Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
спросил от Данчик в категории Дополнительное образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
        Қазіргі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі – оқушыларға тиянақты білім беру. Мектеп мұғалімдері үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.
       Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсете білу.
       Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденістерін арттырады және пәнге деген қызығушылығын оятады.Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім құмарлық қасиеттерін дамытып, білім алуға қызығушылығын артыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына мүмкіндіктер туғызуы қажет. Тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте: Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәрбібінде қойып отыр. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек.
       Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істеудемін. Мысалы; 5 кластың қазақ тілі сабағында «Кубизм» әдісін дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталауда пайдаландым. Оқушыларды 2 топқа бөліп, кубикті алдарына тастау арқылы қалай тапсырма орындайтынын ескерттім. Әр топ      3 тапсырмадан орындайды.
1)    Салыстырыңыз.
2)    Талқылаңыз
3)    Мысал келтіріңіз
4)    Ажыратыңыз
5)    Зерттеңіз
6)    Қолданыңыз
    Жаңа әдістердің біріне Венн диаграммасы жатады. Венн диаграммасын толтыру арқылы оқушы кез келген заттың қасиетін, не бөлініп, не шығармаларда берілген әрбір кейіпкелерге мінездеме бере алады.
    Қазіргі таңда әлемдік деңгейде қолданылып жатқан – тесттік жүйемен жұмыс істеу әдістері. Тест сұрақтары алдымен баланың ойын жинақтай білуге үйретеді. Берілген 4 не 5 жауапты оқи отырып еске түсіріп жауап беру, бақылау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге әсері мол. Біз көбіне бір сұраққа бірнеше жауап жазып, балаға дұрысын белгілету арқылы – ұпай жинатып, бағалап жүреміз. Осындай тесттік сұрақпен бірге өз сабақтарымда үлестірмелі «сәйкестілік» «ықшам сызба» «жинақтау» тесті сияқты түрлерін пайдаланып жүрмін. Енді, сол тест түрлерін пайдалану жолдарымды айтып өтейін.
1.    «Сәйкестік» тесті. Перфокарта сияқты етіп жасалады. Бір жағына сұрақтар, екінші жағына араластырылып жауаптар жазылады. Оқушы сұрақ пен жауаптың дұрысын белгіленген санына сәйкес астына түсіреді.
2.    «Ықшамсызба» тесті. Үлестірмелі қағазға санмен реттеліп, бірнеше сөздер жазылған. Соны белгілі таңбалармен жазып белгілейді.
3.    «Жинақтау» тесті. Бір бетте 5 сұрақ жауабымен жазып, дұрысын белгілету. Бұл да перфокарта сияқты етіп жасалады.
   Осындай тест түрлерімен бірге жоғары оқу орнына түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен «Тест жинағы» кітабын күнделікті пайдаланамын.
   Келесі бір әдістің түрі – «Өзара бөліп жазу». Қазақ тіліндегі суретпен берілген жаттығуларға қарай отырып, әр оқушы 5 минутта суретте не бейнеленгенін өз ойымен жазады да, қасындағы оқушыға береді. Ол оқушы екеуі алмастырып алған соң, бір-бірінің ойын толықтырып, басқа оқушыларға оқып береді.
   Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз балалардың өз ана тілдерін ынтасымен қызыға, түсіне оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
      Мен көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, сол ойларды көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:  Сыйластық ; Жауапкершілік ; Топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;  Сөйлесуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру; Топта ұтымды жұмыс істеу. Өз ойларын ашық айтуға жетелеу. Өздерін және өзгені бағалау. Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету; Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
     Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы; Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету; Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының щығармашалақпен айналысуы; Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы; Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, бір-біріне қолдау көрсету.
    Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
     Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
ответил от Данчик
0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Хан ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы орта

білім беретін мектебінің

1 сынып мұғалімі

Мусагалиева Данагул Хамидоллақызы

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолдану.

«Ұрпағымыздың бәсекеге қабілетті

болуы үшін алдымен білім жүйесін анықтап алуымыз қажет»

М.Әуезов.

ХXI ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры.Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты.Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталуда. Сонымен қатар,білім беру жүйесінің алдында да міндеттер жүктелуде. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып,жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Жаңаша оқыту технологиясының тиімділігі: оқушының зейіндік,үлгірім,алған білімінің сапалылығы ,ғылыми көзқарасының қалыптасуы болып табылады.Оқушылар жаңа заман технологияларын пайдалана отырып,оқытудың негізгі қағидалары мыналардан тұрады:

-баланың танымдық белсенділігін дамыту;

-баланы ізгілікті адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

-өз бетімен әрекеттесу әдістерін меңгерту ;

-тілдік қорын молайту,өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету;

Тиімді оқытудың негізгі бір шарты- білімнің мазмұнын дәл,тиянақты анықтау.Негізгі ұғымдар мен мәселелерді ,теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу,өз бетімен оқи білуге,білім алуға үйрету.Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру,терең ойлау қабілетінінің белсенділігін қалыптастыру,оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқушылардын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын

• Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);
• Жауапкершілік ;
• Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау;
• Топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;
• Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;
• Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;
• Топта ұтымды жұмыс істеу.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
• Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;
• Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
• Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;
• Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;
• Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді. Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу.


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов