Астана-бас қала
Астанамыз Алматыдан Ақмола қаласына көшіріледі дегенде көпшіліктің көңіліне күдік кіріп, тақыр жерге қалайша астана салынбақшы деушілер көп болды. алайда, 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Астана дамып, жылдан жылға көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Қаншама жаңадан бой көтерген сәулет өнерінің биік шыңындай бір-біріне ұқсамайтын ғимараттар жылдан-жылға көбейіп келеді. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елдің Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады. Астанамен бірге өсіп келе жатқан Қазақ елі мың жасасын! Ата-баба арманы орындалып Тәуелсіз елде, өз тілі мен діні, ділі сақталған елде өмір сүру қандай бақыт. Сол баяны бақытымызды бағалай білейік! Әрбір қазақ баласы өз тілінде сөйлеп, аяулы Астанамыздың өсіп, көркеюіне өз үлесімізіді қосайық!