Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тараз қаласы №47 орта мектебі

3 «Е» сынып оқушысы

Майрбек Ақнұр

Жетекшісі: Момынтаева С.

Президентім - мақтанышым.

Қазақ халқының атын әлемге танытқан, алаш баласының абыройы асқақтаған тұлға- ол – Елбасы , ол – Нұрсұлтан ата Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Перезиденті. Ол – талантты тұлға, өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Оның еліне, жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес. Біз оны Елбасымыздың әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен , халыққа жолдаған жолдауынан сезінеміз. Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш – жігерін жұмсайды. Қазақстанның әр облыс орталықтарына, ауылдарына барып халықпен кездеседі, біз сияқты оқушылармен кездеседі. Балаларға көп көңіл бөледі, олардың тілектерін тыңдайды, мәселелерді шешеді оларға шын көңілімен ризашылығын білдіреді, сүйсінеді. Осының барлығы елбасының кішіпейіл және қарапайым екендігін білдіреді. 

Бұл жәйттар бізді еріксіз мақтанышка кенелтеді. Елбасымыздың игі істерінің бірі – мемлкетіміздің Тәуелсіздігі. Ол кісінің бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүние – жүзлік маңызы бар істер атқарылды. 1991жылдың күзінде қырық жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына апат қаупін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бұл жерден біз елбасымыздың адамзат баласының өмірін ерекше қадірлейтіндігін көріп отырмыз. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденіп келеді. Біздің елде тұратын отыздан астам ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Президентіміз казак ұлтына кандай камкоршы болса, басқа ұлт өкілдеріне де сондай қамқоршы бола алады. Мен сондықтан президентімізді мақтан етіп, менде осылай болсам екен деп арманға еріксіз берілемін. Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті, Ордамыз кеңесті! Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің Елбасыға сенім артамыз!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ