Аналар – асыл жандар
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин
Ана- әр адамның өмірінде алтын әріппен жазылатын, әр адамның өмірінде үлкен орын алатын ерекше жан. «Ана-бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді»- демекші өмірдің қиындығына тағдырдың қаталдығына қарамастан балаларына бар мейірімімен махаббатын аямайды. Аналар бар бақытын – балаларынан көретін ерекше жүрек иесі. Бала өмірге келгеннен ақ сүтін беріп,аялап, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай мәпелеп өсіреді. Баласының әр қадамын санап, бірге ойнап-бірге күліп, әрбір жетістігіне қуанып, марқайып, жүреді. Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысар дейді-ғой, анасы баласының әр ісіне тілекші, ақ батасын беріп, тілеуін тілеп отырды. Анаға деген құрмет шыр етіп келген әр бір пенденің асыл қасиеті.
Ғалымда, шахтер да бас иетін.
Анашың бар сенің қасиетің демекші, бәрімізде анадан туып, ананың көкірегінен нәр алған жандармыз.
«Аналар- асыл жандар» деп ақын – ағаларымыз жырлағандай осы асыл жандарға арнап жыр, айтылған әнде аз емес. Ана дегенде есіме Ф.Оңғарсынованың
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің-бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйін
Келші, келші ақ мамам –деген, өлең жолдары түседі. Алыста жүріп анаңды сағынғанда, құшағын аңсап, «балам» деп берген қара суынан бал татитындай көрінеді.
Балаға ананың орны ерекше, ананың ақ сүтін ақтау деп ежелден айтады емес пе. Тіпті «анаңның алдындағы парызыңды мекеге үш рет арқалап апарсаңда өтей алмайсың»,- деп жатады. Міне ана алдындағы баланың парызын осылай түсіндірген.
М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,-деген сөзі , осы сөзді айқындайды.
Ананың қадір қасиетін ұғындырар асыл , қанатты сөздер, жыр шумақтары аз емес. Бірақ мектеп қабырғасын да оқып жүрген әрбір жасөспірім бала Ыбырай атамыздың «Ананы сүю» өлеңін оқығанда бір тебіренбей қоймаған шығар деп ойлаймын.
Кім сендерді балалар сүйе -тұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе -тұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре –тұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? ....
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Бұл барлық аналарға тән қасиет осындай . Осылай бізді мәпелеп өсірген алтын жандарды, қартайған шағында аялап қарап , жақсылап бағуымыз керек деп ойлаймын.
Ұл-қызымыздың әдептілігі – анасын риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!