Қалауымызша картопты тазалап жуып аламыз, су құйып жартылай піскенше 15-20 минут қайнатамыз. Қайнап болған соң суытып, ашып екі немесе үш бөлікке бөлшектейміз. (Орта көлемді картоптар алу керек, жұмыртқа секілді). Укроп пен сарымсақты(3-4бас) майдалап тураймыз. Шұңғыл ыдысқа 6-7 ас қасық май құямыз(солнечный), туралған картоп саламыз, үстіне укроп, сарымсақ, қызыл бұрыш, паприка(болмаса 2 ас қасық томат пастасын) қосып араластырамыз. Формаға жақсылап май жағып, картопты саламыз, артынан қызып тұрған печке саламыз. 15-25 минут(қызарғанша) пісіреміз. Дайын.
Ас болсын! Гарниер ретінде немесе бөлек жеуге де болады. Өзім өте жақсы көремін