Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Zhannara в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қобыз аспабында орындаушылық жұмыс туралы әдістемелік нұсқау

Әділбаева Ғ.Б

«Қазақстан білім беру ісінің үздігі»

Қобыз – Қазақтың ежелден келе жатқан халық аспабы. Бұрынғы заманда қобызды бақсы- балгерлер халықты алдап – арбау үшін пайдаланған . Оны «киелі» аспап, «жын - шайтанды» қуатын қасиеті бар, деп түсіндірген. Қобыз туралы халық арасында неше түрлі аңыздар да тараған.

Мына бір аңызда Қорқыт адам өмірінің қысқалығымен келіспей, мәңгілік өмірді іздеп сапар шегеді. Бірақ, қайда барса да алдынан қазулы көр, адамзат өлімі кездесіп отырады. Адам өмірін мәңгілікке ұзарту мүмкін емес екендігіне көзі жеткен. Қорқыт қарағайдан қобыз шауып, оған аттың құйрығының қылынан шек тағып, ағашты иіп ысқыш жасайды. Ысқыштың қырына қарағайдың майын жағып, оны қобызға үйкеп, күңіренген үн шығарып, күй толғайды.

Адам өмірінің қысқалығын күйге қосып күңіренеді. Қорқыт қобызды халықтың қуанышын, қайғысын, мұң- зарын жырлайтын музыкалық аспапқа айналдырады. Қорқыттың бірнеше күйлері халық арасындағы өнерпаздардың ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі арқылы біздің заманымызға дейін жетті. Қорқыттан кейін Ықылас Дүкенұлы деген халық композиторы қобызға арнап көптеген күйлер шығарған. Оның күйлерін халық копмозиторы Сүгір домбыраға салып , қобызшы Жаппас Қаламбаевқа жеткізеді.

Сондықтан , әрине , Ықыластың күйлері бізге түп-тамырымен өзгеріссіз жетті деп айта алмаймыз.

Жапас Қаламбаев қыл- қобыздың үнін Ахмет Жұбанов үйымдастырған ұлт – аспаптар оркестріне қосады.

Оркестрдің талабына сай, қобыздың дыбыс кеңістігін / диапазон/ молайту үшін , оған үшінші шек қосылып, қыл шектер металл шектерге , ал құлақ күйі квартадан квинта бұрауына ауыстырылады. Қобыз - оркестрдың ең негізгі партияларын жүргізетін аспап болып қалыптасады. Бұдан кейін , жетілдіре келе , кең тынысты төрт шекті профессионал аспапқа айналды. Бұл төрт шекті қобыз – оркестрге арналған аспап. Қыл – қобызға арналған халықтың , халық композиторларының күйлері бұл аспапта өзгеріссіз , өз үнімен ойналынбайды. Сондықтан бұл аспапты қыл – қобызбен шатастыруға болмайды. Алайда , бұл төрт шекті қобызда халық әндерінің, күйлерінің , халық копмозиторларының әндерінің , күйлерінің аспаптың техникалық мүмкіншілігіне лайықтап түсірілген түрлерін ойнап жүрміз .

Арнайы осы аспапқа жазылған Қазақстанның көптеген композиторларының шығармалары іс жүзінде орындалып жүр.

Қобыз аспабында ойнап үйрену – музыкадағы өте күрделі процесс . Қажымай- талмай , ұзақ жылдар бойы үнемі еңбек ету арқылы ғана қобыздың техникасын меңгеруге болады.

Күнделікті дайындықта өте жай, баяу екпінде ойнаудың мәні зор екені бәрімізге белгілі. Жай екпінде қобызшының өзінің ойынына бақылау жасап , мән беріп отыруына мүмкіншілігі болады. Техниканы дамыту үшін күнделікті гаммалар , арпеджио, әр түрлі жаттығулар , этюдтар ойнап отыру керек. Сол қолдың саусақтарының жүрдектігін дамытуға арналған көптеген этюдтар, жаттығулар бар. Әсіресе

Г. Шрадиктің сол қолға арналған жаттығуларын күнделікті ойнап отырудың пайдасы өте зор.

Сол қолдың саусақтарының жүрдектігіне риза болып, оң қолдың техникасына аса мән бермейтін қобызшылар да кездеседі. Бұл дүрыс емес . Оң қол қобыздың техникасының басты ролінің бірін ойнайды . Әрине , екі қолдың координациясына әрдайым көңіл аударып отыру керек.

Қобыздың орындаушылық техникасын дамыту процесінде күнделікті гаммалар мен этюдтар ойнап отырудың мәні өте зор. Бұл жұмыс кезінде оқушы алған этюдының негізгі методикалық мақсатын , техниканық қай бөлігіне көңіл аудару қажет екенін, оның қиын жерлерін дұрыс нәтижеге шығару үшін қандай тиімді әдіс қолдану керектігін алдын ала анықтап, түсініп алуы керек. Этюдтың көркемдік құндылығы , фактурасы техникалық қиындығының деңгейіне байланысты , онымен жүмыс істеу әдісі әр түрлі болуы мүмкін .

Бірақ та , қандай жағдайда болмасын , этюдтармен жұмыс істеу процесінде мына ережелерді есте сақтаған жөн .

а / Этюдты талдау кезінде тек қана баяу жылдамдықта ойнау керек ;

ә / Нота текстін жазылуы бойынша дұрыс оқу ;

б / Сапалы дыбыс , таза интонация шығару ;

в / Дұрыс санап , ырғағын тең ойнау;

г / Қиын тиетін кесінділерін бөлек – бөлек қарау.

Жылдам екпінде ойналатын этюдтерде ысқышты кең құлаштамай , оның қысқа кесіндісімен ойнайды . Сондықтан этюдты әбден талдап , техникалық жағын меңгеріп болғаннан кейін , оны өзіне лайықты жылдамдықта ойнауға көшкен жөн . Сол қолдың жүрдектігіне арналған этюдты жаттап алғаннан кейін де қайта – қайта қайталап , үнемі ойнап жүргеннің маңызы зор . Ол екі қолды да қысылмай , емін- еркін жеңіл жүгіртетіндей дәрежеге жеткізеді. Аралас штрихтарға берілген этюдта әрбір штрихты жеке алып қарап , әбден меңгеріп алу керек. Сонымен қатар , бір штрихқа ғана берілген этюдты әр түрлі басқа штрихтармен алмастырып ойнаудың пайдасы бар . Этюдтармен жұмыс істеу кезінде ысқышты этюдтың ырғағына , жылдамдығына , динамикасына байланысты тең бөліп ойнап , шектен шекке ауысқанда оң қолдың буындарын , екі қолдың бұлшық еттерін босатып , позициядан позицияға алмасу кезінде сол қолдың саусақтарын қыспай , жұмсақ алмастыру жағын әрдайым қадағалап отыру керек.

ответил от Zhannara
0 голосов

Техниканы дамытуға арналған негізгі ережелер

1. Сапалы бір қалыпты дыбыс шығару .

Қобыздан ысқышпен әсем үн шығару - өте бір қиын жұмыстың бірі. Сол қолдың жоғары деңгейде дамытылған техникасының өзі оң қолдың сапасыз дыбысымен ешқандай музыкалық үндестік бере алмайды. Қобыздан әсем үн шығару – қажымай – талмай еңбек етуді , көп жаттығу жасауды талап етеді .

Ол үшін мынадай жаттығуларды ұсынамын :

а/ысқышты күнделікті ұзын, созылмалы штрихпен ашық шекте өте баяу екпінде жүргізу ;

б/ осы штрихпен баяу екпінде гаммалар , арпеджиолар ойнау.

Ысқыштың бағытын өзгерткенде оң қолдың буындарын босатып , өте жұмсақ ауыстыру керек. Флажолет сияқты ысқырған артық дыбыстар болмауын қадағалап отырған жөн .

2. Таза интонация

Таза интонацияны күнделікті гамма мен арпеджио ойнап меңгеруге болады. Гамманы әуелі баяу екпінде , әрбір нотаның интонациясын тексере отырып жаттығады . Екінші маңызды нәрсе – позицияларды және позиция алмастыруды меңгеру. Позицияны алмастыру кезінде сол қолдың саусақтарын бос ұстау керек . Сол қолдың позицяларын еркін меңгерген қобызшы таза интонация , сапалы дыбыс шығара біледі .

3. Музыка сауатын меңгеру

а/ интервалдар ойнау:

ә/ ноталар мен паузалар уақытының ырғақтығы;

б/ динамикалық белгілер ;

в/ жатқа ойнау.

4. Аспап пен ысқышты еркін ұстау.

Қобызды ұстағанда , алдымен отырғышқа ыңғайлы , еркін отыруды , дененің барынша кең , еркіндікте болуын екі қолдың ешқандай тамырлары , бұлшық еттері қысылмауын қадағалау керек . Аспапты , ысқышты дұрыс ұстау – оң қол мен сол қол техникасының еркін қалыптасуына ықпал жасайды.

ответил от Zhannara

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ