ҚАЙРАН ӨМІР ҚЫМБАТСЫҢ-АУ СЕЗІММЕН !!!
Мөлдіредің таңғы шықтай ертеңгі ,
Жапырақтай дірілдедің талдағы .
Көзбен көріп кереметтей көркемді ,
Жүрек тулап еш дегбірім қалмады .
Бәйшешек пе ең қар астынан көрінген ?
Биік сенде ой өріс те , талғам да .
Қайран өмір , бір ақ рет берілген ,
Күннен ыстық , суық аяз қардан да .
Күн аймалап жігіттей боп жалыны ,
Жер аруды ес түсінен айырды .
Ай көрінді толықсыған , бал үні
Жігіт болған жұлдыздарды қайырды .
Сәуле сүйген сүйіктіден шайқалды ,
Алмалардың екі беті қызарды .
Бүкіл әлем тартылысы байқалды ,
Табиғаттың бар қызығы ұзарды .
Жер- ару да баса алмайды ентігін ,
Күн -жігіт те қызуы мол қайтпады .
Жұлдыз -жігіт жұлмалайды жемтігін ,
Ай-ару да тіс жарып дым айтпады .
Өзен -ару жәй ағады бұралып ,
Үміттеніп ол да асылын күткендей .
Бар арманы көктен түссе бір алып ,
Жігіт-бұлтқа көзін қадап тіккендей.
Жеміс ағаш ару болып майысып ,
Жігіт желге жар құшағын жаяды .
Саясында кемпір мен шал шай ішіп ,
Сөз қылады махаббатты баяғы .
Үйдегі гүл құлпырғанмен жаутаңдап ,
Қолымызға су ма екен деп қарады
Құмырсқа жүр мың ішінен жар таңдап ,
Сүйіктіге дән әкетіп барады.
Қайран өмір , қымбатсың-ау сезіммен ,
Құдірет бар ,бар тіршілік бағынған .
Заңдылық бар сезінбейтін сезінген,
Қандай ғажап бірін -бірі сағынған!!!
03.07.2004жыл