Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың  тақырыбы: Өмір-өзен.

Мақсаты: Алған  білімдерін  тиянақтау, қорытындылау. Азаматтық ұстанымдарын  қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі:

  • Жаңа әдіс тәсілдерді оқушылар  сабақта қолдана  алады.
  • Жаңа  идеяларын  еркін  ортаға  сала  алады.
  • Топтық  жұмыстың  тиімділігін  қалыптастырады.

Әдіс-тәсілдері: «Ойлан,Бірік,Бөліс» «Синектика», «Кезбе тілші». 

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімінің  іс-әрекеті

Оқушылардың  іс-әрекеттері

Ресурстар

3 мин

Кіріспе

Слаид № 1. «Табиғат  сұлулығы» карточкалары  бойынша топқа бөлу. Нұсқау: Топ ережесін сақтау, топ қызметін бөлісу.

Оқушылар   суреттер  арқылы топтарға бірігеді. «Бүгінгі  күн  қандай  тамаша, себебі....» өз  ойларын  ортаға  салады.

Сурет карточкасы

10 мин

Негізгі бөлім

 Слаид № 2. «Ойлан,Бірік,Бөліс» әдісі   арқылы «Өмір»  бейнеролигін  ұсынамын. Бейнеролик  бойынша өз ойларын    немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында бүкіл  идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

Алдымен өз ойларын жеке жазады,одан кейін топтармен  бөліседі, соңында талқылап,ортақ бір пікірге келеді. 

Оқушылар  бүгінгі  сабақтың  тақырыбын  ашады.

Слаид

Бейнеролик

3 мин

Слаид № 3. Жаңа сабақтың  тақырыбы  ашылады.

Оқушылар  өздері мағлұматты  ашады, жаңа әдіс-тәсілдің қыр-сырын ұғынады

слаид

10 мин

Слаид № 4. «Синектика» әдісі бойынша бірлескен

жұмыс жұмыс жүргізу: «Лавр  жапырағы» тақырыбында мәтінді  оқиды, топтарға  берілген  тапсырмалар  бойынша  мәтінді  талдауын  ұсынамын.

                                                       

Мәтін мазмұны тыңдалып,сыни ойлау арқылы ой жасалады,белгілі бір қортындыға келеді.Көбірек мағұлмат,пікір,түсінік, дәлелдер жиналуына мүмкіншілік береді.

Слаид, А4 парақшалары,

Флипчарт.  Пламастер.

10 мин

  Слаид № 5.  «Кезбе тілші» әдісі бойынша «Қазақстанға  келген  қонақ» оқиғасын рольдік ойын арқылы жүргізуін  ұсынамын

Нұсқау: 

1-топ: телефон соғылып жатқан ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

2-топ: телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді 

3-топ: тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады

4-топ: тілші сұхбат алатын куәгер 

Рольдерге енеді «Кезбе тілші»әдісімен танысады. Өз  ойларын  үш  тілде  еркін  жеткізеді.

Сурет, мәтін

3 мин

5  мин

Қорытынды

Слайд № 6. 

Мұғалім сөзі :.

Оқушыларды бағалау жетістік, кемшіліктеріне қарай жиынтық бағаны шығару, номинация беру, мадақтау, жүлде беру

Әр топ төрағасы қарсы топ пен өздерінің жетістіктері мен ұсыныстарын айта  сыни пікірлер мен формативті түрде баға берді, Оқушылар өзара бағалайды, қорытынды баға бірлесіп қойылады. Сабақ соңында оқушылар табысына «Аукцион» өткізеді. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша

image     1.«Ең дарынды»

    2.«Ең білімді»

    3. «Ең ақылды»

    4. «Ең сауатты»

    5. «Ең тапқыр»

    деп бағаланып, марапатталады.

Рефлексия.

 Бүгінгі  сабақтан  не  түйіндедіңдер?  Өз  ұсынысыңды  жаз.

Әр топ  басшысы қарсы топ пен өздерінің жетістіктері мен ұсыныстарын айта  сыни пікірлер мен формативті түрде баға берді, Оқушылар өзара  қорытынды баға қойады Сабақ соңында оқушылар табысына «Аукцион» өткізеді. Жеңімпаздар 5 номинация бойынша

    1.«Ең дарынды»

    2.«Ең білімді»

    3. «Ең ақылды»

    4. «Ең сауатты»

    5. «Ең тапқыр»

    деп бағаланып, марапатталады.

 Өз ойларын стикер парақшасына  жазады.

Кеспе қағаздар

А4,  стикерлер

Мұғалім:  Ж.Зиядаева 

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов