Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Х. Е. Наурызбаевтың

(өмірбаянымен, шығармашылығы)

Х. Е. Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұлыкөл ауылында дүниеге келген. Сұм соғыстың алғашқы жылдарымен тұспа - тұс келген мүсіншінің балалық шағы бақташының, темірші - ұстаның ауыр жұмыстарын істеумен өтеді. Оның шебер болып қалыптасуына бұл жағдайдың да әсері болды дей аламыз. Ұзақ күн мал бағып, далада жүрген бала жігіт табиғат әсемдігін танып, сұлулықты бойына сіңіріп өсті. Ал темірді қалағанынша балқыта иіп, ұсталықпен айналысуы түрлі мүсіндерді соғуға машықтандырады. Өнерге деген талпынысын сезген үлкендердің көмегімен Мәскеудегі суретшілер дайындайтын арнайы мектепте білім алып, өнердің басқа да қыр - сырымен танысады.

Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев – қазақтың тұңғыш мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі, ұстаз, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көпшілік қауым жақсы тани бермейтін азамат тарихи тұлғалардың мүсіндерін сомдауда зор табыстарға жеткен. Әр тұлғаның бейнесін, жан дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылды. Осы салада қажырлы еңбек еткен, жан - жақты зерттеулер жүргізген мүсіншінің өмір жолы өнегелі істерге толы.

Кейіннен 1943 жылы Алматының көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Осы училище қабырғасында жүргенде Хакімжан Наурызбаев Украин суретшісі Ольга Николаевна Кудрявцеваның шеберханасында сабақ алады. Сол кісінің кеңесімен 1945 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсін факультетіне оқуға түседі. Хакімжан Есмаханұлы ұстазының өзіне деген қамқорлығына қатты риза болғандығы жөнінде: «Ольга Николаевнаның туындыларымды мұқият талдап, құнды кеңес берген хаттарын ардақты ескерткіш ретінде аялап сақтап жүрмін», - деп сүйсіне еске алады. О. Н. Кудрявцеваның басшылығымен жұмыс істеп жүрген кезінде «Көкпар», «Бүркітші жігіт», «Жеңімпазды қарсы алу» т. б. композицияларын жасайды.

1951 жылы институтты бітірген Хакімжан Наурызбаев отанына оралады. Мүсінші маманның творчестволық жолы Алматы қаласында басталады. ХХ ғасырдың 50 - жылдарынан бастап өмірінің ақырына дейін еліміздің мәдениетіне өз үлесін қосып, табиғат дарытқан қасиетті өнері арқылы туған жұртына қалтқысыз еңбек етті. Х. Наурызбаевтың алтын қолдарынан дүниеге келген бірнеше мүсіндерге тоқталып өткеніміз жөн болар.

Абай ескерткіші. ХХ ғасырдың 60 - жылдары бой көтерген Абай ескерткіші Алматының ең көрікті көшелерінің бірі Абай даңғылында орналасқан.Көктөбежотасынантүсіпкележатыпұлыақынныңөзінетәнмінезін, сабырлыжүзін, ашықажарын, ақылды, ойлыжүзін, жандүниесініңтереңдігін, руханибайлығынкөреаласыз.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
спросил от Sania в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов