Жапырақ жүрек бақтағы.
Мөлдіреп тұрған жанардан,
Сағыныш нұрын сезгенмін.
Бойыңда тұнған сан арман,
Алаулап жандың,өзгердің.
Тал бойың діріл қаққаны,
Сұлудың әркез сыры мың.
Жапырақ жүрек бақтағы,
Бал-тәтті әуен,қылығың.
Ерекше өскен тал шыбық,
Тамырын алған өнерден.
Әніңнен жүрек жаншылып,
Көркейді көңіл көнерген.
Келісті көркем келбетің,
Ай-мүсін,аққу,ақмаңдай.
Жандарды күйген,жер бетін,
Өнермен көтер самғардай.
Жаңару,жану жасқа тән,
Ақылды жансың,биікте!
Балқытып бойды басқан ән,
Сүйікті болғын,сүйіп те!
31.01.2009жыл.