Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
демеушілерге алғыс хат сөздері
спросил от amerikan в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жаныңда жүр жақсы адам...
Құнарлы ойдан  құнарлы сөз шығатындығы  айдан анық. Біздің мектеп директоры Индира Кенжетайқызы  оқу жылының басында білім алушылардың құзыреттілігін арттыру, білім сапасын, жаңа заман оқушысының мәртебесін көтеру мақсатында мектеп   оқушыларының  бастауыш буын, орта буын және жоғарғы буын арасында «Жыл оқушысы - 2016» байқауын өткізуді қаржыландыруға «Тюрк қазына» сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры Мамунов Руслан Маратұлына өтініш білдірген болатын.  «Жақсыдан ұл туса – игі» - деп дана халқым айтқандай, Мамунов мырза  аталмыш ойды қолдап, өзінің игі әрекетін тағы да байқатты. Оқу жылы аяқталып,  үлкен байқауымыздың нәтижесі соңғы қоңырауда белгілі болды. Бастауыш буыннан 4-сынып оқушысы Борамбаева Гүлдана, орта буыннан 5 «ә» сынып оқушысы Тортай Айбек жүлдегер атанып, екеуі де планшетпен марапатталса, жоғарғы буыннан 10-сынып оқушысы Қарсақов Рустам ерекше жетістіктері үшін ноутбукпен марапатталды. «Қазкөмір» ЖШС басшылығы, «Тюрк қазына» сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры Мамунов мырзаның бастауымен атқарылған игі істері үшін Мамунов мырзаға, орынбасары Жетписов Нұржан Кайратұлына алғысымыз шексіз.
Сонымен бірге, «Болашақ А» ЖШС директоры Зоренко Валентин Степановичке де алғысымыз зор. Валентин Степанович Астана қаласында өткен қазақ тілінен Халықаралық «Жарқын болашақ» олимпиадасына біздің мектептің 10-сынып оқушысы Жазықпаев Бекболаттың баруына қаржылай көмек  бергенін де айта кеткіміз келеді. Бекболатымыз аталмыш байқаудан ІІІ орынды қанжығасына байлап келгеніне барша Құсмұрындықтар қуанышты.
Осындай қамқор азаматтарымыздың бірі – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Қостанай  темір жолдары Құсмұрын станциясының бастығы Мурзасеитов мырза да өзінің көптеген көмектерін аямай келеді. Дарынды оқушыларымызды түрлі деңгейдегі жарыс-байқауларға жіберу үшін қолдау сұраған  сәттерде бетімізді қайтарған кез болмады.  
Осындай таланттар мен білімін сусындатқан оқушыларымызды   ынталандыруға өздерінің қолдауларын үнемі білдіріп отыратын демеушілерімізге зор денсаулық, кәсіптерінде табыс, отбасыларына амандық тілейміз.      
№28 Құсмұрын орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі                  Әсемгүл Абуталипова
ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов