Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Бөлелердің шаңырақ құруы
2.Көшу
3.Жаңа елді мекен
4.Балалы үй базар
5.Қорытынды

Өмір өткелдері

Құт берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.
Қазыбек би

Серік пен Динаның аналары апалы –сіңілілі еді. Жания әпкесі Марфуғаға -«Апатай ана Дина жас қалып барады, өзің қолыңа алып, тәрбиеле» деп тапсырды өмірден өтер кезінде. Он алты жасар Дина ата-анасының қамқорлығында еркелеп өскен ерке қыз ол сөзді ұққан жоқ. Тегі бөлек болған соң, сіңілісі өмірден өткен соң, көп ұзамай ата салтымен Мағзура әпкесі Динаны қолына қондырды. Өйткені әдемі, сұлу Динаға құда түсіп келушілер көп болып кетті. Дина мен Серік жасынан бірге өскендіктен екеуі бір-біріне алғашқыда ағалы- қарындастай күліп, ойнап жүріп жатты. Он сегіз жасқа келгенше әпкесі де Динаға қамқорлықпен қарап, маңдайынан сипап отырды. Күндердің бірінде кешқұрым уақытта, сиыр өрістен келіп, сауып болған соң Мағзура Динаны жанына шақырып алып, -«Балам сен осы үйдің келінісің, көп жүгіріп, ойнап, көзге түсе берме, сен Серіктің келіншегісің»- деп айтты. Дина таң қалып, апатай, қалайша?  Сіздер біздің туысқанымыз емессіздер ме, мен қалайша келін боламын деп, өкіріп жылап жіберді. Мағзура апатайы -«Балам ай, қыз бала болған соң өз орныңды табуың керек қой, Серік сенің аталас туысың емес, оның атасы басқа, сен менің сіңілімнің қызысың, қыздардың баласы бір -біріне бөле болады, қыз алыса беруге болады»-деп түсіндірді. Сол күннен бастап Дина күрт өзгеріп, бұрынғы балалығының ізі де қалған жоқ. Серік бұрынғыдай су шашып, күліп-ойнағысы келсе де, жүзіне мұң ұялап Дина салқын қарап қана қоятын. Серіктің ата-анасы да енді келін ретінде жұмсап, келін деп атай бастады. Серіктің де құлағы бірте-бірте үйреніп, есейген өмірі басталды. Екеуіне үй жанынан үй қосып беріп, екеуін енді бөлек шығарды. Таң атқаннан, кешке дейін ауылдың бітпейтін тырбаң өмірі күнделікті өтіп жатты. Серік әскер қатарына шақырылып, үш жыл әскери қызметте болып келді. Дина бұл кезде ауылда, жанына кіші қайынсіңілісімен бірге өмір сүріп жатты. Әскер қатарынан келген соң серік ауыл өміріне араласып, ең алғашқы ауылға келген жаңа көлікке отырып, жұмысқа кірісті. Екеуінің үй болғанына да бірталай жыл болса да, бір кішкентайлары болмады. Кәрі әке мен шеше екеуін бабалар басына апарып, құран оқытты. Жақын жердегі дәрігерге де көрсетті. Болмады.

         Алғашқы ауыл көлігіне отырып, көлігінің қорабы ағаштан болған соң, ауыл адамдары «ағаш Серік» деп атап кетті. Ауылға келген тағы да бір көліктің рөліне Серік деген аттас жігіт отырды. Оған ауыл адамдары «темір Серік» деп ат тақты, оның көлігі темір еді. Мінезі де темірдей еді.
          Сөйтіп күндер өтіп, жылдар жылжып өз ағынымен, қарқынымен өтіп жатты. Серік пен Дина «құдай бір соқыр қызды да бұйрса» деп, мойындарына бұршақ салып, тілеп жүріп әйтеуір неше жыл өткен кезде, бір қызды болды. Құдай сұрағанын бердім дегендей, қызының бір жақ бетін тұтастай «қалды қыз» қылып берді. Кәрі әке-шеше бір кішкентай немереге зар болып, дүниеден өтті. Енді үлкен шаңыраққа Серіктің ағасы Хасен жанұясымен, бала-шағасымен көшіп кірді. Хасеннің мінезі Серік сияқты жұмсақ, мейірімді емес, қатал, әр нәрсе өз орнында тұруы керек. Егер айтқанына кішкене ауытқып кетсең, әйел, бала-шаға, келін демейді, бәрін де сабап шығады. Күн артынан күн, жыл артынан жыл өтіп жатты. Бұл уақытта Серікте төрт бала болды. Қатал Хасеннің қаһарынан қорыққан екі үйлі жанұя бір сәтте де айтқанын екі еткізбей орындап, есік алды да тап-тұйнақтай, сиыр да уақытымен сауылып, түтіні де өз уақытымен шығып отыратын. Бала болған соң бірдеңе бүлдірмей тұрмайды ғой, «Бала ісі, шала»-деп тегін айтылмаған, бір күні Серіктің төртінші ұлы Талғат Хасеннің кіші ұлын ертіп, тауға кетіп қалыпты. Сол кеткеннен кешке дейін жоқ, түн болады жоқ. Екеуі ертесіне бірақ табылады. Сөйтсе, ұрыншақ Талғат Хасеннің Асыл деген ұлы екеуі үйден сіріңке, пышақ, айран, нан алып саяхатқа шығамыз деп, тауға кеткен. Содан кешке қарай таудан құлаймыз деп, екеуі түнімен үңгірге қонып, ертесіне келе жатқанда, ауыл адамдары жаппай шулап алып келеді үйлеріне. Дәтінің беріктігі сондай, Хасен сен екеуіңді ма, қолға түстіңдер ма, деп өлімші етіп сабайды. Араша түскен Динаның да басы жарылып, Серіктің мұрны бұзылады. Ағасына өкпелеген Серік бірақ түнде жақын жердегі аудан орталығына көшіп кетеді. Көшіп келген соң, жамағайын туысқандарының үйіне орналасып, аудан орталығындағы бірден бір мекеме «Потребсоюз» деген мекемеге жұмысқа орналасып, автолавканың құлағына отырады. «Жоққа салауат, барға қанағат» етіп, жүріп жатты. Бірте-бірте шаруасы дөңгеленіп, сарайға бергісіз үй салып алады. Дина да аудандық асханаға орналасады. Балалардың алды мектепте, бұл кезде жеті баланың әке-шешесі болған, үй-күйі бар, әжептәуір жанұя болды. Бір күні алыс жақтағы туысы Терлікпай келді. Көптен көрмеген туысы қауқылдасып, амандық-саулық сұрасып, бірнеше күн болды үйінде.  Кетерінде  Серікке қолқа салды. Көш. Менімен бірге жүр. Бұл сөздің әсер еткені сонша,  Серіктің де, Динаның да түсіне кіріп шықпаған ой еді. Жаңа үй, жаңа таныс, достар, бала –шағамен қайда

барып, қайда тұрамыз деген ой мазалай бастады. Терлікпай кішкене бір рудникте әжептәуір басшылық қызмет атқаратын. Боламай келесі бір келгенінде ақыры көшіріп алып кетті. Ол жерге келген соң Серік пен Динаның жағдайы жаман болған жоқ. Рудник есебінен үлкен үй алып берді, Серікті өзіне жеке шофер қылып алды,  Дина жергілікті асханаға орналасты. Сөйтіп шаруалары тағы да дөңгеленіп жүре берді. Екі-үш жыл өткен соң Терлікпай дүниеден өтті. Қамқоршысы, ағасы дүние салған соң Серіктің жаны құлазып, айдалада қалғандай сезінді. Балалар жас, енді қайтіп күн көремін деген ой жатса-тұрса маза бермеді. Жылжып жылдар өз ағынымен өтіп жатты. Терлікпайдың үй іші жақын маңдағы қалаға көшіп кетті. Көп ұзамай Серіктің де үйі қалаға көшіп, қаладағы бірден бір мықты кәсіпорынға жұмысқа тұрды. Бұл жерде де шаруасы жақсы жүріп, ауылдық жерге бензин таситын көлікпен жанармай тасый бастады. Ауылдық жерге жиі келетініне ауылдағы ағайын- туған қуанып, қаладан оны-мұнысын тапсыратын болды. Ағайын, бұрынғы көрші-қолаң тапсырған нәрселерін  Серіктің бір тиынды да шашау шығармай, адал алып келетініне сеніп, барлығын қаладан алғызатын болды.
Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп –дегендей әкелері балаларының біреуін міндетті түрде өзімен ала кететін. Әкелері балаларының ешқайсысын ұл, қыз деп бөлмей, беттерінен қақпай өсірді. Балаларының да бұзақылығы байқалмай, әке үмітін ақтар балалары өсіп келе жатты.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
«Жас өспей ме, көкейіңді деспей ме» -деп бекер айтылмаған ғой, қыздары гүлдей жайнап өсіп, үлкен екі қызы үй болды. Екі ұлы жеке-жеке отау құрып, өз отандарын құрды. Артында әлі де үш бала кішірек еді.
      Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая. Балаларына жақсы тәрбие беріп, үйлерін салып берген аяулы әке елу тоғыз жасында дүниеден озды. Енді бала қызығын көремін деп отырғанда, мұрттай ұшқан әке арманы кетілді. Аяулы ана топты бала-шағамен қалды. Жеке-жеке үй болған балалары, енді кішілеріне қамқор болды.
       Бесік баласы бес түлейді, дегендей балалары жақсы оқып, бір-бірін жетелеп, тәртіпті, тәрбиелі балалар болып өсті. Ата-ана арманы орындалды.  Бір кезде «Бедеу, бұл қатын бала таппайды» деген сөздер бұл күнде ұмытылып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Дина әжей шалы ертерек дүниеден өтіп кетсе де, артындағы қалған ұрпағымен саялы бәйтеректеу, мәуелі баққа айналып отыр. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деген халық мәтелі бұл күнде бұл шаңыраққа айтылмаған.
      Иә, адам баласы шыр етіп кіндік кескенде дүние есігін ашса, ол дүниеге кетерде де өмір өткелдерін таразылап, көз алдынан жылжып өтер.

Қорытынды

Дәмділігін жаңғақтың дәнегінен байқарсың.
Ықыласын жақсының сәлемінен байқарсың. Бұл мақалдың ой тереңіне үңілсек Динаның әкесі Әбілқасен марқұм өз кезеңінде жақсы, жайсаңдармен бірге жүрген, атақты Нарманбет Орманбетұлының туған жиені еді. Жақсының шылауы, ерні тиген ұрпақтың да өсіп, өнері мәлім ғой. Жеті жасар бала келсе аттан түсіп сәлем беретін,  аяулы ата ұрпағы бала –шағасына батасы тигені шығар. Әр қайсысы өз орындарын тауып, өсіп-өнген ұрпақ «батаменен ел көгерер» мақалын жоққа шығармай, қасиетті де, қастерлі ұрпақ жалғастығын сабақтастырып келеді. Қаншама қиындыққа мойымай, қаншама өмір өткелдерінен өтсе де, өмірдің асау ағыны ағызып алып кетпей, Серік пен Дина қарсы жүзе білді. Баталы адам арымас деген сөздің дәл мағынасы осы екеуіне айтылған шығар, ана арманын, ағайын-туған, көрші қолаңнан алған батасы дарып, ұрпағының саналы да, тәрбиелі ұрпақ болуына шарапаты тиіп жатқанына шүбә жоқ.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Образование
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы