Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Өмірге даналық көзбен қараудың негізгі қағидалары қандай

спросил от Kuaniysh в категории Досуг, Развлечения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

1.Негізгі нәрсені маңызы жоқ нәрседен ажырата білу

Аса маңызды нәрсені таңдай білу және пайдасы жоқ нәрседен бас тарта білуді әдетке айналдыру адамға мақсатқа жету жолында үлкен пайдасын тигізеді. Бұл - пайдасы жоқ  бос әңгіме айту, теледидар көру сияқты істерден аулақ болуға да қатысты. Яғни, уақытыңызды, мүмкіндігінше, бос жібермеңіз және сізге нақты не қажет екенін таңдай біліңіз.

2.Ішкі сабырлылық

Бұл қағида адамды дұрыс бағытқа жұмылдырып қана қоймай, ең қиын жағдайда да, өз-өзін қолға алып, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Сондықтан «шешілмейтін түйін жоқ» екенін ескеріп жүріңіз. Ең алдымен, сабырлы және салқынқанды болуға дағдыланыңыз.

3.Мәселеге жан-жақты көзқараспен қарай білу

Әр адам оқиға мен шешімді қажет ететін мәселеге әр түрлі көзқараспен қарайды. Соған байланысты мәселе де сіз ойлағандай «пішінді» қабылдайды. Мәселеге әр түрлі көзқараспен қарай білу сіздің өз пікіріңіздің жоқ екенін білдірмейді, керісінше, барлық жағынан сараптай отырып, дұрыс әрі нақты шешім қабылдай аласыз.

ответил от Kuaniysh
0 голосов

4.Болып жатқан жағдайды дәл сол күйінде қабылдай алу

Бұл жерде «жағдай өзгеше болғанда ғой» деген сияқты бос өкіну сезімі тек уақытыңызды ұрлап, бос мазасыздық сыйлайды. Аталған қағида кез-келген күтпеген жағдайға адамның психологиялық түрде дайын болуымен байланыстырылады. Сондықтан өзгерістерге шынайы көзқараспен қарап, соған сай дұрыс шешім табыңыз.

5.Алысқа көз жүгірте білу

Бұл қасиет болып жатқан оқиғалардың ішкі логикасын түсініп, ары қарай даму мүмкіндігіне болжау жасай алуды білдіреді. Болып жатқан әрбір оқиғаны, сізге қатысы болмаса да,  сараптауды үйреніңіз және келешектегі даму барысын өз болжамыңызбен салыстырып, қорытынды жасап отырыңыз.

6.Өзгелерді түсіне білуге ұмтылу

Адамдардың іс-әрекеті мен ойына түсіне білу олармен байланысты келеңсіз жайларды дұрыс шешуге көмектеседі. Өзіңізді өзгелердің орнына қоюды үйрене отырып, олардың бұдан кейін қандай іс-әрекетке көшуі мүмкін екенін үйренесіз.

7.Қателіктерден сабақ алу

Қателіктер – бізді әрдайым дұрыс әрекетке бағыттап отыратын өмірлік ұстаз. Қателікті түсініп, оны түзетуге, одан сабақ алуға ұмтылудың пайдасы – орасан. Сондықтан, біз тәжірибелі адам деп қателіктерден үйренетін адамды айтамыз.

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов