Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Отбасым бақыт мекенім! шығарма

Отбасы-бір үйде тұратын ең жақын туыстардың киелі мекені. Әр адамның отбасында жеке басының бойындағы асыл қасиеттер қалыптасады. Бір-біріне, жақын туыстарына деген ыстық сезімі, сүйіспеншілігі, үлкенге қызмет, кішіге ізетті, құрметтеу, сыйлау қасиеттері  басталады.      
Біздің отбасымыз Батыс  Қазақстан облысы,Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында, Құрық ауылында  орналасқан. Кәрі Каспий деген теңізіміз бар.Руымыз Ұлы Жүз,Таңбасы-Айрылмас, оның  ішінде Шанышқылы деген ел боламыз. Біздің үйімізде үй  жануарларын бағып, күлімдеген көктем бастала гүл егіп, егін өсіре бастаймыз. Жазды күні Каспий жағасына  киіз үй құрып, туған-туыстарымыздың балалары жиналып, мәз-мейрам болып шомылады. Теңіз жағалауында ауасы таза, шағалалар ұшып жүргенде жақсы демалып қаласын.Әр мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлаймыз. Ата-әжелерімізді құрметтеуді, сыйлауды үйретеміз.Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. Әрқашанда бір-бірімізге көмектесеміз. Отбасымыздың отағасын   тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз.
Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай киелі отбасымның денсаулықтары мықты болып, балапандарым аман-есен, бақытты өмір сүрулерін тілеймін.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей  екі ұл, үш қызымыздың   тәрбиесіне аса үлкен назар аударып келеміз. Отбасында барлығының көңіл күйлері көтеріңкі жүруі үшін, бір-бірін ренжітпеу, үйдегілер демалып жатқанда шуламау, үлкендерге көмектесіп, кішілерді ойнатып, қамқор болу керектігін үнемі айтып отарамыз.Тұңғыш ұлым Нұрсұлтан Жаңа Өзен Қазақ Түрік лицейінде 8-сынып оқушысы, қыздарым: Аружан, Нұрдана озат оқушылар қатарында, Ақеркем мен Бексұлтаным балабақшаның белсенді  балалардың бірі. Менің кішкентай балапаным  өзінің отбасы мүшелерін  үнемі жылы сөздерін  қосып айтып жүреді.
Әкем- менің бақытым мен шаттығым!
Анам- менің аялаған ақ гүлім!
Ағам- менің өмірдегі жүрегім!
Әпкелерім- жарқыраған  аспаным!
Мақтанамын отбасыммен,
Отбасыма «Ботамын» мен.
Менің кішкентай жүрегім,
Бәріңді жақсы көреді!!!

Сүйіспеншілікпен, бір-бірімізге ыстық ықыласпен, аялы сезіммен дастархан басына жиналып қалатын сәттерде аз емес. Мен үшін әр баланың орны ерекше.Әрқайсысын «Күнім», «Жаным», «Толған айым»,»Ботақаным», «Балапаным» деп еркелетіп қоятын да кездерім болады.
Бақыттымын бағым зор бұл күнде мен,
Қарсы аламын әр таңды күлкіменен.
Қуат алып келемін киелі отбасымнан,
Екі ұл, үш қыз жүр жанымда еркелеген!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ