1-жүргізуші: Абзал - 10-сынып 2-жүргізуші: Айгерім - 11-сынып
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар және...
2-жүргізуші: мектебіміздің барша оқушылары!
1-жүргізуші: Жас әншіміз Сансызбай Балаусаның орындауындағы "Ұстазым" әнімен бүгінгі мерекеміздің негізгі куәгерлері - ұстаздар қауымын зор ілтипатпен, ыстық ықыласымызбен қарсы алайық!
/Ән орындалу барысында оқушылар орындарынан тұрады, ортаға ұстаздар келіп, орындарына жайғасады./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы да, қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Баршамызды алтын ұя мектебімізде білім нәрімен сусындатып отырған ұлағатты да, қадірлі ұстаздар!
1-жүргізуші: Бүгінгі төл мерекелеріңіз баршаңызға
1,2-жүргізуші /бірге/: Құтты болсын!
2-жүргізуші: Бүгінгі өздеріңізге арналған бағдарламаның жүргізушілері - біз, ұстаздарды ұлықтай білетін Абзал Серіков және
1-жүргізуші: Айгерім Еламанова.
2-жүргізуші: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
1-жүргізуші: Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
2-жүргізуші: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
1-жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрсек ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетке бас иелік мәңгілік!
2-жүргізуші: Ардақты ұстаздар! Бүгінгі арналар әсем әндер мен ақ жүректен ақтарылған тілек-лебіздер тек Сіздерге арналады.
1-жүргізуші: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, төл мерекелеріңіз тағы да
1,2-жүргізуші: Құтты болсын!
1-жүргізуші: Мерекелік алғашқы құттықтау сөз мектеп басшысы Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлына беріледі.
/Мерекелік лебіз/