Мың теңге тұратын дәрі дәл
шарбағыңның түбінде өсіп тұр
Халық даналығы
І. Кіріспе.
Сабақта бір оқушы қатты жөтелді, мұғалім
қақырық түсіретін жолжелкен ішіп көрші деді. Жолжелкен не екен деп отырдым,
үзілісте мұғалімнен сұрадым . Өзін үйде жауап іздеп көр деді мұғалім. Содан осы
тақырыпқа қызығып, зерттеуді бастадым .
Қазақстанда
шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық
аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам
баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын
кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің
бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды
ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз
дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері
Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен,
ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеген . Дәрілік өсімдіктердің маңызы
бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері
бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен
қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы»
аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына
байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде
пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш
қолжазбалардан айқын көреміз.
.
4
Зерттеу мақсатым:
Жолжелкен өсімдігін зерттей отырып пайдасын
анықтау, профилактикалық құрал ретінде қолдану және насихаттау.
Негізгі болжамым:
Профилактикалық
құрал ретінде қолдану үшін фитошай даярлау, гербарий жасауды үйрену, бизнес
жоспар құрып, денсаулықты күтуге үйрену.
Әдістері ;
- Ғылыми
әдебиеттерге шолу жасау.
- Тәжірибиелер жүргізу.
- Бизнес жоспар құру.
Нәтижесі :
-
Жолжелкен
өсімдігіне жан-жақты сипаттама берілді.
-
Жолжелкен
өсімдігі денсаулыққа пайдалы екені дәлелденді , көрсетілді.
Жұмыстың кезеңдері:
1.кезең .2014 жылдың
қараша- желтоқсан айында ой пайда болды,
тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді. Жинақталған материалдар
іріктелді, жұмыстың бағыт-бағдары
айқындалып, жоспар құрылды.
2. кезең. Қаңтар,ақпан
2015 жылы жоспар бойынша ғылыми жағынан жұмыс жасалды.
3 .кезең.Наурыз-тамыз
айлары тәжирбиелік жұмыс жасалды.
4 .кезең. Қыркүйек айы жинақтау, жүйелеу, қорытынды
шығару.
5
IIТеориялық бөлім:
1.1.
Жолжелкен –жол – түбір, желкен- түбір . Екі түбір сөздерден бірігіп жаңа ұғымды тудыратын
жаңа сөз –жолжелкен.Жол-желкен құрамына енген сөздер ешбір өзгеріссіз,түбір
тұлғасыз сақтап тұр.
Жолжелкеннің
қай жерді өсетіні туралы атынан түсінікті, ол жолдың шетінде, алаңқайда ,қалта жерде және қоқысты
жерді өседі .Жолаушы серігі депте аталады. Сонымен қоса жолжелкенді өте ежелгі шөп болғандықтан «жолаушы көз жасы»
депте атайды.
Орысша жолжелкен атауы -подорожник
Ағылшынша жолжелкен -Psyllіostachys
І.2 Жолжелкен ғылыми жағынан :
Жолжелкен (Psyllіostachys) –
қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Жолжелкен - мамыр, маусым айында гүлдеп қыркүйек, қазан
айларында піседі.Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды,
құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке
масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см.
Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша
жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ,
қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына
топталған.
Республикамыздың барлық өңіріне, онын ішінде Үржар өңірінде кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік.
Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем
халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады.
Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен
жолжелкен. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын
пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.
Жолжелкен (Psyllіostachys) – құрамында әр түрлі витамин, белок, май,
қышқылдар мен тұздар мол. Жолжелкен жапырақтарында аукубин
глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин
қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы
гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан
тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе
туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы
тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан
қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.