Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Данчик в категории Наука, Техника, Языки

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тәлімгерлік   тәрбиелі  іс.


    Әдістемелік  бірлестік  деңгейінде өзгеріс  енгізу мақсатында тәлімгерлік  үдерісін  жүзеге  асыру қажеттілігіне негіздей келе  өзімнің әдістемелік бірлестік деңгейінде  бірлестік мүшелерімен  отырыс өткіздім . Сол  отырыста  әріптестеріммен кеңесе отырып, тәлім алушы ретінде  жас маман   Баймұханова  Айгерім  Сәкенқызы анықтадым.  Менің тәлім  алушым  Әйгерім  есімді  бастауыш  сынып  мұғалімі. Ә  есімді мұғалім  осы мектепте еңбек өтілі екінші жыл. Мен  ең  алдымен  мұғалімнің, қандай кездесетінін қиындықтарын  біліп, анықтадым.Тәлім алушымен сұхбаттаса отырып, қажеттілігін анықтағаннан кейінгі келесі қадамым оның қажеттілігін нақтылау болып табылады. Ол үшін тәліппен бірлесе отырып тереңінен   жоспарды  талқылау жүргіземін. Тәлім алушы мен тәлімгердің уақыттарымен санаса келе  күн тәртібінде қаралатын мәселелерге ой шоғырландырып, мерзімін анықтап  жоспар құруға бағытталамын
   
         Себебі, оқыту  мен   оқу   үдерісін   толық   меңгеріп     үлгермеген   жас  маманға   бірден   тәлімгерлікті   бастап   кеткенімнен      гөрі    кәсіби   әңгіме жүргізе отырып тәжірибеде қандай  қажеттілік  бар екенін  анықтаймын. Тәлім алушымен сұхбаттасқан кейін мен        тәлім алушының сабағын  бақылауды  енгіздім.Тәлімгер тәлім   алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге, соның ішінде қажетті түйінді                    қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға  дайын  бола  алады. Сабақ барысында оқыту мен оқу мақсаттарын жетілдіру үшін  ақпараттық-коммуникациялық құрылғыларды пайдалану оқушылардың оқуын жақсарта  ма  және сабақта қойылған оқыту мен оқу мақсатына жетуге көмектесе ме? деген сұрақ төңірегінде тәліптен алынған  кері байланыс арқылы талдау жүргізуді  ұйғардым. Осы дағдыларды ескере отырып мектептегі тәжірибе кезеңінде  тәлім алушымен жүргізілетін тәлімгерлік үдерісінің мақсатына Ақпараттық  коммуникациялық технологияның  қолдануды енгіздім. Себебі   сабақтағы теориялық білімдерін нақтылау үшін  Ақпараттық  коммуникациялық технологияның құралдары  оқушыларға    түрлі   амал  тәсілдерді  көрсетуге, идеяларды  салыстыруға,басқа  оқушылардың жұмыстарын , көркем  жазуды  алмастыру мен жұмыстарын  салыстыру, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал бола  алады. Акпараттық  коммуникациялық технология мұғалімнің  сөзін  азайтады.

Тәлімгер  сабағына  қатысу  арқылы берген ресурстарым тиімді  бола  алды. Нәтижесінде коучинг сессия тәлім алушы үшін қаншалықты тиімді болғаны анықталады. Себебі тәлім алушының сабақ жоспарындағы тақырыбына мақсат қою және одан күтілетін нәтижелерді анықтауға бағыт-бағдар беруді   жөн  көрдім. Осы кезде оқушылардың жетістігін анықтауда  оқу ерекшелігін ескере отырып оқытудың маңыздылығы,  сыншыл әріптеспен бірге талқыланып ұсынылады. Нәтижесінде тәлім алушы өз ойын ашық жеткізіп айта алады. Өзін еркін сезіне отырып, сұрақтарға толық жауап бере алады. Осы тапсыраны орындағаннан мен жеті модульдың  тапсырмаларын, сындарлы оқытуды , коучинг жүргізуді ,тәлім алушыға бағыт-бағдар беруге үйрендім
  

               Болашақта біз жұмысымызды әрі қарай жалғастырып  кемшіліктерді бірлесе отырып шешу жолдарын  қарастырамыз. Себебі тәлімгерлік ол- ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі қарым -қатынас болып табылады.
ответил от Данчик

Похожие вопросы