2 сыныпқа арналған қазақ тілінен тестер жинағы.
Сөз құрамын қайталауға арналған тест тапсырмалары
1 нұсқа
Түбір сөзді тап.
а) жаңалық
ә)күй
б) құрылысшы
Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?
а) қосымша
ә) түбір
б) жалғау
Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4
ә) 2
б) 3
Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
а) көлдер
ә) батырлық
б) досым
Жалғау жалғанған сөзді тап.
а) зейнеткер
ә) қобызшы
б) гүлді
Түбірге жалғау мен жұрақтан бұрын қайсысы жалғанады?
а) жұрнақ
ә) жалғау
б) қосымша
Жұрнақ деген не?
а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
1.жылы, құс, ұш, жақ.
Жалғау…
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
10.Жұрнағы бар сөздерді белгіле.
а) биші
ә) балалар
в) іскер
2- нұсқа
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі – ….. .
А) түбір
В) жалғау
С) жұрнақ
2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша – ….. .
А) жалғау
В) буын
С) жұрнақ
3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле.
А) оқулық, оқушы;
В) кітап, оқулық;
С) оқушы, шәкірт.
4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымшаның атауын белгіле.
А) жалғау
В) жұрнақ
С) қосымша
5.Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет.
А) түбір + жалғау + жұрнақ;
В) түбір + жұрнақ + жалғау;
6.Түбір сөзді белгіле.
А) орын
В) бастық
С) атақты
7.Жұрнақ…
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
Айгүл, бар, дүкен.
9.Мақалды аяқта
Оқу -білім …….., білім – өмір….. .
А. Бұлағы,шырағы
Ә. Асылы,өткелі
Б. Қайығы,бұлағы
10.Түбір дегеніміз не?
А.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі
Ә. Сөзге қосылатын жалғауды
Б. Жұрнақсыз сөзді
Сөз таптарын қайталауға арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
а) қашан? қайда?
ә) кім? не?
б) неше? қанша?