6) еңбек жағдайларының жәй-күйі туралы статистикалық есеп жасау;
7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу үшін кәсіптік қатер сыныбын белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу мақсатында пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың барлық өндірістік нысандары аттестаттауға жатады.
7. Аттестаттаудан өту мерзімін ұйым, еңбек жағдайлары өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілер соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
8. Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;
2) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдіснамасының бұзушылықтары айқындалғанда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
9. Өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізудің уақыттылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөнінде қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізімін жүргізеді.
Жұмыс берушінің аттестаттау өткізуге дайындығы
11. Өндірістік нысанды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік нысандарды аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшылардың бірі не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелердің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мен қызметшілер өкілдері енеді.
13.Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) өндірістік нысандардың, цехтардың, учаскелердің және басқа да жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторларының тізбесін жасайды;
2) ұйымның өндірістік нысандарын аттестаттаудан өткізудің кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
3) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
4) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық базаны қалыптастырады;
5) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
6) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде аса жарақат қауіпті жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды, тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;
7) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда Ережеде белгіленген тәртіппен өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар мамандандырылған ұйымды белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды;
8) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу мерзімін тартылатын мамандандырылған ұйыммен келіседі және оны жұмыс беруші бекітеді;
9) нысандар жұмыс орындарының өндірістік орта факторларын зерттеу кезінде зертханалар жұмысына көмектеседі;
10) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге бақылауды жүзеге асырады.
Аттестаттауды өткізудің тәртібі
Еңбектің зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:
1) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орынындағы барлық зиянды және қауіпті өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық) факторлар, оның ішінде еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы;
2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері әрі эргономикалық зерттеулері жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс және тиімді қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиіс;
3) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштерін анықтау, өндірістегі еңбек жағдайларын гигиеналық сараптау нормативтік құқықтық актілерде (санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттік стандарттарда)
көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады.