Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
жаңашыл мұғалім
спросил от Данчик в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Оқу инемен құдық қазғандай.......
    Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым өз білімін шыңдап отыруы тиісті. Сол себепті  маусым айының он үшінші жұлдызынан бастап біздің Мамлют ауданында  «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамының өңірлік филиалы ауданның қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы» тақырыбы бойынша дәріс беруде. Бұл курстың мақсаты ─ Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламаларымен таныстыру ғана емес, оған қоса мұғалімдерге қазақ тілі сабақтарын тиімді жоспарлап, әдіс ─ тәсіл түрлерін ұтымды қолдану жолдарын қарастырып, сабақты модельдеу арқылы ой елегінен өткізуге үйретуде. Біз «Блум таксономиясы», «Колба циклі»  әдістері арқылы сабақ құрылымын, драмалық әдістер түрлерін де қолданып көрдік.  Мысалы: бір дәріс ішінде «Идеяны ұстап алу», «Стоп кадр», «Өткенге көз тастау» , «Сана саяжолы» әдістерін  өолдансақ. Келесі күнгі дәрісте графикалық органайзер деген не, оны қалай тиімді қолдануға болады деген сұрақтарға жауап әріптестермен бірлесе отырып жауап бердік. Ендігі бірлескен оқыту барысында мұғалім жетекшілігімен жүретін оқушылардың тілдік дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту жолдары мен сабақтағы ұстаздың жаңаша рөлін айқындадық. Өз тәжірибелерімізден мысалдар келтіріп, қиыншылықтан шығу тұстарын қарастырдық. Дүниежүзілік ғалымдардың жұмыстары мен тұжырымдамаларымен таныстық. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші, бір бейне ролик арқылы дәріскеріміз Ширажиева Әлия Бекмаханқызы бірнеше түрлі әдістерді біріктіріп оқушыларды жазылымға қалай әкелу керектігін іс жүзінде көрсетті. Қытайдың ақылшысы Конфуцийдың айтқанындай  «Маған айтсаң -мен  ұмытамын, маған көрсетсең - мен  есімде  сақтаймын,  өзіме  жасатсаң-мен  үйренемін». Сондықтан осы курстың маңызы өте зор. Кез келген ұстаздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқығысы келмейтін оқушыны оқу үдерісіне қатысатындай етіп қызықтырып, қолдау көрсету ал жақсы оқитын шәкірттердің оқуға деген уәжі мен қызығушылығын төмендетіп алмау табылады. Асылы оқушылар өз еркімен ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұл, әрине, мұғалімге байланысты, оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты, маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. Ал берілген тапсырмалар жас ерекшелігіне сай деңгейлік бойынша құрастырылып, өмірден алынған жағдаяттарға негізделсе мұғалім өз мақсатына қол жеткізеді деген тұжырымға келіп отырмын.
ответил от Данчик

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ