ІІІ. «Қорған шұңқыры»
Қасиетті
мекеннің Бесоба, Қарлығаш шұқыр, Батпақ көл, Көздіғара, Барсай т.б секілді
бізге белгілі және беймәлім сырға толы жерлері өте көп. Сол тарихи жерлерді
зерттеп, өлкенің тарихын тану бағытында көз көрген ауыл ақсақалдарынан сол
жерлердің неліктен солай аталып кеткендігі туралы және оларды сол кездегі
ата-бабаларымыз қандай мақсатта пайдаланғаны жөнінде сұрастырып, келер ұрпаққа
мұра етіп қалдыру біздің, қазіргі буын өкілдерінің қасиетті борышы деп
есептеймін.
Сондай
беймәлім сырға толы жерлердің бірі ол- «Қорған шұңқыры».
Қорған
шұңқыры-Көздіғара ауылының Батыс жақ бетінде 2 шақырымдай жерде орналасқан.
Тереңдігі адам бойынан асады ал, шұңқырдың ұзындығы 500 метр.
Бұл шұңқыр туралы аңыздар ауыл
арасында әрқилы айтылады.
Баяғы заманда сол жерде
Есенгелді деген бай өмір сүріпті. Сол кісінің 12 мың жылқысы болыпты. Сол
жылқыларын осы терең шұңқырда айдап, баққан деседі.
Екінші аңызда аталған шұңқыр
өте терең болыпты, сол жерде жаудан
қорғанып, ақтар мен қызылдардың соғысы кезінде жауларын осы шұңқырға батырып өлтіріп отырыпты
дейді.
Біз
осындай жерлерімізбен мақтанамыз. Болашақта осы жерлер кең көлемде зерттелсе ол
болашақ ұрпақ үшін де зор мақттаныш болары сөзсіз.
ІІІ-І. «Қызыл мешіт» ғимараты
туралы аңыз.
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы аясында
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру
және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында жорық ұйымдастырылды. Жорыққа
28 қараша күні 13 мұғалім, 8-9 сыныптан 7 оқушы қатысты. Жорық кезінде Көздіғара ауылының маңындағы Ащысай
жағалауындағы ХІХ ғасыр уақытында болған «Қызыл мешіттің» орнына, ауылдың
ақсақалы Әди атаймен бірге бардық.
Әди атамыздың айтуы бойынша: Ащысай
жағалауында Мәлке, Райым деген аталарымыздың мешіті болған екен. Мешітті қолдан қызыл таспен соғып салған. Қызыл тасты саз балшыққа ақ балшықты араластырып,
қамыспен күйдіріп соққан, қазіргі уақытқа дейін тастың қалдықтары әлі де
сақталған. Сонымен қатар ұлдар мен қыздар медресесі болған. Медресенің сақталып
ұл,қыздарға ілім-білім үйреткен Шәуели, Кәмели,Шылпық,Қали атты аталарымыз
болған. Қали деген атаның мешіті революцияның тұсында бұзылған.
Қалидың баласы Кәрім Ұлы Отан
соғысында қайтыс болған, соның баласы Әди ақсақалдың айтуы бойынша мәлімет
жинақталды.
IV.
«Қазіргі ауыл
келбеті»
Ауыл-қазақтың
алтын тамыры десек сол ауылдан нәр алып, батагөй ақсақалдырымыздан бата алып,
өсіп-өркендеп келе жатырмыз.
Өткені үлкен тарихқа толы, жері
сулы, нулы ел- Көздіғараның қазіргі келбетіне үңілер болсақ ауылда қазіргі
кезде 300 ден аса халық тұрады. ауылымызда негізгі мектеп, фельшерлік пункт
және ауылдық кітапхана бар. Олар оқушыларға саналы тәрбие мен заман талабына
сай сапалы білім беруде үздіксіз қызмет етуде. Бұл мектепте 41 бала білім
нәрімен сусындап жатыр. Оларға білім беруде 18 ұстаз қызмет жасауда.
ұстаздардың қатары жылдан-жылға жас мамандармен толығуда. Фельшерлік пункт-ауыл
адамдарының денсауылығын сақтап, қадағалауда. Ауылдық кітапхана-ауыл адамдары,
мектеп оқушылары мен ұстаздарын жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдармен
қамтамасыз етуде. Кітапхана қорында6970 дана кітап қоры бар.
Бұл мекемелер ауыл адамдарына
мәдени-салауатты, ұрпағының білімді өсуіне ат салысып жатырған болса, ал
ауылымыздағы келесі адамдар ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып, олардың қыстық
жем-шөптерін қамдауға көмектерін тиігуде. Ауылымызда 3 шаруа қожалығы жұмыс
жасайды. Олардың бірі дәрілік өсімдік-мия тамырын қазумен айналысып, еліміздің
өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Шағын ауылымыз жылдан-жылға көркейіп
келеді.
Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,
Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.
Осы ауылда тербелген бесігім де,
Осы ауылда қойылған есімім де.
Араздасып қалғанда ара ағайын
Ақсақалы жүреді кешірімге.
Көріп өстім таң атып, күн батқанын,
Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын.
Қалай ғана сүймейін, Бейіт болып
Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым-деген жыр шумақтарымен өз ауылым жайлы тарихи
қатпарлары жайындағы өз жұмысымды аяқтаймын. Өз туған жерімді қастерлеу,
барымызды бағалап, жоғалғанын түгендеу менің перзенттік қасиетті борышым.
Ұсынба:
1. Көздіғара
жерінің тарихқа толы жерлері көп. Сол жерлер болашақта үкімет тарапынан қолдау
алып, кең көлемде зерттелсе;
2. «Қорған
шұңқыры» жеріне археологиялық жұмыстар жүргізіліп, қорғауға алынса.