Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тұңғыш Президент күніне арналды

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы жарқын болу үшін ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор екені белгілі.Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Жолдауында ашып айтты. Өскелең ұрпағымыздың болашағы білімді,сауатты және парасатты болу керек екенін,оған тек ортақ мүдделі кемелденген ел ғана жете алады делінген Жолдауда. Ал ұрпақ тәрбиесі мектеп табалдырығында ерекше орынға ие. Балаға патриоттық тәрбие беру- педагогтың қасиетті борышы. Тәрбие саласына салмақты үлес қосып жүрген № 125 С. Сапарбеков атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерсін Әдиев жақында мектептің белді мұғалімдерінің бірі Света Көптілеуовамен бірлесе отырып, « Менің Президентім» атты тәлім сағатын өткізді. Игілікті іс-шараны мектеп директоры Жеңіс Ибрагимов оқушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің саяси рөлі туралы сөзімен ашты.

Саяси мәні бар бұл үлкен мерекеге 8 сынып оқушылары тыңғылықты дайындықпен келіпті. Елбасы туралы әдеби қойылымдары, Президенттің өнегелі өмірі туралы Тасболат Жанерке мен Ерасыл Амангелдінің тақпақтары,Шанжархан Әселдің Н.Назарбаевтың өмір жолдарына жасаған слайдтары, «Нұр аға», «Тәуелсіз елім» атты ән –шашуларымен келген Ақниет пен Инабат көрермендерді ерекше әсерге бөледі.Көрнекі билбордтармен безендірілген залдағы кітапханашы Әлима Мырзаханованың кітап көрмесі де Елбасының дара тұлға екенін дәлелдегендей. Тәрбиелік мәні зор сағатты мектептің әлеуметтік педагаг Әшіркүл Кенжебекова қорытындылап, оқушыларға шығаармашылық табыс тіледі.
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов