Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Көздіғара ауылының тарихы жайында мағұлматтар келтіріп,

ауылдың географиялық жағдайы мен халқының саны мен салт-дәстүріне шолулар жасай отырып, зерттелетін обьектінің жалпы сипаты мен тарихтағы орынын саралау.

Жұмыстың өзектілігі:

Тарихи жерді зерттеу барысында бұрынғы осы

жерді мекендеген ата-бабаларымыздың “Қорған шұңқыр”деп атап

кеткен жерді қандай мақсатта пайдаланғаны жөнінде ауыл ақсақалдарынан

сұрастырып, мәнін ашу.

Мақсаты:

Көздіғара ауылының тарихы мен ондағы өмір сүрген атақты адамдары мен тарихи аңызға айналған жерлерді зерттей отырып, сол арқылы ауылдың теңдессіз мол мұралары туралы келер ұрпаққа естеліктер мен деректер қалдыру.

Міндеті:

Ауылдың ақсақалдары мен көз көрген ата-әжелерімізден қасиетті мекен-Көздіғараның біз білмейтін елге белгілі адамдары мен елдің аңызға айналған жерлері жайында болашақта үнемі ізденіс жұмыстарын жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

Зерттеуді қажет ететін өлке тарихын жаңаша түрде қайта жаңарту, насихаттау.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

І. Кіріспе: «Ауылым-ата мекенім»

Көздіғара ауылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының Қаратөбе ауданымен шектесетін жерінде орналасқан. Ауыл солтүстігінде Бұлдыртыменен, Шығысында Қаратөбе ауданымен, оңтүстігінде Жаңақоныс ауылымен, Батысында Абай ауылымен шектеседі.

Жеті арыс Мәлке руы жайлаған Бесоба жері алғаш колхоздастыру кезінде 1920 жылдардың аяғында Бесоба колхозына біріккен. Шағын Еңбек, Сарыкөл, Бесоба артелдері құрылып адамдар берігіп еңбек етті. Малдарын ортаға салып, егін егумен, шөп шабумен айналысты. Ол кездегі жұмыстардың бәрі қолмен жасалды. Адамдар сауат ашуға бет бұрды. 1932 жылы колхозшылар тас соғып, мектеп ашуға жұмыла кірісті. 1933 жылы құрылысы аяқталған осы өңірдегі 7 жылдық мектеп ашылды. Тері, мия тамырын жинайтын шағын мекеме ұйымдастырды. Көздіғара ауылы бірнеше елді мекен қараған ауылдық кеңес болған. Бұлдырты ауылы осы кеңеске қараған. Қазір иесіз жатқан Еңбек, Барсай, Социализм, Калинин елді мекендерінде шағын дүкен, бастауыш мектеп, 15-20 дай үй, бірнеше отар қой, сиыр табыны, жылқы үйірі болыпты.

Бесоба жерінде халық басына түскен зауалдан тыс қалмаған. Асыра сілтеу кезінде 30-дан астам адам жазықсыз ұсталып, атылып кетті. Кейбіреуі ғана еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ақталғанын білді.

Көкжиектен көрінген

Бабам сүйген Бесобам

Жеті арыс Мәлке өрбіген

Тарихқа толы-Жер анам

Өзен-көлім Бұлдырты

Жер кіндігі Бесобам

Ерлікпенен аңызы

Ұрпағына тараған

Отыз жетінші қырғында

Шәйіт болып бес арыс

Нұрым, Дәулет, Өтеғұл

Иманғали, Тәжімқұл

Жайлыбай мен Ишанды

Қаңғыртып кеткен Бесобам

Еркіндік алып бүгінде

Ерлікке жеткен Бесобам-деп осы ауылдың азаматы,зейнеткер, заңгер ағамыз Ғабдеш Исмагулов жырлағандай бұл өңірде де қауым болып қалыптасқаннан ұлт ретінде ұйысқанға дейін тарихтың толқынына талай жаншылып, мың өліп, мың тірілген халқымыздың өткені жадымыздан өше жаздап, кешегісі көмескі тартқан кездері болыпты.

ІІ. «Көздіғара-қасиетті мекенім»

Сканирован14-04-14 1552 Көздіғара ауылының шығыс бөлігімен Бұлдырты өзені ағып өтеді. Өзен жаз айларында суы азайып, қара суларға бөлініп қалады. Батыс бөлігінде сортаңды Батпақ көл орналасқан. Суларында балықтың шортан, алабұғы, табан балық, сазан сияқты көптеген түрлері бар. Ал даласында бауырымен жорғалаушылар, аңдар және қосмекенділер сонымен қатар кей кездері даламыздан киік ті де кездестіруге болады. Жері шұрайлы бұл жерде дәрілік өсімдіктен мия, дермене, жолжелкен, жидек, қарақат, қызғалдақ, жуа, арша ағаштары өседі.

Тарих-тағылым үшін керек өйткені, өткенін саралап, бүгінін бағамдай алмағанның ертеңін ардақ тұтары неғайбылдау. Әсіресе, өзгелермен тең құқылы ел санатында көк туымызды көтеріп, ұлттық мүддемізді жалпы азаматтық мұраттар арнасына ұластырар тарихи сәт тәуелсіздіктің қадыр-қасиетін қастерлеу үшін де барымызды бағалап, жоғалғанымызды түгендеудің маңызы зор.

Ата аманатындай қастерлі Көздіғара жерінің сан ғасырлық тарихындағы қатпарлы құпияның бетін ашып, жабулы жұмбағын шешу перзенттік борышымыз, ұрпақ алдындағы парызымыз.

Халқымыздың ауыз әдебиеті күшті дамыған саласы. Түрлі дастандар, тарихи оқиғалар ұрпақтан-ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, жалғасқан. Көздіғара жерінде де жыршылар, шежірешілер болған. Сонымен қатар елге белгілі адамдар да қасиетті мекеннен шыққан. Атап айтсам: Хабиев Одақ-алғашқы хирург, Ғабдуллин Хамит- Қазақстандағы Мәскеу қаласынан мұнай саласында білім алып, Атырау қаласынан алғаш мұнай тапқан адам. БектасовҒабдол -алғашқы ұшқыш.

Содан бері қаншама жылдар өтсе де біздің өлкеден өнерлі де білімді ұрпақтар өсіп,өніп келеді. Бізен үлкен ағаларымыз бен апаларымыз да мектеп, ауыл абыройын асқақтатып, жоғарғы, арнаулы білім алып, еліміздің өркедеуіне өз үлестерін өлшеусіз қосып келеді.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

ІІІ. «Қорған шұңқыры»

Қасиетті мекеннің Бесоба, Қарлығаш шұқыр, Батпақ көл, Көздіғара, Барсай т.б секілді бізге белгілі және беймәлім сырға толы жерлері өте көп. Сол тарихи жерлерді зерттеп, өлкенің тарихын тану бағытында көз көрген ауыл ақсақалдарынан сол жерлердің неліктен солай аталып кеткендігі туралы және оларды сол кездегі ата-бабаларымыз қандай мақсатта пайдаланғаны жөнінде сұрастырып, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің, қазіргі буын өкілдерінің қасиетті борышы деп есептеймін.

Сондай беймәлім сырға толы жерлердің бірі ол- «Қорған шұңқыры».

Қорған шұңқыры-Көздіғара ауылының Батыс жақ бетінде 2 шақырымдай жерде орналасқан. Тереңдігі адам бойынан асады ал, шұңқырдың ұзындығы 500 метр.

Бұл шұңқыр туралы аңыздар ауыл арасында әрқилы айтылады.

Баяғы заманда сол жерде Есенгелді деген бай өмір сүріпті. Сол кісінің 12 мың жылқысы болыпты. Сол жылқыларын осы терең шұңқырда айдап, баққан деседі.

Екінші аңызда аталған шұңқыр өте терең болыпты, сол жерде жаудан қорғанып, ақтар мен қызылдардың соғысы кезінде жауларын осы шұңқырға батырып өлтіріп отырыпты дейді.

Біз осындай жерлерімізбен мақтанамыз. Болашақта осы жерлер кең көлемде зерттелсе ол болашақ ұрпақ үшін де зор мақттаныш болары сөзсіз.

ІІІ-І. «Қызыл мешіт» ғимараты туралы аңыз.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы аясында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында жорық ұйымдастырылды. Жорыққа 28 қараша күні 13 мұғалім, 8-9 сыныптан 7 оқушы қатысты. Жорық кезінде Көздіғара ауылының маңындағы Ащысай жағалауындағы ХІХ ғасыр уақытында болған «Қызыл мешіттің» орнына, ауылдың ақсақалы Әди атаймен бірге бардық.

Әди атамыздың айтуы бойынша: Ащысай жағалауында Мәлке, Райым деген аталарымыздың мешіті болған екен. Мешітті қолдан қызыл таспен соғып салған. Қызыл тасты саз балшыққа ақ балшықты араластырып, қамыспен күйдіріп соққан, қазіргі уақытқа дейін тастың қалдықтары әлі де сақталған. Сонымен қатар ұлдар мен қыздар медресесі болған. Медресенің сақталып ұл,қыздарға ілім-білім үйреткен Шәуели, Кәмели,Шылпық,Қали атты аталарымыз болған. Қали деген атаның мешіті революцияның тұсында бұзылған.

Қалидың баласы Кәрім Ұлы Отан соғысында қайтыс болған, соның баласы Әди ақсақалдың айтуы бойынша мәлімет жинақталды.

IV. «Қазіргі ауыл келбеті»

Ауыл-қазақтың алтын тамыры десек сол ауылдан нәр алып, батагөй ақсақалдырымыздан бата алып, өсіп-өркендеп келе жатырмыз.

Өткені үлкен тарихқа толы, жері сулы, нулы ел- Көздіғараның қазіргі келбетіне үңілер болсақ ауылда қазіргі кезде 300 ден аса халық тұрады. ауылымызда негізгі мектеп, фельшерлік пункт және ауылдық кітапхана бар. Олар оқушыларға саналы тәрбие мен заман талабына сай сапалы білім беруде үздіксіз қызмет етуде. Бұл мектепте 41 бала білім нәрімен сусындап жатыр. Оларға білім беруде 18 ұстаз қызмет жасауда. ұстаздардың қатары жылдан-жылға жас мамандармен толығуда. Фельшерлік пункт-ауыл адамдарының денсауылығын сақтап, қадағалауда. Ауылдық кітапхана-ауыл адамдары, мектеп оқушылары мен ұстаздарын жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдармен қамтамасыз етуде. Кітапхана қорында6970 дана кітап қоры бар.

Бұл мекемелер ауыл адамдарына мәдени-салауатты, ұрпағының білімді өсуіне ат салысып жатырған болса, ал ауылымыздағы келесі адамдар ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып, олардың қыстық жем-шөптерін қамдауға көмектерін тиігуде. Ауылымызда 3 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Олардың бірі дәрілік өсімдік-мия тамырын қазумен айналысып, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Шағын ауылымыз жылдан-жылға көркейіп келеді.

Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,
Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.
Осы ауылда тербелген бесігім де,
Осы ауылда қойылған есімім де.
Араздасып қалғанда ара ағайын
Ақсақалы жүреді кешірімге.
Көріп өстім таң атып, күн батқанын,
Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын.
Қалай ғана сүймейін, Бейіт болып
Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым-деген жыр шумақтарымен өз ауылым жайлы тарихи қатпарлары жайындағы өз жұмысымды аяқтаймын. Өз туған жерімді қастерлеу, барымызды бағалап, жоғалғанын түгендеу менің перзенттік қасиетті борышым.

Ұсынба:

1. Көздіғара жерінің тарихқа толы жерлері көп. Сол жерлер болашақта үкімет тарапынан қолдау алып, кең көлемде зерттелсе;

2. «Қорған шұңқыры» жеріне археологиялық жұмыстар жүргізіліп, қорғауға алынса.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов