Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

                Кремді бисквит торты.

      Бұл тортты дайындауда негізгі сары май кремі, сонымен қатар шарлотт және гляссе кремдерін қолдануға болады. Бисквит тұрақтанған соң екі бөлікке бөліп, төменгі бөлігін сироптың 40% - ын ылғайдайды. Өйткені ол торттың негізі болып табылады және крем жағылады.

Бисквиттің екінші бөлігін қабығын төмен қаратып орналастырып 60% сироппен ылғалдап жоғарғы беті мен жанына крем жағады. Торттың жанын қуырылған бисквит ұнтағымен әрлейді. Ал жоғарғы бетін ақ түрлі түсті креммен, жеміс – жидек немесе цукатпен әшекейлейді.

      Қайың тортын дайындау.

      Бұл торт үшін бисквит дөңгелек пішінде дайындалады. Пісіріп, 6-8 сағат тұрақтандырып,  3 бөлікке бөледі. Әр қабатты сироппен ылғалдап, бірінші бисквит қабатына  сары май кремін жағып, оның үстіне какаомен дайындалған бисквит қабатын орналастырып, оған шоколадты кремді жағып, оның үстіне 3-ші бисквит қабатын орналастырады. Торттың үсті мен жанына құлпынай езбесін жағып, ақ помадамен глазурлейді. Помада қатпай тұрып торттың жанына какаомен араласқан бисквит ұнтағын себеді. Помада қатқан соң торттың жоғарғы бетіне креммен қайын дінгегін, жапырағын орналастырады. Сонымен қатар миндаль көмегімен жапырақ түрінде әшекейлейді.

      Жемісті бисквит торты.

     Екі бисквит қабатын  сироппен ылғалдап, жеміс-жидек тартымымен жабыстырады. Жоғарғы беті мен жанына да жеміс - жидек тартымымен жағады. Торттың жоғарғы бетін қалбырдағы жеміс-жидек қатырылған желе бөліктерімен әшекейлеп, қатырылмаған сұйық күйінде желе құяды. Желе қатқан соң торттың жанын қуырылған бисквит ұнтағымен әрлейді. 

ответил от Sania

Похожие вопросы