Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Атырау қаласы

Еркінқала орта мектебі

Еркінқала орта мектебінің 3 «Г» сынып оқушысы Исатай Армангүлдің «Цитрусты өсімдіктерді үй жағдайында өсіру» тақырыбында жазған жұмысына

Пікір

Бүгінгі таңда азық-түлік проблемаларын басшылыққа ала отырып, оқушы өзінің жұмысында цитрусты өсімдіктерді үй жағдайында өсіру және оның адам ағзасы үшін пайдалы екендігін жазып көрсеткен. Оқушы өз жұмысында апельсинді үй жағдайында қалай өсіруге болатынын және өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды анықтау арқылы жұмыстың мазмұнын аша түскен. Апельсиннің тұрмыста қолданылуы, денсаулыққа пайдалы жеміс екендігін оқушы өз жобасында айқын көрсетіп жазған.

Секция жетекшісі: Еркінқала орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі В.Н.Келдібаева

Еркінқала орта мектебінің

директоры: Б.Д.Қисметов

Исатай Армангүл

3 «Г» сынып

Цитрусты өсімдіктерді үй жағдайында өсіру

Секциясы: Биология

Бағыты: Жаратылыстану

Жетекшісі: Келдібаева В.Н.

I санатты бастауыш

сынып мұғалімі

Атырау – 2017жыл

Аннотация

Зерттеу мақсаты:

Цитрус өсімдіктерімен тәжірибе жүзінде жұмыс жасап, жақын танысу;
Ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысуды үйрену.


Гипотезасы:

Цитрус өсімдігін яғни апельсинді үй жағдайында өсіру тиімді ме?

Зерттеу рәсімі:

1. Кезеңдері:

Цитрусты өсімдік түрлерімен, таралу аймағымен, әлемдік маңызымен танысу.

Цитрусты өсімдіктердің маңызы туралы материалдар жинақтау, қорытынды жасау.

Цитрус өсімдікті үй жағдайында өсіру

2. Эксперименттік әдістемесі:

1. Дәнді жинап кептіру

2. Топыраққа көму, мезгілінде су құю.

3. Қосымша мәліметтер жинақтау.

3. Зерттеудің жаңалығы:

Апельсин дәннен көктейді, жапырақтары жылтыр қою жасыл түсті болып өседі.Қыс мезгілінде бөлме температурасына өсуі баяулайды.

4. Жұмыстың нәтижесінің қорытындысы:

Дәннің өсуін бақылай отырып, оның өсу процесі аяғына дейін жүру үшін дұрыс табиғи орта керектігі, күн сәулесі, қоректік заттардың жеткілікті болуына, құнарлы топырақтың, судың қажет екендігіне көз жеткізу. Іздену жұмыстарының нәтижесінде өз ісінің маманы болу, көздеген мақсатқа қол жеткізе білуге дағдылану, цитрус өсімдіктерін үйде өсіруге тәжірибе жасау.

Аннотация

Цель исследования:

Работая с цитрусовыми растениями, поближе познокомиться с ними. Научиться работать с научными исследованиями.

Гипотеза:

Возможно ли разведение цитруса (апельсина) в домашних условиях?

Пути исследования:

1 Периоды:

Познакомиться с видами цитруса, е его распространением и мировым значением.

Собрать материалы о свойствах цитруса и закрепить её.

Разведение цитруса в домашних условиях.

2 Методы эксперимента:

Собрать семена и высушить их.

Посадить её и вовремя поливать водой.

Собрать дополнительные материалы.

3 Новости исследования:

Апельсин выращивается у семян, листья у него жёлто – блестящего цвета. Зимой, при комнатный температуре растут очень медленно.

4 Закрепление результаты работ:

Наблюдая за ростом семян, убедиться в необходимости растительной среды, солнечного луча, почвы и воды. В результате исследовательской работы нужно быть профессионалом своего дела, умения добиваться своей цели, выращивать цитрусовые растения в домашних условиях.

Мазмұны

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Цитрус өсімдіктері туралы мағлұмат.Апельсин

2. 2. Тұрмыста қолданылуы

2. 3. Цитрус өсімдіктерінің денсаулыққа пайдасы

2.4. Цитрус өсімдікті үй жағдайында өсіру.


ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Мен Исатай Армангүл боламын
Ғылым жолын қуамын.
Цитрус өсімдіктерін
Пайдалы деп ұғамын.
Дәрумен толы құрамы
Апельсин, лимон, мандарин
Маған қатты ұнады.
Зерттеп оның түрлерін
Көп мәлімет жиямын
Денсаулыққа пайдалы
Сіздерге де ұсынамын.

- Қандай жеміс жақсы көресің? – десе, бірі – алма, екіншісі – алмұрт дейді.
- Ал мен цитрус өсімдіктеріне жататын апельсин жемісін ұнатамын. Осы жобам арқылы оны дәлелдегім келеді.

Апельсин отаны – Оңтүстік Қытай. Ол туралы алғашқы деректер 2200 жыл бұрын хатқа түскен Қытай жазбаларында кездеседі. Онда апельсин мен мандариннің 27-ге жуық түрі көрсетілген екен. Жеміс Қытай жерінен Үндістанға, содан кейін Египетке таралады.Ғылым апельсиннің шығу тарихы туралы осылай деп сыр шертеді.

Еуропаға апельсин ХV ғасырларда ғана жетті.Оны 1429 жылы Үндістаннан жеткізген -саяхатшы Васко да Гама.

Көптеген халықтарда апельсин –ырыс пен ынтымақтың нышаны. Мәселен, қытайлық тұрғындар апельсин ағашы өсіп тұрған үйде бақыт пен береке патшалық құрады деп сенеді. Сондықтан олар өздерінің ең жақын адамдарына апельсин ағаштарын сыйға тартады.«Апельсин» сөзін неміс тілінен аударатын болсақ, «Қытай алмасы»деген мағынаны білдіреді.

Апельсин–руталар тұқымдасыныңцитрустуысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Апельсин – жемісі тәтті қышқыл, жапырағы жылтыр қабықты ағаш тәрізді өсімдік. Басқа цитрустар сияқты апельсинде жарық күнді, ылғалды ауаны ұнатады. Жерорта теңізі, Түркіменстан, Иран секілді мемлекеттерде жеміс ағашы санатында аулада өсіріледі. Ауа температурасы -50С-дейінгі төменгі суыққа шыдай алады. Жемісті мол салатынымен ерекше. Табиғатта 8-10м биіктікке жетіп, 4 метрге жайылып өседі.Үй жағдайында 1,5-2,5м биіктікте өседі. Өте жай өсетіндіктен, қанша уақыт өтсе де пішінін бұзбайтындықтан, үй жағдайында сәндік мақсатта өсіреді. Апельсин жылына бір рет наурыз айында гүлдейді. Гүлдері ақ түсті, бес күлтелі, керемет хош иісті. Гүлдеп болған соң түйін салып, жеміс береді. Бірақ, жемісін қараша айының екінші жартысынан наурыз айына дейінгі аралықта жинайды. Үй жағдайында өсетін апельсиндер дұрыс күтім көрсетілсе ғана гүлдеп, жеміс береді. Ыдыста өсірілген апельсинді жыл сайын күзде ыдысын ауыстырып, қайта отырғызу керек. Өсімдіктің жас көшеті 7-8 жылдан соң ғана жеміс береді.

Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар.

Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сұрпына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әртүрлі болып келеді. Тәтті,шырынды. Жемісінің орташа салмағы 50-400г, құрамында 75-88%су, 8-9%қант, 1.06-1.97%қышқыл, 70мг Свитамині, 0.9% илік заттар болады. Өсу жағдайына байланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25т өнім алынады. Апельсин тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда, ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады.

Ащы апельсиннің биіктігі аласа6-8м болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұзындығы 6-8см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам,кондитержәнеиіс суөнеркәсібінде қолданылады.

Апельсин – жылусүйгіш өсімдік. -5ºС температурасында жапырақтары түсе бастайды, ал -8ºС, - 9ºС-ге жеткенде, ағаш өліп қалады. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15 шақты жаңа сұрыптары шығып жатады.

Апельсиннің сұрыптары 3 топқа бөлінеді: кәдімгі — қабығы қызғылт сары, жемісі ашық қызғылт сары; королектер— ашық қызғылт сары қабықты, қызыл немесе қызыл тамырлыжемісті; сабақты — жоғары жағында негізгі жемістің қабығынан сәл шығыңқы жетілген жемісі бар. Кәдімгі апельсиннің қанты мол,жемісішырынды.КСРО-да мынадай сұрыптары өсіріледі: Королек 100,ВашингтонНавел, Тладкокорый (Вашингтон Навел гладкокорый), Первенец.

Цитрус өсімдіктерін өндіруші елдер: Бразилия, АҚШ, Мексика Үндістан, Қытай, Испания, Италия, Иран, Мысыр, Пәкістан

Тұрмыста қолданылуы

Цитрус өсімдіктері шырын мен тағам түрінде ғана емес, тұрмыста да көп қолданылады. Түрлі үй тазалауға, ыдыс жууға, ауаны хош иістендіруге арналған заттарға қосылады. Адам гигиенасына арналған заттардағы цитрус өсімдіктерінің қоспалары денсаулыққа пайдалы.
Тұрмыстық заттарға қосылуы: иіс сабын,кір жуғыш ұнтақ, сусабын, тіс пастасы, иіс су, ылғалдандырғыш сүлгі, хош иістендіргіш, тазалағыш заттар, хош иісті кір шайғыш, жақпа майлар т.б.

Сонымен қатар апельсинды күнделікті тұрмыста көп қолданамыз. Салат түрлеріне, шырын жасауға, тосап қайнатуға пайдаланамыз.Мен үйде анаммен бірігіп апельсин шырынын үнемі жасап ішемін. Дайындау тәсілі: 2 дана апельсинді мұздатқышта сәл мұздатып сонан ет тартқыштан өткізімізде лимон қышқылын, секер және 2 литр су құямыз. Барлығын араластырып 45 минутқа қойып сүзіп аламыз. Осымен шырын дайын.Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйін көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол.Апельсин жемісінің қабығывитаминге аса бай, бірақ ашқылтым дәмі бар. Жемісін жаңа піскен күйінде пайдаланады, одан қайнатпа, компот, цукат жасайды.Апельсиннің қабығын кептіріп анам үйде цукат жасайды. Әкем осы апельсин цукатымен шай ішеді.
Цитрус өсімдіктерінің денсаулыққа пайдасы (апельсин)
Апельсиндерде С дәрумені көп. Сондай-ақ ол фолий қышқылына да бай. Жуырда ғалымдар Р450 цитохромның кейбір энзимдерін басатын цитрустардың бірнеше биофлавоноидтерін анықтады. Энзимдердің бірі Р450 - 1В1 цитохромы ағзада темекінің түтінін, пестицид пен басқа да заттарды белсенді етуі мүмкін, соның нәтижесінде олар канцерогендерге айналады. Апельсин шырынында көп болатын хеспетерин, биофлавоноидтер Р450 - 1В1 –ң проканцерогендермен метаболизациясын азайтады, бұл олардың канцерогендерге айналу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Апельсин құрамында А, С,В1, В2, РР дәрумендері, магний, фосфор, натрий, калий, кальций және темір сынды микроэлементтер бар. 150 грамм апельсин құрамында 80 мг аскорбин қышқылы кездеседі.

Апельсин - адам ағзасына, әсіресе жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесіне аса қажет жеміс. Апельсин шырыны ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады. Қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға апельсинмен, оның шырынымен айнымас дос болуға кеңес берер едім. Авитаминоз, шаршап-шалдығу кезінде де осы жемістің көмегіне жүгінсеңіз, өкінбейсіз.Жеміс адамның тәбетін ашып, безгекке ұшырағанның ыстығын алады.

Цитрус өсімдіктері адам ағзасында кездесетін түрлі ауруларға емдік дәрі-дәрмектер ретінде көп пайдаланылады. Соңғы кездегі халық медицинасы осы өсімдіктердің қасиеттеріне көп сүйенеді. Суық тию, бас ауыру, бауыр, өкпе, жүрек, қан тамырлары, демікпе сияқты ауруларға арналған арнайы рецепттер бар.Апельсиннің құрамында аскорбин қышқылы мол болғандықтан ол қырқұлақтың бірден-бір емі. Шала піскен апельсинді қабығымен суда қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде қолданады. Күніне бірнеше апельсин жеп тұмаудың алдын алуға, ішек қызметін жақсартуға болады. Апельсин қабығын езіп, дене қалтырағанда қолданады. Ондайда күніне 3 рет жарты шай қасықтан тамақтан 30 минут бұрын жейді.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Апельсинді қалай таңдаймын?

Апельсин таңдаудың ең тиімді жолы –оны қолмен ұстап көру.Апельсин неғұрлым ауыр болса, соншалықтышырынды әрі дәмді болмақ. Сондай-ақ, орташа жемістер үлкендеріне қарағандатәттірекболатындығын есіңізден шығарып алмаңыз. Қарашаның соңы мен желтоқсанның басында жиналған апельсиндер ең сапалы әрі ұзақ уақытқа жақсы сақталады.

Цитрус өсімдікті үй жағдайында өсіру. (апельсин)

Зерттеу кезінде

Бөлме жемістерінің басты күтімі туралы мәлімет жинап алдым. Цитрус ағаштары үй жағдайында өздігінен жапырақ түсіреді. Бұл жағдай ас, қонақ бөлмелеріндегі жеміс ағаштарының жанына алма, алмұрт қойылса жиі болады. Себебі, дәнді жемістерден этилен бөлініп шығып цитрустарға кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан цитрустардың жапырақтары түгелімен түсіп қалуы да мүмкін. Ал, кейде апельсинді гүлдетіп жеміс беруі үшін апельсин ыдысының жанына екі дана алманы қойып, сыртын полиэтиленмен жауып қойса, өсімдік алмадан бөлінген этиленнің көмегімен жеміс салады. Осылайша үйде өсірілетін жемістер үшін алманың оң, кейде кері әсері бар. Бөлмедегі ауа температурасы 100С төмен болған жағдайда цитрус ағаштарының жапырақтары, жемістері түсіп қалады.Қыс кезінде ауа температурасы олар үшін 12-180С-тан аспау керек. Цитрустардың гүлдері жыл бойы қалыптасады, әсіресе көктемде тез гүлдейді. Гүл түйнегі пайда болған соң бір ай бойы жетіледі, сосын гүл ашады. Гүлдері нәзік хош иісті болады. Түйнек салу мен гүлдеу үшін қалыпты температура +16…+18°С.
Цитрус өсімдіктердің құрамында 0,9% пайыз илік, 75-88 пайыз су, 70мг дәрумен, 1,06-1,97 пайыз қышқыл, 8-9 пайыз қант бар.
Жемістерінің түстері қызғылт сары және сары болады.
Біздер жанұямызда апельсин жемісін жиі пайдаланатындықтан осы апельсин жемісін үй жағдайында өсіріп көрсем қалай болар екен деген қызығушылығымнан осы жобамды бастадым. Ең алдымен жеміс-жидек сатылатын дүкен сатушыларынынан сұрастырып көрдім. Олар тек сатып алып сататын болғандықтан адамға пайдасы мол дегеннен басқа мағлұмат берген жоқ. Сонан соң интернет желілерінен қарап үй жағдайында өсіруге болатынын білдім. Бір апельсинді жеп ішінен шыққан дәнін қарап отырып біреуін шағып көрдім, ішінде жұмсақ ақ дәні бар екен, дәмі сәл қышқыл. Қалған дәндерді кептіріп қойдым.

Келесі күні дәндерді сүйір жағын топыраққа 1-2 см тереңдікте көмдім. Бұл жұмысты бастаған күнім 12 қазан 2014жыл кешкі сағат 18.25 болатын.

15 күннен соң тұқыммен бірге өскін көріне бастады. Өскін бетіне шыққаннан кейін 2-3 күн өткен соң сабақ пайда болды. Арасына 4 күн салып су құйып тұрдым.

Бір айдан соң сабағы 6-7 см-ге жетті. Содан кейін бір-бірлеп жылтыр жасыл жапырақтар шыға бастады.4 күн сайын су құйып, өсімдіктің өсуіне жағдай жасап отырдым.

12 желтоқсан күні жылтыр жапырағын өлшеп қарадым. Сабағының ұзындығы 13 см-ге өсіпті. Жұмысымның нәтижесіне көңілім толып апельсин жапырағына қарап отырып әңгімелесемін, ән саламын. Сол кездердің бірінде

Сіңірген күн жарығын,

Аумайтұғын сары күн .

Эфир майы бар онда,

Дәрі дейді қабығын.

Қабығын да аршыдым,

Дәмі қандай бал шырын.

Екінші аты бар оның:

«Алмасы Қытай» халқының деп өсіріп отырған апельсинге тақпақта айтып қоямын. «Гүлдермен сырлассаң жақсы өседі» деп анам айтушы еді.

Үшінші айда сабағының ұзындығы 16 см-ге жетті. Қыс мезгілі болғандықтан апельсиннің өсуі баяулай бастады. Себебі қыс мезгілінде үйге жылу берілгендіктен үйдің ауасы құрғақ болып кетеді. Осыған байланысты үй жағдайында өсетін апельсиндердің өсуі баяулайды. Бірақ күн жылына апельсиннің өсу қарқыны өзгерді. Күннен – күнге көз тартатын әдемі жылтыр жасыл жапырақтары көбейіп келеді. Қазіргі кезде биіктігі 24 см-ге жетті.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Міне менің зерттеу жұмысым. Бұдан өзіме түйгенім қай бастама жасасаңда әуелі эксперимент жасау керектігіне көзім жетті.

Қорытынды
Осы ғылыми жоба бойынша жұмыс істеу кезінде мен цитрус өсімдіктері туралы көп білдім. Бұл өсімдіктерді үйде де өсіруге болады екен.Апельсинді өсіру кезінде көп мәліметтермен таныстым. Бұрын тек жеуді білген апельсинімнен әртүрлі нәрселер жасауға да тамаққа да, емдік шараларға да қолданатынын ұқтым. Интернет желісі арқылы ақыл-кеңестер, газет-журналдардан мағлұматтар жинадым. Қандай дәрумендер мен қоректендіруді үйрендім. Қазіргі таңда осы бағытта өсіріп жатырмын. Жақын арада жеміс бермесе де болашақта осы жоспарыммен баптап күтсем жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.

Мен өскенде бұл жұмыстардың шебері болғым келеді. Бұл жұмыс мені көп ізденуге, шыдамдылыққа, алға қойған мақсатыма жетуге үйретті.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Биолгия оқулығы
2. Журнал «Добрые советы»
3. «ЗОЖ» газеті
4. «Айгөлек» журналынан ақпараттар (авторлар: Р.Әлімқұлқызы, Б.Дүйсебайқызы, Е.Тұрбекқызы)
5. Интернет материалдарынан мәтіндер, суреттер.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ