау арнайы автоматта (АУТ) жүреді. Орамдауыш материалдар ретінде:
A. қ.ж. ПЭ – мен ламинирленген орауыш қағаз (таблетка, пластыр және т.б.);
B. бір жағы қ.ж. ПЭ – мен қапталған алюминий фольга қолданылады.
«АУТ» типті автоматтың А1 – АУ – 2Т моделі бұлайша істейді: бағыттайтын роликтер жүйе арқылы бобино ұстағыштан екі орамдауыш лента (ені 50 – 55 мм) термобалқытып бір біріне жабыстыратын барабандарға барады. Вибробункерден спираль тәріздес лоток арқылы таблеткалар қиғаш тұрған бағыттауыштарға түседі. Бағыттауыштардың жалпақтығы таблеткалардың диаметріне байланысты реттелінеді. Содан соң таблеткалар дистанциондық қондырғыға барады, оның көмегімен каблеткалар орауыш лентаға белгілі қадаммен 2 қатарға орналасып, үстіне екінші орауыш лентамен жабылады. Екі қыздырылған барабандардың арасынан өтіп, орамдауыш пленкалар үздіксіз бір біріне термобалқыту арқылы жабысады. Содан соң дайын лента таблеткалардың керекті қос санына байланысты автоматта орналасқан арнайы қайшы көмегімен тіліктерге кесіледі. Тіліктер қабылдағышқа түседі немесе транспортермен оларды картон пачкаларға орамдайтын автоматқа барады. АУТ өнімділігі 400 – 800 орам/мин. А1 – АУ3 – Т және А1 – АУ1 – Т модельдердің өнімділігі 615 – 1000 орам/мин., лентаның ені 50 – 60 мм, таблеткалардың диаметрі 12 мм – ден, биіктігі 4 мм-ден жоғары емес.
ІІІ. Қазіргі кезде кең қолданылатын орауыштың түрі – контурлы ұяшықты орауыш, себебі ол бір қатар артықшылықтарға ие. Атап айтқанда:
әдемі сыртқы түрі;
қолдануы ыңғайлы, қайта жабуды, герметикалығын тексеруді талап етпейді;
сумка немесе қалтада тасымалдауға қолайлы;
орауыштың өзі компактлі, массасы минимальды, жеңіл жойылады;
дәрінің 1 дозасын қабылдаған кезде қалған дозалардың тазалығы сақталады;
орауыштың бастапқы формасын бір қалыпта ұстауға қабілеті бар, сонда орамдалған ДТ – ді механикалық кедергіден сақтайды және т.б. арақшылықтарға ие.
Контурлы ұяшықты орауыштар екі элементтен тұрады:
1. термиялық қалыптау арқылы ұяшықтарды түзетін пленкадан;
2. ДТ – мен ұяшықтарды толтырған соң үстін жабатын пленкадан.
Бірінші элемент ретінде келесі материалдар қолданылады:
a) қатты пластификацияланған емес нгемесе шамалы пластификацияланған (жұмсартылған) ПВХ пленкасы: қалындығы 0,2 – 0,35 мм және жоғары (гигроскопиялық емес таблеткаларға, ерітінділері бар ампулаларға және т.б.);
b) поливиниллиденхлоридпен немесе галогенирленген этиленмен бір жағынан қапталған ПВХ – пленкасы: гигроскопиялық таблеткалар мен капсулалар үшін, себебі олардың бу және газ өткізбеуіштігі едәуір жоғары;
c) гигроскопиялық ДТ – ге ПП – пленкасы ұсынады, бірақ ол едәуір қаттылау болғандықтан, ұяшықтарды қалыптауға кейін барады;
d) полиэстермен немесе нейлонмен ламинирленген ПВХ пленкасы – балалармен ашылмайтын орауыштарды жасау үшін.
Екінші элемент ретінде келесі материалдар қолданылады:
a) картон қағазы;
b) ПЭ – мен ламинирленген қағаз;
c) ішкі жағынан клей немесе терможабысатын полимерлер, сыртқы жағынан эмаль немесе лакпен өңделгеналюминий фольга, әсіресе гигроскопиялық ДТ ұсынады.
Өндірісте даналы ДТ – ді контурлы ұяшықты орауыштарға (КҰО) орамдау үшін машиналардың бірнеше түрлері қолданылады. Олардың айырмашылығы пленкада ұяшықтарды қалыптау тәсіліне негізделген:
Пленкада ұяшықтарды үздіксіз қалыптайтын автоматтың жұмыс істеу принципі келесіде: бобинадан ПВХ пленкаұяшықтарды вакуум көмегімен қалыптайтын барабанға барады.барабанның сыртындағы қыздырғыш көмегімен пленканы жұмсартып вакуум арқылы барабанның ұяшықтарына сорып алады. Сол кезде пленка керекті формаға келеді. Содан соң бункерден ұяшықтарға таблеткалар салынады, үстінен екінші бобинадан келген басқа пленкамен (қағаз, фольга) жабылып екі барабан (үстінгі – ыстық, астынғы - -мұздай) көмегімен термиялық жабыстыруды өткізеді. Бір мезетте орауышқа өрнек салынады: серияның № -рін және ДТ – дің жарамдылық мерзімін. Түзілген лента дайын дайын орауыштарды кесетін штамптан өтеді, қалған лента рулонға жиналып қалдықтарды кесу операцияға жіберіледі.