Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Тәуелсіз елдің ертеңі

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тараз қаласы

№47 мектеп

9 сынып оқушысы

Саутбекова Жазира

Жетекшісі: Сұлтанаева Р.Т.

Тәуелсіз елдің ертеңі

Бүгінгі күн-рухы күшті ғажап күн,

Нышандары биік тұрған азат күн.

Осы күндер қуанышқа жалғасып.

Болсын биік,тұғыры жас қазақтың!-деп, өз жүрегіммен жырлай отырып, қазақ елінің, қазақ жерінің осындай күн-тәуелсіздікке қалай жеткені туралы айтып кетейін. Өзінің сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы өмірінде- қазақ халқы тағдырдың тәлкесіне түсіп, көптеген қиыншылықты басынан кешірді. Халқымыз қабырғасы қайысса да, қайғы- қасіретке белшеден батса да әрқашан өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, рухын биік ұстап арманын асқақтатып келген. Бұл халықтың тәуелсіздікке, еркіндікке, елдікке деген құштарлығының айқын бейнесі.

Қазақстан Рспубликаның Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің, жаңа заманда өз алдына қайта Егеменді ел болған күні. Бұл күнді қазақ халқы көп күтті. 70 жыл Ресейдің езгісіне төзіп келген қазақ халқы,1986 жылы желтоқсанда көтеріліп, өз тәуелсіздіктерін талап етті. Бұл қазақ халқының қыздары мен намысты ержүрек ұлдарының елге, жерге деген сүйіспеншілігінің, өз Отанын қорғай білетіндігінің айғағы. Сондай намысты ағаларымыздың бірі- Қайрат Рұсқылбеков болған. Ол, тіпті, ату жазасына кесілген кезде де тайсалмастан:

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең, атыңдар! – деп, ел билеген өкіметтің ызғарынан қорықпайтындығын, өзінің істеген ісіне өкінбейтіндігін айтқан. Иә, сол Қайрат ағамыздай «елім», «жұртым» дейтін қазақ азаматтарының көпшілігі Ресей озбырлығына қарсы күресті. Сол аға-апаларымыздың арқасында тәуелсіз ел болдық.

1991 жалы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Міне, содан бері еліміз көркейіп, Астанамызға сан алуан ғимараттар соғылып, үлкен белестерден көрініп жатыр. Біздің мемлекет дамыған 50 елдің қатарына кіруді алға қойып отыр. Алла қаласа, « ЭКСПО -2017» осы біздің Астана қаламызда өтеді. Бұның бәрі-біз үшін үлкен мәртебе деп есептеймін. Осының барлығы- Елбасының еңбегі. Нұр атамыз біз үшін қаншама терін төгіп, Қазақстанды үлкен белестерден көрсетуді мақсат етуде. Еліміздің болашағын, халқымыздың тыныштығын, ұрпағымыздың келешегін жақсылыққа жетелеуде- дана, ақылгөй Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үлесі зор. Еліміздің бірлігі мен ынтымағының болғанына не жетсін! Міне,осының бәрі тәуелсіздіктің дәлелі болса керек.

Бұның бәрі- Елбасының еңбегі,

О, бастан- ақ ойлаған, жастар қамын

Жастар өсер, тап сіздей дана болып,

Көрер халық, сол кезде жастар рухын,- дей отырып, біз, ертеңгі жастар, келешек ұрпақ-Тәуелсіз елімізді көркейтіп, бейбіт Қазақстанымыздың өркендеп өсуіне өз үлесімізді қосамыз дегім келеді. Бүтінді бөлшектеу қиын, ал бытырып кеткен дүниені біріктіру қиынның қиыны. Олай болса, Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның бөлшектенуіне жол бермей, қаланбаған кірпішін қалайық, ағайын!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов