Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Жоспар:
1.    Метеорологиялық жағдайлардың адам ағзасына әсер етуі.
2.    Организмді термиялық реттеу.
3.    Химиялық заттардың улылығы.

Микроклиматтың тиімді көрсеткіштері – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде, термореттеу механизмдеріне ауыртпалық түсірмей, организмнің қалыпты функционалдық және жылулық күйін сақтауды қамтамасыз ететін сандық көрсеткіштер үйлесімі. Ол жылулық үптелген жағдай мен жоғары жұмыс қабылеттілікті қамтамасыз етеді.
Микроклиматтың мүмкін жіберілетін көрсеткіштері – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде, өтпелі және жылдам қалыпына келетін организмнің қалыпты функционалдық және жылулық күйін өзгертуі мүмкін сандық көрсеткіштердің үйлесімі. Бұл жағдайда адам денсаулығы нашарлап, зақымданбайды, бірақ, жайсыздық бойлап, жұмыс қабылеттілігі төмендейді. Микроклиматтың көрсеткіштер шамалары 2 кестеде келтірілген.
Өндірістік бөлмелерде талап етілетін микроклиматтың көрсеткіштерін жасау үшін желдету, ауаны баптау, түрлі жылыту қондырғылар жүйелері қолданылады.
Адам өмірі өте үлкен 734-1267 гПа (550-950 мм сынап бағанында) қысым шектерінде жүреді. Адам денсаулығына қысым шамасы емес, қысымның жылдам өзгеруі қатты әсер етеді.

1-кесте. МЕСТ 12.1.005-88 сәйкес микроклиматтың көрсеткіштері
Көрсеткіш    Өлшем бірлігі    Көрсеткіш шамасы
        Тиімді    Мүмкін мәні
Ауа температурасы    °С    16-18    13-19
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы    %    40-60    75 көп емес
Ауа қозғалысының жылдамдығы    м/с    0,3 көп емес    0,5 көп емес

Адам ағзасының жылу бөлу шамасы Q, белгілі бір метеорологиялық жағдайда физикалық кернеулік дәрежесіне байланысты. Мысалы, тыныштық жағдайда 85 Дж/с, ал ауыр жұмыс кезінде 500 Дж/с құрастырады. Адамның ағзасындағы физиологиялық процестер қалпында болу үшін, одан бөлінетін жылу адамды қоршаған  ортасына бөлінуі керек. Жылу мөлшері мен қоршаған ортаның салқындату мүмкіндігінің арасындағы сәйкестік ортаның микроклиматтық жайлылығын сипаттайды да, қолайлы жағдайда адамның жаурауға немесе ыстықтауға соқтыратын сезімі болмайды.
Адам ағзасындағы жылудың қоршаған ортаға берілуі киімнің жылу өткізгіштік нәтижесіне Qө, дененің конвекциясына Qк, қоршаған ортаға таралуына Qт, тері бетінен ылғалдың булануына Qб байланысты болады. Адам денесінен бөлінетін жылудың мөлшері, микроклиматтың белгілі бір көрсеткіштерінің шамаларына байланысты болады. Мысалға конвекциялық жылу өткізу, қоршаған ортаның ауа температурасы мен жұмыс орнындағы оның қозғалу жылдамдығына байланысты. Жылу шығуы киімнің температурасына қарағанда, адамды қоршаған ортасының температурасынан төмен (27-31°С) болады. Егер қоршаған ортаның температурасы 30-350С болса, жылу шығу процесі толығымен тоқтайды да температура жоғарылағанда кері болады. Жылудың булануы арқылы таралуы салыстырмалы ылғалдық пен ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты. Қоршаған ортаның t - 180C тең тыныштық қалыпта барлық шығатын жылудың мөлшері Qк -30, Qт - 45, Qб - 20 және демалатын ауаны жылытуға кететін шығын Qa - 5 тең болуы керек.
Өзін - өзі қалыпты жылулық сезіну Q = Qө+Qк+Qт+Qб+Qа жылулық балансын ұстаған кезде қамтамасыз етіледі. Адам ағзасының микроклимат көрсеткіштері өзгерген кезде қалыпты температураны ұстап тұруы көрсеткіші термореттеу деп аталады.
Бөлмелердегі ауа температурасы жоғары болған кезде, қан тамырлары кеңиді де дене бетіне қан өте көп келіп, осыған байланысты қоршаған ортаға бөліну жылуы да көбейеді. Мұндай кезде жылудың бөлінуі булану арқылы жүреді де адам өз ағзасындағы ылғалдан және өте қажетті минералдық тұздардан айырылады. Осыған байланысты ыстық цехтарда жұмыс істейтін жұмысшыларға аздап тұз қосылған су береді.
Қоршаған ортаның ауа температурасы төмен түскен кезде адам организмнің реакциясы өзгеше болады: қан тамырлары жіңішкеріленіп тері қабатына келетін қанның мөлшері азаяды, конвекция мен бойынан шығатын жылудың шамасы азаяды. Сол себебті жұмысшыға белгілі бір температура, қалыпты салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалу жылдамдылығы керек.
Адам ағзасының жылу реттеуіне ауаның ылғалдылығы да өз әсерін тигізеді. Жоғары мәнді ылғалдылық (85%) тердің булануының азаюына әкеп соқса, төмен шамалы ылғалдылық (20%) дем алу жолдарының кілегей қабығының кебуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты жұмысшыларды қоршайтын ортаның ең тиімді ылғалдылық шамасы 40-60% аралығында болуы керек.
Жұмыс бөлмелеріндегі ауа ағынының жылдамдығы да маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ыстық бөлмелердегі ауа ағынның жылдамдығы ағзадан бөлінетін жылу мөлшерін көбейтіп, ағзаның жағдайын реттейді, ал суық мезгілдерде температурының төмендеуі ыңғайсыз жағдайларды тудырады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Адам сезінетін ең төмен ауа жылдамдығы 0,2 м/с тең болуы қажет. Қысқы уақыттарда ауа жылдамдығы 0,2-0,5 м/с, ал жаз айларында 0,2-1 м/с шамасында болуы керек. Ыстық цехтарда ауа жылдамдығының шамасы 3,5 м/с дейін арттыруға болады.
Ауа жылдамдығы бөлмедегі зиянды заттардың біркелкі таралуына да әсер етеді. Ауа ағыны зиянды заттарды бөлме көлемінде бірқалыпты таратып қонған шаңдарды да қозғалысқа келтіреді. Кейбір жағдайда ауа жылдамдығының шамасы () 0,3-0,5 м/с жоғары болған жағдайларда технологиялық процестерге кедергі келтіреді. Мысалы ретінде қорғағыш газдың ішінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде.
Анық жылумен сипатталатын бөлмелер – барлық өндірістік бөлмелер. Бөлменің 1м3 көлеміне шаққанда анық жылудың мөлшері 23,2 Дж/(м3С) тең.
Анық жылу дегеніміз, жұмыс бөлмесіне жылыту жабдықтарынан, қыздырылған материалдардан, адамдар мен басқа да көздерден инсоляция нәтижесінде бөлінетін бөлме температурасына әсер ететін жылулармен анықталады.
Нақты жылудың артық шамасы бөлменің балансындағы жылудың негізі төмендегі формула бойынша анықталады:
 
мұндағы: -бөлмеге түсетін барлық жылудың жиынтығы;
 - бөлмеден кететін барлық жылудың жинағы.

Қоршаған ортаның ауасын жақсарту
Өнімді еңбек жағдайының бір шарты – ол жұмыс аумағында, еденнен немесе жұмыс орны орналасқан алаңнан 2м биіктікке дейінгі кеңістікте қалыпты метеорологиялық жағдай мен таза ауаны қамтамасыз ету керек.
Жұмыс аумағындағы ауаның ластану себебі мен сипаты
Атмосфералық ауа құрамында (көлемдік %) 78,08 – азот, 20,95 – оттегі, 0,93 – аргон, неон және басқа инерттік газдар, 0,03 – көмір қышқыл газы, 0,01 – басқа газдар болады да, мұндай ауа дем алуға өте қолайлы болып табылады.
Ауа химиялық кұраммен қатар белгілі бір иондық құрамға да ие болуы керек. Ауа құрамында, қозғалмалығына қарай, жеңіл және ауыр болып бөлінетін теріс және оң иондар болады. Ауыр иондар жеңіл иондардың әр түрлі  майда бөлшектерге шаң, тозаң, тұман тамшылары т.с.с. қонуы нәтижесінде пайда болады. Таза ауада жеңіл иондар, ал ластанған ауада ауыр иондардың шамасы басымды болып табылады. Адам организімінің өмір сүруіне оттегінің теріс иондары қолайлы жағдай жасайды.
Жұмыс аумағының ауасы жоғарыдағы құрамда сирек кездеседі, себебі көптеген технологиялық процестер ауаға зиянды заттарды (бу, тозаң, қатты және сұйық бөлшектер) бөлумен жүреді.
Газ бен бу, ауа мен қоспа, ал қатты және сұйық заттар бөлшектері – дисперсиялық жүйе – аэрозольді түзеді. Аэрозольдар шаңға (қатты бөлшектердің өлшемі 1 мкм ден жоғары), түтінге (мөлшері 1мкм ден төмен) және тұманға (сұйық заттардың өлшемі 10 мкм – ден төмен) бөлінеді. Шаң ірі (бөлшек өлшемдері 50 мкм ден жоғары), орташа (50-10 мкм) және майда дисперсиялы (10 мкм-ден төмен) болып жіктеледі.
Жұмыс аумағындағы ауаға зиянды заттардың түсуі технологиялық процеске, пайдалынатын шикізаттың, аралық пен соңғы өнімінің құрамына байланысты. Осыған орай:
булы еріткіш - бірқатар қышқылдарды, бензин, сынапты пайдаланғанда;
газдар - дәнекерлеу, құю, металды термиалық өңдеу кезенде;
шаң - майдалағанда, тасымалдағанда, қаптағанда, тегістеу кезінде шығады.
түтін - отын жанғанда және электр қондырғыларында.
тұман - майлау-салқындату сұйықтықтарынан және гальваникалық цехтарда пайда болып шығады.
Зиянды заттар адам ағзасына тыныс жолдары, тері және тамақ арқылы өтеді. Бұл заттардың көбісі уландырғыш әсер беретін болғандықтан қауіпті және зиянды өндірістік факторғаға жатады. Зиянды заттар биологиялық ортада жақсы еріп, қарым-қатынасқа тұседі де, қалыпты өмір сүруді бұзады. Соның нәтижесінде адамның улану ауру жағдайы пайда болады.
Бірқаттар зиянды заттар тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшасын тітіркендіріп өкпеде қалып фиброгендік әсер береді. Олар биологиялық ортада нашар еритін болғандықтан қан айналымына түспейді. Негізінен бұл металл, пластмасса, қайрақ қағаз, карборунд, ағаш, шыны және минералдық талшықтар мен кремнезем-қосынды шаңдарымен аса қауіпті майдадисперсиялы шаңдар болып табылады. Себебі мұндай шаңдар ірідисперсиялы бөлшектерге қарағанда өндірістік бөлме ауасында қонбай қалқып жүреді де адамның өкпесіне оңай өтеді.
Жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы зиянды заттарды мөлшерлеу
ГОСТ 12.1.005-76 бойынша өндірістік бөлмедегі жұмыс аумағының ауасының шектік мүмкіндік шоғыры qnqk (мг/м3) белгіленеді.
Зиянды заттардың адам организміне әсер ету дәрежесіне қарай мынадай кластарға бөлінеді: 1-класс - өте қауіпті, 2-ші класс - аса қауіпті, 3-ші класс - орташа қауіпті, 4-класс – төменгі қауіпті.Кейбір өкімдермен заттардың мүмкіндік шоғыр мәндері і кестеде берілген.

2 – кесте.
Заттардың мүмкіндік шоғыр мәндері
Зат    Шектік мүмкіндік шоғыр шамасы мг/м3    Қауіптілік класы    Агрегаттық күйі*
1    2    3    4
Берилий және оның қоспалары    0,001    1    А
Қорғасын    0,01    1    А
Марганец    0,05    1    А
Озон    0,1    1    Б
Хлор    1    2    Б
Тұз қышқылы    5    2    Б
Құрамында кремнезем бар шаңдар    1    3    А
Темір тотығы    4-6    4    А
Көміртегі тотығы, аммиак    20    4    Б
Бензин    100    4    Б
Ацетон    200    4    Б
*Ескерту: өндірістік жағдайда заттың агрегаттық күйін көрсететін әріптердің белгіленуі: А- аэрозоль, Б - бу немесе газ
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ауа бассейінін жақсарту іс-шаралары
Жұмыс аумағының ауасының керекті жағдайы төмендегідей негізгі іс шараларды атқару арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін:
    өндірістік процестерді механизациялау мен автоматтандыру және оларды арақашықты басқару;
    зиянды заттардың бөлуін немесе олардың жұмыс аумағына түсуін болдырмайтын технологиялық процестер мен құрылғыларды ендіру – (герметизациялау, улы заттарды зиянсыз, ал сұйық отынды газ тәріздеске ауыстыру, щаң басқыш операцияларды қолдану және т.б.);
    жылу бөлу көздерінен қорғану;
    желдеткіш және жылу беру қондырғыларын орнату;
    жеке қорғану құралдарын қолдану.
Жылу бөлу көздерінен қорғану
Кейбір жағдайларда жұмысшыларды жылу әсеріне ұрынуы өте үлкен 3000-6000 Вт/м2 шамаға жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жылулық сәуле ағыны тек қана әсер берген жерге ғана емес жалпы организмге зиянын тигізеді. Осынын әсерінен биохимиялық өзгерістер жүреді, жүрек-қан тамырлары мен жүйесінің жұмысы өзгереді. =0,72-1,5 мкм болатын инфрақызыл сәуленің әсерінен көз катаракты пайда болып, көз қарашығы тұманданады.
Жылудың сәулелік ағыны жұмысшыларға әсер етуімен қатар, еденді, қабырғаны, жабынды, құрылғыларды да қыздырып бөлменің жалпы температурасын жоғарылатады да бөлмедегі қалыпты жағдайды бұзады.
Осыған байланысты жұмысшылардың жылуға ұрынуын есептеу келесі ретпен өткізіледі.
Жылу шығару көзі мен жұмысшының оған дейінгі арақашықтығын біле отырып, жұмыс орындарын жылуға ұрыну қарқындылығы төмендегі формуламен анықталады:
 
Мұндағы: Т-жылу шығару бетінің температурасы, к;
А- эмпериялық коэффициент, адам терісі мен қағаз - мақта маталар үшін А=85, ал кендір маталар үшін А=110;
Етаж-қаралықтың келтірілген дәрежесі; денемен шағылысқан ағынның, жылудың сәулелік ағымын толық емес жылуын есепке алады;
 
Мұндағы: Е1 мен Е2 - жылуға ұрынатын жұмысшы мен жылу шығарушы зат;
0 - жылулық сәулеге ұрыну коэффициенті, жылу шығару көзінен адам денесіне өтетін бөлігін көрсетеді; бұл коэффициент салыстырмалы арақашықтыққа тәуелді;
l=l/a (l-жұмысшы мен жылу шығару көзіне дейінгі қашықтық, а-квадрат жақтары немесе жылу шығару көзінің эквивалентті өлшемі: адам жылу көзіне жақын орналасқанда 01; көбіне 0<1);
α0жылу шығару бетіне жүргізілген нормаль мен осы жазықтық ортасынан жұмыс орныыына бағытталған түзу арасындағы бұрыш.
Есептелген шама мен мөлшер бойынша шектекулі шамамен салыстырамыз. Егер Еұ > 348 Вт/м2  [300ккал/(м2сағ.)], бұл жағдайда қосымша жылу шығару әсерін төмендету іс шаралары жүргізіледі.
Қазіргі санитарлық мөлшер бойынша қызған құрылғылардың жұмыс орнындағы қоршаған орта температурасы 450С аспауы керек.

Бақылау сұрақтары:
1.    Өндірістік бөлмелерде талап етілетін микроклиматтық көрсеткіштері?
2.    Жылу бөлу көздерінен қорғану
3.    Ауа бассейінін жақсарту іс-шаралары
4.    Жұмыс аумағындағы ауаның құрамындағы зиянды заттарды мөлшерлеу
5.    Жұмыс аумағындағы ауаның ластану себебі мен сипаты
6.    Қоршаған ортаның ауасын жақсарту
7.    Микроклиматтың тиімді көрсеткіштері
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ