Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
президентке арналған қандай тілектар бар?
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Менің Президентіме менің тілектерім

     Тұңғыш... Тұңғыш бала, тұңғыш ғарышкер, тұңғыш ғалым, тұңғыш президент...Қазақта бұл сөздің мәні тереңде жатыр. Тұңғыш атауын біреу сыйламайды. Ол - тағдыр сыйы. Адам тұңғыш болып дүниеге келеді, енді бірі өзінің ерен еңбегінің арқасында тұңғыш атанады. Сондай тұлғалардың бірегейі еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүреді» деген халқымыздың сөзінің жаны бар. Елбасымыз елін егемен етіп, биліктің тізгінін қолына алған күннен  тәй-тәй басқан халқының тәуелсіздік көшін бастап, асқар асулардан асып, келешекке нық қадам басып келе жатыр. Ел үмітін мен сенімін арқалап,  ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған, арман болған  тәуелсіздікті ту етіп, жақсылықтың жалауындай жарқ етіп, бұлт артынан нұрын шашқан күндей елін жарқын болашаққа жетелей білді. Діні мен тілі, тарихы мен әдет-ғұрпы жылдар бойы бұғауда болған ұлтының мәртебесін көтеріп ұлт ұлы атанды, еркіндік пен елдікті сезінген елінің еңсесін көтерді. Кемеңгер ойшыл, көреген саясаткер ең алдымен шет елдерде жүрген қандастарымызды тарихи отанына қайтару мәселесін шешіп, ата-жұртын аңсап жүрген талай қазақ баласы елімен қауышты.  Қазақстанда бір шаңырақтың астына тек қазақтың ғана емес  140-тан астам ұлт өкілдерінің басын қосып, олардың береке –бірлікте тату, бейбіт өмір кешуі президенттің даналығының, парасаттылығының арқасында.
Қазіргі таңда бейбіт өмір әр елдің баға жетпес қазынасы болып табылады. Қазақстан мемлекеті жер жүзінде ең бейбіт ел атанғанын мақтанышпен айта аламын. Халқына арнап айтқан: «...140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту» деген сөзі жадымда үнемі жаңғырып тұрады. Біз осындай қолдау сөзден келе жатқан бағытымыздан таймай, тәуелсіздік кемесінің желкенін ешқашан шайқалтпай өмір сүретінімізге кәміл сенемін.
    Тарихы жоқ елдің келешегі жоқ деген ұғымды жан-тәнімен түйсінген ұлт басшысы қилы заманда қыршынынан қиылған ондаған жылдар бойы тұншығып жатқан  қазақ зиялыларының атын ақтап, кеудесінде «қазақпын» деген намысы бар халқын қуантты, жас  ұрпаққа танытты.
«Ердің ісі – елдің мойнында, елдің ісі – ердің мойнында»  демекші Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ елін қиын қыстау заманда  зор жауапкершілікті арқалап, ел тізгінін қолына алып, халықтың басын біріктіріп,  саналы басқарып  дамыған қатарынан көрінетін жағдайға жеткізді. Елбасымыздай асқар тау азаматына сеніп, халық  барлық ауыртпалықты, қиыншылықты сырт киімдей сыпырып тастап, еңбек етіп, еңбегінің жемісін көріп, ашық аспан астында бейбіт өмір сүруде.
 «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деген сөзінен танбайтын президенттің жастарға, жастар мәселесіне, олардың тиянақты да терең білім алуына бар мүмкіншілікті жасап отырғаны оның көрегенділігінің белгісі. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы жастарға ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Елбасымыздың осындай игі істері мені толғандырады, сүйсіндіреді:
Кеудемді қуаныш кернеп шаттанам,
Нұрсұлтандай ұлт  ұлымен мақтанам.
Ел қамалы боп тұрса ол әр кезде,
Мен неліктен өзгеден жасқанам?!
Қасиетіңізден  Нұр-аға, айналдым,
Лайым сізге жар болсын бір Аллам!
  Мінекей, қазіргі Қазақстан жастары дәл осындай көңіл күйде, шабытта , олардың күш-жігері, сенімі, алға деген ұмтылысы, алар асуы биік. Демек, Елбасымыздың келешекке деген сенімі мен үміті ақталуда.
Аса қадірлі  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сіз берген бағыт-бағдармен, бастаған сара жолмен Қазақ Елінің көші  межелеген мақсатына қарай нық басып жетсе, Қазақстан жастары білімді, білікті, салауатты да елінсүйгіш болып елінің іргетасының  берік бір кірпіші боп қаланып жатса, шаңырағымыз шайқалмаса, ел экономикасы қарыштап күннен күнге дамып жатса – сіз сияқты дара да дана тұлға үшін бұдан асқан марапат, артық сый жоқ деп ойлаймын. Сіздің кеудеңізді жарып шыққан, аңсаған арманыңыздың орындалғаны осы деп білемін.
 Тұғыры биік, іргесі берік, тәуелсіз әрі гүлденген еліміздің жарқын болашағының  куәгері болып, ұзақ жасаңыз, барлық армандарыңыз бен елге артқан үмітініз, сеніміңіз ақталсын  деп тілеймін.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ