Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов

Аннотация

Жұмыстың тақырыбы: Жылыжай жағдайында бақша дақылдарын өсіруде биологиялық әдістерді қолдану.

Жұмыстың өзектілігі: Соңғы жылдары адамдар қолданатын тағамдарының экологиялық таза болуына көңіл аударуда.Бірақ экологиялық таза жемістер мен көкөністерді табу күн артқан сайын қиындап барады.Қолданып жүрген тағамдарымыздың қаншалықты таза екендігі ,олардың қандай жағдайда өсірілгендігі , құрамына қандай зиянды заттар сіңірілгендігі ешкімге белгісіз.Үлкен табысқа жету жолында кәсіпкерлер таза өнім алу экологиялық қағидаларын сақтауды ұмытып кетеді.Көп адамдар өзі тұтынатын өнімді үй жағдайында өсіруге кірісіп кетті.Олар бұл үшін арнайы жылыжайларды немесе көпқабатты үй тұрғындары өз балкондарын қолданады.Сондықтан жылыжай жағдайында әртүрлі өнім өндіру күн артқан сайын танымал болып келе жатыр.

Жұмыстың мақсаты:Жылыжай жағдайында бақша өнімдерін өсіру арқылы халыққа оның танымалдығын арттыру. Осы мақсатта үй жағдайында көкөніс өсіріп , оған акваруим суын қолдануды жөн көрдім. Оның экологиялық таза өнім алу үшін қаншалықты пайдалы екендігін. Оның құрамында бізге қажетті элементтердің пайызы қаншалықты екенін анықтау.

Жұмыстың міндеттері :

1. Қоршаған ортаға және адам ағзасына экологиялық ластанған өнімдердің қаншалықты зиян екендігіне әдеби шолу жасау.

2. Халық арасында жылыжай жағдайында өсірілген өнімдердің қаншалықты пайдалы екендігін жөніндегі білім деңгейін айқындау.

3. Дала жағдайында сату жолында өндірілген өнімдермен жылыжай жағдайында экологиялық талапқа сай өсірілген өнімдерді өнімдермен салыстыру.

Зерттеу жұмысының әдістері: 1) әдеби шолу; 2)тәжірибе


Мазмұны

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жылыжай –сапалы әрі мол өнім алу

2.2. Бақша дақылдары – адам қажетін өтейтін бағалы өсімдіктер

2.3. Бөлме өсімдіктерін биологиялық әдістермен өсіру

2.4. Жапырақты көкөністерді өсірудің жолдары

2.5. Ауыл шаруашылығында химикаттармен ластанған бақша дақылдары

III. ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жасыл желек жердің сәні саялы,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды.

Мейіріммен жылуын арна жүректің,

Соған қоса алақан керек аялы.

Өсімдік – өмір тірегі,талас бар ма?

Тіршілік өсімдіксіз жарасқан ба?

Өсімдіктер жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі,оның дем берушісі.

Өсімдік әлеміне мұқият назар аударсам,соңғы жылдары адамдар қолданатын тағамдарының экологиялық таза болуына көңіл аударуда.Бірақ экологиялық таза жемістер мен көкөністерді табу күн артқан сайын қиындап барады.Қолданып жүрген тағамдарымыздың қаншалықты таза екендігі ,олардың қандай жағдайда өсірілгендігі , құрамына қандай зиянды заттар сіңірілгендігі ешкімге белгісіз.Үлкен табысқа жету жолында кәсіпкерлер таза өнім алу экологиялық қағидаларын сақтауды ұмытып кетеді.Көп адамдар өзі тұтынатын өнімді үй жағдайында өсіруге кірісіп кетті.Олар бұл үшін арнайы жылыжайларды немесе көпқабатты үй тұрғындары өз балкондарын қолданады.Сондықтан жылыжай жағдайында әртүрлі өнім өндіру күн артқан сайын танымал болып келе жатыр.Жылыжайларды дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігіне көзіміз жеткен сияқты. Өзіміздің жерімізде бақша піскенше өзгеге мойын созатынымыз базар бағасын қымбаттата түсетіні де ақиқат. Қыс бойы базар сөрелеріндегі қияр-қызанақ, аскөк, көк жуа секілділерді баға қымбатына қарамай сатып алып жатып, өзімізде қашан болады екен деген сұрақтың қайсыбір кісінің көкейіне ұялайтыны шындық. Көршілес елдердің өзі көктем басталса, «көктеп, көгеріп» шыға келетініне қызыға қарайтын, тіпті, қызанақ, қиярлардың да аузымызға кештетіп барып тиетінін осы күнге дейін мәселе етіп айтып келеміз. Көктем болса да, халықты көкөніспен қамтуға жылыжайдың ықпалы мол болатыны сөзсіз.Осындай мақсатты ұстана отырып,жылыжай өндірісінің дамуына өз үлесімді қоспақпын. Аумағы 3 соттық жылыжайда қияр мен қызанақты жыл алмасып кезекпен өсіруге болады. Мәселен, биыл қызанақ өсіруге басымдылық берілсе, ендігі жылы қиярды молынан өсіру керек.. Оларды ерекше ықыласпен баптап, күте білмесең, өнім ала алмайсың. Бір сәт назардан тыс қалдыруға болмайды. Қыс бойы жердегі барлық тіршілік иелері жылы жерді іздейтіні белгілі. Яғни, қыс күндері жылыжайды паналағысы келген құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жыландармен күресуге тура келеді. Мұнан бөлек қыс суығында жылыжай температурасын бірқалыпты ұстап, өнімді тоңдырып алмау үлкен еңбекті қажет етеді. Әрине, жылыжайды жылумен қамтамасыз ету үшін бұл жай ғана мәселе емес екені белгілі. Көкөніске қажетті жылылықты бірқалыпты сақтау қажет. Мұнан бөлек, көкөністің өз деңгейінде өсіп, өнім беруі үшін 17 сағат күннің энергиясы қажеттігін назарда ұстаңыз. Қыс мезгілінде тұманды күндер бола қалса, арнайы лампа қосуға тура келеді. Суық күндері бір күнде 50 литр жанармай жағуға тура келсе, (егер жылыжай жанар маймен жылытылатын болса) күн жылына келе 20-30 литрді қажет етеді. Сондай-ақ көкөністі уақытылы суару, тыңайтқыш беру секілді көзге көрінбейтін, күтіп-баптау тіршілігі аз емес. Жылыжайда көкөніс егу жұмысын сәуір айында бастасаңыз, небәрі наурыз айының ортасына қарай өнім береді. Жаздың шілдесіне дейін жалғасатын науқан барысында аядай жылыжайдан 1,5 тоннаға жуық өнім алуға болады. Сала мамандарының айтуынша, осындай 3 соттық жерге жылыжай салу үшін құрал-саймандары бар, орнатып беру жағы бар, қысқасы анау-мынау шығындарды қосқанда 300 мыңнан аса қаржы жұмсалатын көрінеді. Өнім мол болса, кеткен шығынды бір жылдың ішінде өтеп алуға болады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2.1. Жылыжай –сапалы әрі мол өнім алу

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жолында жылыжай өндірісінің маңызы зор.

Жылыжай - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс.Көшетханағақарағандақұралымы, жылытужүйесікүрделіреккеледі.

Жылыжайдатәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бірмикроклиматсақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады.Жылыжайкүн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады.Жылыжайдақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді.

2.2. Бақша дақылдары – адам қажетін өтейтін бағалы өсімдіктер

Бақша дақылдары –бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Тропиктік және субтропиктік аймақтардан шыққан. Қазақстанның солтүстік облыстарынан өзге барлық аймақтарда өсіріледі. Бақша дақылдары – бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік, сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик. қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт, қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі, өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары (98 – 100%), ұзақ (8 – 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып келеді. Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі. Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды, жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 – 17°С, қауынға 14 – 16°С және асқабаққа 10 – 13°С температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу алдында егістікті суғарады. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды. Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі. Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас, т.б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының жаңа сорттары. Ендеше солар жайлы мәлімет айта кетейін.

Жаңапіскенкөкөністер – диеталықжәне аз калориялыазық‑түлік. Олардыүнеміпайдалану ас қорытупроцесінжақсартадыжәнеқалыпқакелтіреді. Жаңапіскенкөкөністердіңқұндылығы ең алдымен ағзаүшін аса қажет С, Р жәнебасқа да дәрумендердіңболуына байланысты.

Әсіресе, бұндай дәрумендерге, сондай‑ақ каротиндерге жас жапырақтар мен татымды‑дәмді көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті деңгейде тек жаз бен күз басында ғана пайдаланылады. Қыс пен көктемде және жаз басында көкөністерге яғнидәрумендерге деген қажеттілікті ішінара бөлмедегі «бақша» алмастыра алады. Тұрғын үйде көкөністер өсіру – бұл ерекше шығынды талап етпейтін, жыл бойы табыс әкелетін отбасылық бизнес үшін керемет идея. Бұл бизнестің тағы бір пайдасы балалардың әуестігі мен байқағыштығын дамытады, өсімдіктер өмірін жақсы білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді және бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлеседі.

2.3. Бөлме өсімдіктерін биологиялық әдістермен өсіру

Технология. Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:

– жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.

– пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.

– қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.

– біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.

– татымды‑дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.

– тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.

– көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, пияз-батун және шнитт, сондай‑ақ татымды‑дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз, қысқы жебір, фенхель, зере.

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай‑ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып, әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат цикориясы.

Тұрғын үйдің бір жерінен қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б. қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін (15-40 күн шамасында) анықтайды.

Барлық жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай (сәуір – қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, қараша) өсіреді.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ең қиыны – күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін жарықтандыру. Бұл кезеңде жасанды жарықтандыру арқылы өсіруге болады.

Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – жәшік. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см‑ге дейін болатын тақтайшалардан жасайды. Жәшіктің ең қолайлы ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және балконға ұзыннан ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см болатын екі тесік жасайды. Жәшіктің түбіне ол тұғырықта нығыз тұруы үшін көлденең тақтайшалар қағады. Тұғырықты жәшікке қарағанда 2-3 см кең әрі ұзын жасайды. Жәшікті балкон қоршауымен бекітеді, терезе алдына, үстелге, тіреуге қояды, контейнерге іледі.

Жапырақты көкөністер Көкөністердің бүл тобына көптеген жапырақты өсімдіктер (жабайы түрлері де) жатады. Негізінен бүл өсімдіктер адам организміне өте қажет биологиялық активті заттардың қайнар көзі болып табылады. Олардың құрамында органикалық қышқылдар, ферменттер, қанттың көптеген түрлері, темір, натрий, калий, фосфор тұздары бар. Жапырақты көкөністердің вегетативтік органдары сүтті шырын бөліп шығарады. Ал бүл шырындар гликозид, лактуцин деген емдік қасиеті бар заттарға бай, сондай-ақ түрлі белоктық заттар, алкалоидтар, шайырлық заттар мен эфир майлары бар. Жапырақты көкөністердің негізін салат жапырақтары құрайды. Салаттың жапырақты салат, қауданды салат, қояншөп салаты, салат-ромэн, эндивий, эскариол, салат шашыратқысы, кресс-салат секілді көптеген түрлері бар. Бұлар негізінен салат тағамдарын жасауға қолданылады, яғни шикілей жеуге болады. Жапырақты көкөністерге кәдімгі қырыққабат, мангольд, қояншоп, артишок, қымыздық, саумалдық, рауғаш сияқты өте құнды мәдени өсімдіктер жатады.

Саумалдықтың жабайы өсетін түрлері Орта Азия мен Закавказьеде, Иранда кездеседі. Бақшалық саумалдық Ертедегі парсы елінен шыққан. Бүл елден Қытайға, бүкіл Азияға тарайды. Орта ғасырдағы Еуропаға саумалдық арабтардан тараған. Оны испан монахтары қатты ұнатып, өздерінің бақтарында өсірген. Еуропада XVI-XVII ғасырларда саумалдық дәндерінен жасалған ұннан пісірілген нан ерекше тағам болып саналған. Ол кездегі аспаздар тағамға ашық жасыл түс беретін саумалдық шырынымен балмұздақты, түрлі тұздықтарды, тәтті кремдерді бояйтын болған. Ерекше түрі — жаңа Зеландиялық саумалдық. Жемістерінің пішініне байланысты ботаникалық атауы тетрагония деп аталады. Тұщы дәмді саумалдық өте пайдалы көкөністер қатарына жатады. Әсіресе оның ерте көктемде шығатын балауса жапырақтарының организм үшін пайдасы зор. Саумалдықтың 10 граммында 774 мг калий, 3 мг темір, 82 мг магний, 106 мг кальций тұздары және 55 мг С витамині, қымыздық қышқылы болады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2.4. Жапырақты көкөністерді өсірудің жолдары

Мен бақша дақылдарының жапырақты көкөністерінің бір түрін зерттедім.Бөлме өсімдігін шыны ыдыстағы балық суымен өсірдім.Бірнеше айлар бойы бақылап нәтижесін көрдім.

Жапырақты көкөністердің бірі — салат жапырағы. Салат итальян сөзі, тағам деген ұғымды білдіреді. Түз, сірке суы, өсімдік майы қосылып салаттық көкөністерден жасалатын тағам түрін итальяндар салат деп атаған. Өте ертеден өсіріліп келе жатқан салат өсімдігі латук болып есептеледі. Оның жабайы түрлері Еуропада, Азияда, Америкада, Африкада кездеседі. Латуктың қою ақ шырыны сүтке ұқсағандықтан (латынша "лак") ол латук деп аталған да, ал шырыны "құс сүті" делінеді. Латуктың бір түрі — кресс-салат жабайы түрде де кездеседі. Оны бақшада, жылыжайда жыл бойына өсіруге болады. Салаттың қай түрі болмасын, әсіресе латук калий, кальций тұздарына (100 граммында 220 мг калий, 77 мг кальций) бай. Сондай-ақ латук құрамында қымыздық қышқылы (100 граммында 33 мг), В тобындағы витаминдер, цурин қышқылы болады. Латуктың қою жасыл түрінде каротин мен аскорбин қышқылы бар. Қымыздықтың жабайы түрлері қоңыр-салқын аймақтарда көп кездеседі. Біздің елімізде қымыздықтың қышқыл түрі көп өсіріледі. Одан ерте көктемде, жазда қышқыл дәмді жасыл сорпа жасауға болады. Ал қыста оның консервіленген түрін пайдаланады. Қымыздықта да минералдық тұздар көп. Мысалы, оның 100 граммында 500 миллиграмға дейін калий тұзы, көп мөлшерде С витамині, каротин болады. Ал оның қышқыл дәмі құрамында қымыздық қышқылы бар екенін көрсетеді. Қымыздық қышқылы организмде асқазан асты безінің секреция бөлуіне күшті өсер етеді, ішек қызметін жақсартады.

Салат жапырағы құнарлы ортада бәрінен жақсы өседі. Ішіне сұйық толтырылған жеңіл плита-табанға түпті отырғызады. Түрі қоңырқай көрінгенімен иісі жағымды. Құрамында ауырып қалудан сақтайтын әрі қажетті дәрумендерге толы барлық микроорганизмдері бар. Құнарлы сұйыққа ауа жіберіп тұрады да, салаттың тамыры тиісті оттегімен байытылады. Жылыжайдың салат бөлімінде уақ-уақ сүзгіштен өтіп тұратын, құнарлы ортамен қамтылған 20 бассейні бар. Сұйықтық үлкен ыдыстан таратылады. Ең үлкен ыдысқа 510 текшеметр сұйықтық сыяды. Соның ішінде байыту процесі жүреді. Арнайы бөліктерінен қажетіне қарай түрлі сұйықтық ортақ қоймаға жіберіліп тұрады. Сол жерде сумен араласып, тиісті концентрация түзіледі. Арасында насос қосылып, таратқыш құбыр арқылы сұйықтықты қуалап, субстратты дымдап, сұйығын кейін қарай сорып отырады. Салат жапырағын тура құнарлы ортада өсіретін болса, қызанақ пен қияр мәселесі оңайырақ. Мұнда гидропон жүйесінің жұмысын тамшуыр арқылы тамырды қоректендіреді. Ол тамырдың түбіне тура жалғанған. Кейін өнімнің молдығы да осыған байланысты.

Жылыту процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Шатырдағы қондырғыдан басталады да, сым жүйесімен ысытатын орта жылытқышпен жалғасады. Ең астында жылу беретін еден жүйесі жатыр. Орташа жылыту температурасы – 60°С. Суды жылыту мен оны жылыжай ішіне тарататын – қуатты газ қазандығы. Әмбебап қондырғы газбен де, сұйық отынмен де жұмыс істей береді. Жылыту күшінің қуаттылғы сондай, мұншама алып жылыжайға бір қазандық жетіп жатыр.

Жылыжайдың төбесі түгелдей ашылып-жабылады. Желдің бағытына қарай жармасын өзгертіп отырады. Сырттағы күннің райын шағын метеостанса арқылы біледі. Одан алған ақпаратты компьютерлік бағдарлама сараптайды да, қажетке орай тиісті механизмдерді іске қосады. Мысалы, өсімдікке ауа керек болса, ол терезелерді автоматты түрде ашады, сөйтіп, ашық күні жылыжайдың іші таза ауамен толтырылады. Ал тоқтаусыз айналып тұрған желдеткіштер ауаны бүкіл жылыжай ішіне жайып, микроклиматты қалыптастырады.

Қазір әлемнің түпкір-түпкірінде гидропоникті қолданады. Жерді қопсытпай, осындай жүйемен жеміс-көкөніс шаруашылығында жұмыс істеудің арқасында зиянкестер дегенің атымен құрып, өсімдік аурулары мүлдем жоғалады. Өйткені құнарлы орта үнемі сүзгіден өтіп, өзі жұмыс істейтін «ақылды бағдарлама» оның құрамын жоғары деңгейде пайдалануға жеткізіп отырады. Жылыжайдың арқасында жылдың қай мезгілінде болсын дәрумені мол жаңа піскен жеміс-жидегіңіз болады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

2.5. Ауыл шаруашылығында химикаттармен ластанған бақша дақылдары

Енді осындай дақылдарымызға зиян келтіретін зиянкестер туралы айта кетсек.Зиянкестер– адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.

Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.

Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі – Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді.

Өсімдік жемісі мен тұқымының зиянкестері – буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 – 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін.

Қорытынды

Соңғы жылдары адамдар қолданатын тағамдарының экологиялық таза болуына көңіл аударуда. Бірақ экологиялық таза жемістер мен көкөністерді табу күн артқан сайын қиындап барады. Қолданып жүрген тағамдарымыздың қаншалықты таза екендігі ,олардың қандай жағдайда өсірілгендігі , құрамына қандай зиянды заттар сіңірілгендігі ешкімге белгісіз. Үлкен табысқа жету жолында кәсіпкерлер таза өнім алу экологиялық қағидаларын сақтауды ұмытып кетеді. Көп адамдар өзі тұтынатын өнімді үй жағдайында өсіруге кірісіп кетті. Олар бұл үшін арнайы жылыжайларды немесе көпқабатты үй тұрғындары өз балкондарын қолданады. Сондықтан жылыжай жағдайында әртүрлі өнім өндіру күн артқан сайын танымал болып келе жатыр. Осы жағдай аясында мен ғылыми жобамды аквариум суын пайдалану арқылы бақша дақылдарын өсіруді қолға алдым. Бұл жердегі мақсатым кім – кімде болмасын сыртта өсірілген экологиялық лас бақша дақылдарынкөп қолданбай, сол өнімді өзіміз өндіріп , пайдасын көруге талпындыру. Оның өте қолайлы, тиімді тәсілдерін көрсетіп беру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Биология және салауатттылық негізі» №5 2009ж

www.vizitkazakhstan.kz

2.«Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Алматыкітап 2007ж

3.Әлімқұлова Р.Ә., Тартенова М.А Өсімдік – табиғат қазынасы.Алматы, Қайнар,

4. АНОШИН Н.А. Доращивания и выгонка овощных культур в гидропонных теплицах в условиях Ленинградской области: Автореф. дис. канд. с.х. наук. Ленинград - Пушкин, - 1971

5. АНТИПОВА О.В., СИБИРЯКОВА А.А. Технология тепличного производства. Гавриш -№3, 2003

6. АЛИЕВ С.А, КОНСТАНТИНОВА Н.И., ВЫШЕГУРОВ С.Х. и др. Физиологически активные вещества и их применение в сельском хозяйстве. Новосибирск.

7.Республикалық ғылыми –әдістемілік журнал«География,Биология,Экология орта мектепе»

8. БЕЛЯЕВА З.А. Пряновкусовые растения. -М.: Госпромиздат, 1946. -с. 48-51

9. БУРЕНИН В.И. Овощные культуры. -Л.: Лениздат» 1979. -с. 92-99

10. БООС Г.В. Свежие овощи осенью и зимой. -Л.: Лениздат, 1961.

11. БООС Г.В., КОМАРОВА Р.А. Биологические особенности некоторых зеленных культур при выгонке в зимних теплицах: Труды по прикладной ботанике, генетике и селекции. Т. УХ, вып. 1. -Л., 1968. -с. 235-242

12. Ю.БООС Г.В. Овощные культуры в закрытом грунте. -П.: Лениздат, 1968. -с. 227-230

13. БОРИСОВ В.А., КУЛИШ В.Ф. Урожайность и качество петрушки при рациональном использовании удобрения. Агрохимия, №5, 1991.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов