2.1. Жылыжай –сапалы әрі мол өнім алу
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жолында
жылыжай өндірісінің маңызы зор.
Жылыжай - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және
басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған,
жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс.Көшетханағақарағандақұралымы, жылытужүйесікүрделіреккеледі.
Жылыжайдатәулік бойына температура мен ылғалдылықтың
ауытқуы шамалы болатын белгілі бірмикроклиматсақталады.
Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады.Жылыжайкүн сәулесімен,
биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық
су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе
фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа
арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс
материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір
еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады,
оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын
ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен)
пайдаланады.Жылыжайдақылдарын тікелей топыраққа
отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді.
2.2. Бақша
дақылдары – адам қажетін өтейтін бағалы өсімдіктер
Бақша дақылдары –бір жылдық шөптесін өсімдіктер
тобы. Тропиктік және субтропиктік
аймақтардан шыққан. Қазақстанның солтүстік облыстарынан өзге барлық аймақтарда
өсіріледі. Бақша дақылдары – бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік,
сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша
жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик.
қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі
және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға
көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз
балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт,
қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық
құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі,
өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары
(98 – 100%), ұзақ (8 – 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты
жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады.
Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып
келеді. Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі.
Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды,
жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының
өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 – 17°С, қауынға 14 – 16°С және асқабаққа 10 – 13°С
температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу
алдында егістікті суғарады. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды.
Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі.
Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ
ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас,
т.б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық
шаралар қолданылады.Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының жаңа сорттары. Ендеше
солар жайлы мәлімет айта кетейін.
Жаңапіскенкөкөністер
– диеталықжәне
аз калориялыазық‑түлік.
Олардыүнеміпайдалану
ас қорытупроцесінжақсартадыжәнеқалыпқакелтіреді.
Жаңапіскенкөкөністердіңқұндылығы ең алдымен ағзаүшін
аса қажет С, Р жәнебасқа
да дәрумендердіңболуына байланысты.
Әсіресе, бұндай дәрумендерге, сондай‑ақ каротиндерге жас жапырақтар
мен татымды‑дәмді көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті
деңгейде тек жаз бен күз басында ғана пайдаланылады. Қыс пен көктемде және жаз басында
көкөністерге яғнидәрумендерге деген қажеттілікті ішінара бөлмедегі «бақша»
алмастыра алады. Тұрғын үйде көкөністер өсіру – бұл ерекше шығынды талап етпейтін,
жыл бойы табыс әкелетін отбасылық бизнес үшін керемет идея. Бұл бизнестің тағы бір
пайдасы балалардың әуестігі мен байқағыштығын дамытады, өсімдіктер өмірін жақсы
білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді және бөлме өсімдіктерінің
басым бөлігімен жақсы үйлеседі.
2.3. Бөлме
өсімдіктерін биологиялық әдістермен
өсіру
Технология. Көкөніс
өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты
тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру
арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін
өсіруге де болады.
Көкөніс өсімдіктерінің түрлері.
Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға
болады:
– жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.
– пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.
– қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.
– біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица,
кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.
– татымды‑дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.
– тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей,
аспаздық қызылша, мангольд.
– көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, пияз-батун және шнитт, сондай‑ақ татымды‑дәмді көпжылдықтар:
эстрагон, бұрышты жалбыз, қысқы жебір,
фенхель, зере.
Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау
олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі:
1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу
арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин
қырыққабаты), сондай‑ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;
2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта
отырғызып, әрі қарай аяғына дейін
өсіретін көкөніс дақылдары;
3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер –
қояншөп, рауғаш, салат цикориясы.
Тұрғын үйдің бір жерінен
қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына
ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір
орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі
орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта
егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат
жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б.
қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін
(15-40 күн шамасында) анықтайды.
Барлық жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын
жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға
орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын
пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда
5-6 ай (сәуір – қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және
күзде (қазан, қараша) өсіреді.