Қайран өмір...
Қайран өмір, бір-ақ рет берілген,
Оның өзі түсінбеумен таусылар...
Жырым менің жақсылыққа өрілген,
Байқамаса тілдің өзі жау, сын, ар...
Қаншама жан жарық етті жанымды,
Мәртебемді көтерді де биікке.
Сыйласатын алтын уақыттарымды,
Сағынумен өткізіппін сүйіп те.
Жақын жаннан алыс кеттік тағдыр ма?
Күнделікті күйбің тірлік мың шығып.
Жанымызды жараладық жаңбырда,
Аңсатудың тылсым күйін шын ұғып...
Өмір сырғып, құм сағаттай төгіліп,
Зулап уақыт, жылдың келді аяғы.
Бір күні өтсе қариялар егіліп,
Қайғыратын имандылар баяғы...
Осы күннің келмейтінін кім білген?
Тағдырыңды түбегейлі толғансаң...
Шындығында бір күн қызық бір күннен,
Осы сәтің оралмайды ойлансаң...
11.10.2012жыл.