Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тәлімгерлік жұмыс туралы аналитикалық есеп
Абишев Кенесбай Вахитович
Акмола обылысы Шортанды ауданы Степная орта мектебі
 Сәния Тұрсыновна жаңа технологияларға қызығушылық танытып, 7 модульді өз тәжірибесінде қолданып көргісі келетінін айты.
Тарих пәні мұғалімі Сахабанова Сания Тұрсыновнаға тәлімгер болуды ұсындым, ұсынысым жерде қалмай қабылданды. Осы уақытқа дейін мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болып қызмет атқарып келді. Соңғы екі жыл тарих пәнін жүргізіп келеді.
Сабақтарына дайындалғанда ізденіп сабақ мақсатын смарт қоюды, оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеруді, тапсырмалардың қаншалықты деңгейге сәйкестігін есте ұстауға шештік. АКТ дамыған заманда оқытуда, оның мүмкіндіктерін қолдану, оқушыларды заманға сай оқыту дегенді ескере отырып, сабақтарында АКТ-ны қолдану керектігі анық болды. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдану қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үрдістерін жақсартуға жағдай жасайды
 
 Ал,  топтық оқытуда диолог  қолдана отырып оқушылардың қарым –қатынастары дамып, барлық оқушыларды қамту мүмкіндігіне Сәния көз жеткізді. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшесінің жұмысқа қатысуын ойластыру керектігіне көңіл аударылды. Сын тұрғысынан ойлауды қолдану да таса қалған жоқ.  Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді.                  ( мұғалімдерге арналған нұсқулық 32 бет) Қойылатын сұрақтар қаншалықты сауатты, әрі нақты қойылса, соншалықты жауаптың нақты болатыны туралы айтылды. Сәния бағалау қиындық туғызатыны туралы айтты, оны критериалды бағалау арқылы шешуге ұйғардық. Бұл бағалау түрі оқушының нақты нені білетінін және неге көңіл аудару керектігін анықтайды.
Тәлімгерлік жұмыс барысында 5,6 сынып сабақтарына қатысып, тәжірибе алу үрдісінің қалай жүріп жатқанын анықтадым. Сабақ үстінде фото және бейне жазбалар жасалды.  Сабақты тәлім алушының талдауы арқылы кері байланыс жүргізілді. Сонымен бірге сабақ жоспары да кері байланыс болды, өйткені онда сабақтың әр кезеңдері мен сұрақтар анық көрінеді.
   
Бірінші қатысқан сабақтары қалыптасқан дәстүрлі түрде өтті, оқушылар мазмұн  айтып берумен шектелді, ал бағлау жиынтық түрде жүрді. Оқушылардың сабаққа белсенділіктері төмен болды. Қойылған сұрақтар жеңіл, әрі ойлануды қажет етпейтіндер. Жақсы оқитын оқушылардың сабақта жалығулары байқалды. Деңгейлік оқыту ескерілмеген. Сабақты сараптау кезінде Сәния сабақтың қызық емес, әрі тиімсіз болғанын мойындады.
Келесі сабақты Сәниямен сабақты қалай тиімді қылу керек екенін кеңесе отырып жоспарладық. Содан кейінгі  сабақта   біраз ілгерлілеу бары көрінді. Ұйымдастырылған топтық жұмыс арқылы диологты оқыту мен сын тұрғысынан ойлаудың дамуы. Мұғалімнің қойған сұрақтарының күрделілігі  дарынды оқушылардың пікірталас тудыра, бір шешімге келіп берген жауаптарының толыққандылығы, қызығушылықтың ойянғаны байқалды және оларды бағалауда әділ әрі жеңіл болды.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ