Табиғатқа қиянат жасама , Адамзат!
Адам- табиғат перзенті...
Адамның табиғатқа тигізер пайдасы да , зияны да көп.Табиғатты қорғау- адамзаттың парызы.Адам табиғатқа қандай көзқараспен қараса,табиғат та адамға сондай жауап қататын сияқты.Адамдардың ойланбай табиғатқа жасайтын қиянаттарын айтар болсақ,жетіп жатыр.Мысалы: М.Әуезовтің "Көксерек" әңгімесін алайық.Осы әңгімеде адамдар көзін әлі ашып үлгермеген қасқырдың күшіктерін іннен сұрып алып,жартысын өлтіреді.Қасқырлар жыртқыш аң болғанымен ,оларда адам баласы сияқты.Өйткені адамдар өзінің баласын,бағып - қағып, нанын тауып беріп,бақытты қылу үшін негеде болса барады.Қасқырларда сол сияқты, күшіктерін асырау үшін бәріне де барады деп ойлаймын.Қазіргі күні адамда өз денсаулығын өзі құртады.Кейбіреулер:неге,бұл қалай дейтін шығар.Өйткені , адам баласы мұнай,газ тағы сол сияқты ауаны ластайтын заттарды өндіріп ,экологияны ластайды. Ормандардағы ағаштарды отап,жан - -жануарлар азайып бара жатқанына қарамастан өлтіріп терісін пайдаланады.Бұл дүние жүзінде елдерде болып жатқан жағдай деп ойлаймын.Осыны түйіндей келер болсақ,егер денсаулығымызды,еліміздің экологиясын ойлайтын болсақ,онда табиғатқа жанашарлықпен қарауға тиіспіз.Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғатпен адам қатар ұғым.Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүру мүмкін емес.Адам табиғатты қасиет тұтады.Табиғат тіршіліктің құт - берекесі.Табиғатты қорғау міндеттіміз.Казіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті.Экологияны корғау, табиғатты сақтау жастардың қолында.Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғылымдар зерттеуде.Қазақ халқында табиғатты құрметтейді.Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт - бағдар болжаған.Табиғат біздің сұраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз.Табиғат адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы.Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар.Сондықтан табиғат адам үшін-асыл ана.Өйткені, адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп жетілген.Қажетін алып,өз пайдасына жаратқан. Табиғат-ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі,адам денсаулығының сенімді сақинасы.Ұрпақтан-ұрпаққа мол мұра ретінде қалушы.Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдік тамырынан халық емшілері дәрі-дәрмектер жасаған сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған.Табиғаттың сырын білмей,қалай болса солай қолдану ойға қонымсыз.Өйткені, оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі.Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен,аса зор мәртебе.Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда.Табиғат-сөз жетпес сұлулық,баға жетпес қазына,көз тоймас әсемдік,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап,ластануда, соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда.Біз табиғаттағы әр бір жайқалып тұрған гүлге,мәуелеп тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет." Бір тал кессең,он тал ек" демекші, айналамыздағы табиғат лас иісті,ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал,жасыл желек.Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек азып кетеді.