Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ғылыми – тәжірибелік жоба.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы
«Крупская атындағы орта мектеп- балабақша» КММ

Тақырыбы: « Жолжелкеннің кереметі».


Жұмысты орындаған : 4-сынып оқушысы Ерланқызы Керім

Бағыты: биология

Жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Шынгысбаева Гульсум Дюсембаевна.
Үржар ауданы, Үржар ауылы,2015 жыл.

Жобаға пікір беруші:п.ғ.к., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасының доценты м. а.Кулмышева Н.А.



Аннотация

Зерттеу жұмыста Қазақстан өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі. Біздің жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы барысында жолжелкен өсімдігінің қандай ауруларға ем екендігі анықталды.

В ходе иследований установили ,что подорожник лекарственное растение. К тому же подорожник в народной медицине способствует избавлению от самых разных заболеваний. Это работа считается научно- практической и актуальной.

Мазмұны: бет

I. Кіріспе 4

a) Зерттеу мақсатым 5

ә) Негізгі болжамым: 5

б)Әдістері 5

в)нәтижесі 5

г) жұмыстың кезеңдері 5

II. Теориялық бөлім 6
1.1. Жолжелкен сөзінің мағынасы 6
1.2. Жолжелкеннің (ғылыми жағынан ) 7
1.3. Жолжелкеннің пайдасы 8

1.4.Жолжелкен бойынша ауа-райын болжау 9

III. Тәжірбиелік бөлім 10

1.5. Гербарий жасау 10-15

1.6. Табиғи фитошай даярлау 16

1.7.Емдеу жолым 17-19

1.8. Бизнес жоспар 20-21

IV. Зерттеудің нәтижесі 22

V. Қорытынды 23-25

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Мың теңге тұратын дәрі дәл
шарбағыңның түбінде өсіп тұр
Халық даналығы

І. Кіріспе.

Сабақта бір оқушы қатты жөтелді, мұғалім қақырық түсіретін жолжелкен ішіп көрші деді. Жолжелкен не екен деп отырдым, үзілісте мұғалімнен сұрадым . Өзін үйде жауап іздеп көр деді мұғалім. Содан осы тақырыпқа қызығып, зерттеуді бастадым .

Қазақстанда шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеген . Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.
.

4

Зерттеу мақсатым:
Жолжелкен өсімдігін зерттей отырып пайдасын анықтау, профилактикалық құрал ретінде қолдану және насихаттау.


Негізгі болжамым:

Профилактикалық құрал ретінде қолдану үшін фитошай даярлау, гербарий жасауды үйрену, бизнес жоспар құрып, денсаулықты күтуге үйрену.

Әдістері ;

- Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау.

- Тәжірибиелер жүргізу.

- Бизнес жоспар құру.

Нәтижесі :

- Жолжелкен өсімдігіне жан-жақты сипаттама берілді.

- Жолжелкен өсімдігі денсаулыққа пайдалы екені дәлелденді , көрсетілді.

Жұмыстың кезеңдері:

1.кезең .2014 жылдың қараша- желтоқсан айында ой пайда болды, тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді. Жинақталған материалдар іріктелді, жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып, жоспар құрылды.

2. кезең. Қаңтар,ақпан 2015 жылы жоспар бойынша ғылыми жағынан жұмыс жасалды.

3 .кезең.Наурыз-тамыз айлары тәжирбиелік жұмыс жасалды.

4 .кезең. Қыркүйек айы жинақтау, жүйелеу, қорытынды шығару.

5

IIТеориялық бөлім:

1.1. Жолжелкен –жол – түбір, желкен- түбір . Екі түбір сөздерден бірігіп жаңа ұғымды тудыратын жаңа сөз –жолжелкен.Жол-желкен құрамына енген сөздер ешбір өзгеріссіз,түбір тұлғасыз сақтап тұр.

Жолжелкеннің қай жерді өсетіні туралы атынан түсінікті, ол жолдың шетінде, алаңқайда ,қалта жерде және қоқысты жерді өседі .Жолаушы серігі депте аталады. Сонымен қоса жолжелкенді өте ежелгі шөп болғандықтан «жолаушы көз жасы» депте атайды.

Орысша жолжелкен атауы -подорожник

Ағылшынша жолжелкен -Psyllіostachys

І.2 Жолжелкен ғылыми жағынан :

Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.Жолжелкен - мамыр, маусым айында гүлдеп қыркүйек, қазан айларында піседі.Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған.
Республикамыздың барлық өңіріне, онын ішінде Үржар өңірінде кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады.
Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.
Жолжелкен (Psyllіostachys) – құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол. Жолжелкен жапырақтарында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

7

1.3 Жолжелкеннің пайдасы :

Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады.
Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанынын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған.
Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және ұнтақталған жапырақтың ұнтағын жараланған жерге қан біржола тоқтағанға дейін себеді. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде жапсырады. Сол сияқты жапырақтарынан сығылып алынған шырынын жәндіктер шаққан жерге және іріңді жараға жағады. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын күшейтеді. Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жолжелкеннің кептірелген жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын регенерациялауға көмек береді.
Жолжелкенді кәдімгі ақбас жусанмен, адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын (әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады.

8

1. 4 Жолжелкен бойынша ауа-райын болжау


Қазақтың табиғи ауа райын болжайтын аспан есепшілері көктем айларында жол жағасында өсіп тұрған жолжелкен гүліне көз салып, көңіл тоқтатады, ой қыдыртады, болжам жасайды, алдағы күндерді долбарлайды.

Егер көктем айы туа, мамыр айының басында жолжелкен гүлі желкенді жасыл жапырақтарын кең жайып,егеуқұйрық сабағын тік көтеріп, күлімдеп күнге қарап, кішкене гүлдерін ашып тұрса, онда биыл жаз жайлы, жаңбырлы болады, жерімізге "ерке көктем" кірді, "ерте көктем" келді деп жамағат қуанады. Қуанышымыз баянды болсын деген ырыммен жолжелкен гүлінің түбіне ақ тамызады немесе ақ шүберек байлайды. Сөйте, жақсылық жамандыққа ауыспайды. Бәрінен де сақ болу керек. Жолдан талай-талай көзді адамдар өтеді. Өсімдік болса да, жолжелкенге көз тиеді. Сол көздің сұғы қайтады деген. Көзге көрініп тұрған жақсылықтан көрінбей тұрған жамандық әлдеқайда жақынтұрады, жақсылықтың да жамандыққа ауысуы қас қағымда-ақ болады деп ойлайды. Көп нәрседен сақтанады да, кейде жақсылықты ашық, жария айтудан пайда болмас деп жасырады, құпия ұстайды.

Егер көктем айларында жол жағасындағы жолжелкен желкен жапырағын жақсы жаймай, егеуқұйрық сабағын аспандата көтермей жүдеулік көрсетсе, онда көктем жайсыз болады, жай кірді, жаз жаңбыры аз болады деп ұйғарады да, қыс қамына жаз кіріседі. Алдағы апаттардан алдын ала сақтанады.

Қазақ жолаушы жүріп келе жатқанда да жол жиегіндегі өсіп тұрған жолжелкенге көз қыдыртады. Егер жолжелкен жайқала көктеп, желкен алақанын жайып тұрса, онда мына гүл бата беріп тұр, жолымыз болады екен деп қабағат қуанады. Жақсы ырымға санайды. Жолын тоқтатпай қуана-қуана ары қарай жалғай береді. Ал жол жағасындағы жолжелкен қурап, желкен алақанын жая алмай тұрса, жол тұйықталып тұр деп ары қарай жол алмайды. Үйіне қайтады. Өйткені жолдағы апаттарды ешкім де болжап бере алмайды, қатер туылуы мүмкін деп ойлайды. Жолжелкен жолды белгілейтін гүл деп таниды.



9

III. Тәжірибелік бөлім

1.5 Жолжелкенді кептірудің 4 әдісі.

1. Табиғи, бұл жағдайда жолжелкенді қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрамын.

2. Колеңкеде кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіру.

3.Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда жолжелкеннің барлық мүшелерін қептіру.

4.Жылулық кептіру, температура ретін келтіру.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1.6 Табиғи фитошай даярлау.

1.6 Жолжелкеннен фито шай жасау үшін шөп дәрілерді таңертен немесе түс ауа құрғақ күні теру керек . Стол үстіне жапырақты жұқалау ғып жайып, арасында ауыстырып отырып күн түспейтін көленке жерде кептіру қажет . Жапырақты жол шетінен және өндіріс маңынан теруге мүлдем болмайды. Жапырақ кепкеннен кейін оны құрғақ күйінде қапқа салып ауызын жауып бекітіп, қорапқа саламыз. Сосын оны кез -келген уақытта пайдалана аламыз.

Табиғи жолжелкен жапырағынан жасалған фитошайды пайдалану әдістері .Фитошайды шай дайындаған сияқылды дайындаймыз.Негізінен кепкен емдік шөптердің мөлшері 20-30% шайдан артық болмайтын мөлшерде қосып ішкен дұрыс сонда дәмі жақсарады. Шыны ыдысқа 1 шай қасыққа бір стакан мөлшері деп есептеліп дайындалады. Шыны ыдысқа 1 шай қасық дәрі шөпті салып үстіне қайнаған су құямызда аузын бекітіп қоямыз. Сосын үстіне қайнаған 1 литр су құйып көбейтіп термосқа құйып қойып ішу керек .Су қатты қайнап тұрмаған болу керек.

Даярлау әдісі 10 гр (2 ас қасық) шикізатты эмаль ыдысқа салып ,200 мл (1 стакан ) ыстық қайнаған сү құйып, қақпағын жауып қайнап тұрған суда 15 минут қыздырады, бөлме температурасында 45 минут салқындатады, кейін сүзеді . Қалған шикізатты сығып, алынған тұндырманың мөлшерін қайнаған су құйын 200 мл-ге жеткізеді. Тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек.

16

1.7 Емдеу жолы

1. Тамақтан 10-15 минут бұрын күніне 3 рет 1 стақаннан қабылдайды.

Сырттай қабылдау үшін құрғақ жапырақты булап таңып,басады және тұнбамен жараны жуады.

2. Мұғалімнің асқазаны ауырғанда күніне 1 жолжелкеннің жапырағын таңертең тамақтанудың алдында жеуге ұсындым. Мұғалім 10 күн жеп 1 апта демалды,қайта 10 күн жеді.

3.Мамам қолдарын жұмыста жиі жарақаттайды. Жарақат алғанда жолжелкен жапырағын кішкене алақанда ұмаждап сөлін шығарып таңып қояды. Сонда жарақат тезірек жазылады.

4.Жолжелкен жапырағын лимон сөлін немесе уксус қосқан суға матырып алып кішкене аштырақ дәмін келтіріп күнделікті бақшада өсетін сарымсақтын жасыл сабағын және пісірілген жұмыртқа қосып салатқа қолдануға болады. Әсіресе салатқа қосып пайдаланған емдік жағынан пайдалы. Тек сәуір айында және май айындағы жол шетінен жырақ өскен жасыл жапырақтарын алып пайдаланған дұрыс.

5. Әйел адамдар бет күтімінде сүртетін тұнба жасайды(лосьон).Жолжелкен жапырағынан 400 гр және 500 мл арақ қосып тұнба жасайды.Тек қолданар алдында 2 есе сумен көбейті қажет.

18

Ем болатын аурулары:
♦ Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
♦ Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.
♦ Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
♦ Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді.
♦Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
♦ Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады.

19

1.8 Бизнес жоспар :

Емделуге арналған жолжелкенді даладан таза жерден теріп алып, кептіріп, бір қорапқа 30гр. өлшеп саламын

№1 Барлығы 30 гр =6 ас қасық =1 қорап

10 гр – 2 ас қасық

200 мл -1 стакан су

10 күн қолдану

10 кун *3 рет= 30 стакан

30 стакан/6 стакан=5қорап

10 күнде = 150 гр

150 гр = 5қорап

6 ас қасық (1 қорап)=2 күн =30 гр

10 күнде =5 қорап. 1 қорап= 150 теңге

Нақты кеткен шығын : 1қорапқа-100 тг.

Өнімнен түсетін пайда -50тг.

5 қорап *150 теңге =750 теңге

Емделуге кететін қаражат -750 теңге

Емделуге кететін шығын -500тг.

Емделуден түсетін пайда -250тг.

20

Бизнес жоспар:

1 жолжелкенде 5-6 жапырақ , 40 жапырақтан 10 лосьон шығады. 1 лосьонға 100 мл лосьонға арналған спирт кетеді; ол 150 теңге тұрады.

Шығын: Ыдысқа -20тг. Ыдысты безендіру -15тг. 1лосьонға кететін шығын 185 тг.

Сату бағасы - 250 тг.

Өнімнен түсетін пайда -65тг.

Лосьон нәтижесі:

1 жұмада 3 рет қолдану ,3-4 жұмада апайымның безеуден арылды,майлануы басылды, жылтырап шықты.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

IV Зерттеудің нәтижесі:

1. Жолжелкен бойынша ауа-райын болжауды үйрендім.

2.Гербарий жасауды үйрендім.

3.Өсімдіктерді кептірудің 4 әдісін үйрендім.

4.Фитошай даярлаймын .

5.Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті зор екенін білдім.

6.Лосьон жасап адамдардың көңіл- күйін көтеруді үйрендім.

7.Салат жасап, қонақтарға « жолжелкеннің кереметі» туралы жарнама жасаймын .

22

V Қорытынды :
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі дәрмектердің 40 пайызындай бөлігі шөп өсімдіктер дүниесінен жасалады екен .

Жолжелкенді кептіріп, дәрі, салат жасап айналысу денсаулығымызды нығайтады, түрлі аурудан сақтайды , емдейді, отбасының қаражатын үнемдейді.

Ауру батпандап кіреді, жолжелкенмен тез шығады. Жолжелкен –жанға шипа, дертке дауа .

Байлық байлық емес, денсаулық байлық, сондықтан жолжелкен өсімдігін сыныптастарыма насихаттадым. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.

Жолжелкен денсаулыққа пайда екен.




23

Пікір
Оқушы Ерланқызы Керім бұл жұмысында қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы , емдік шөптердің қасиетін жан-жақты талқыға салған.
Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай,оның маңызына терең үңіліп қандай ауруларға ем екендігін ашып қана қоймай, нақты деректер негізінде зерттей білген.
Оқушы бұл жұмыста көп ізденген,тың ойларды жеткізе білген.


Жобаға пікір беруші: П.Ғ.К.Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасының доценты м. а. Кулмышева Н.А.

24

Менің ұсынысым:

1.Қазіргі компютерлік заманда табиғатпен адамзат арасындағы қарым -қатынасты үзбеу мақсатында мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін танытуды жазғы демалыстарында мамандар, мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса.Жолжелкенді танып, білсе.


2. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса.

3.Химиялық синтезден жасалған дәрілерден гөрі адамзат шөптерден жасалған табиғи дәрілерді қолдануды үйренсе .Және де мектеп жасынан аурулардың алдын алу мақсатында шөптер туралы кеңірек мағлұмат берілсе,яғни пәндерге қосылса немесе мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап,зерттеп,күтетін бұрыш берілсе.
4.Менің алған тақырыбым өзекті тақырып деп ойлаймын.

5.Экологиялық –табиғи өнімдерді пайдаланайық.


Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!

25

I. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер» Қажымұратов М. «Қайнар» баспасы, Алматы- 1975ж
2. «Жасыл аптека» Л. К. Сафина Е.П. Петров Алматы Қайнар 1992ж
3.Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматыкітап 2008ж
4. Стрижев А.н. Лесные травы. 1979
5.Газеттер: «Ұлан», «Семей таңы».
6. Интернет материалдары.

26

ответил от Surak_zhauap

Связанных вопросов не найдено