Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Математикалық модельдер
спросил от Saiynbek_pro в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Математикалық модельдер. Математикалық модель жүйені абстрактілі тіл арқылы, жеке жағдайда, жүйенің жұмыс жасау үрдісін бейнелейтін математикалық қатынастар көмегімен формаланған сипаттау болып табылады. Модельді құрастыру үшін кез-келген математикалық құралдарды пайдалануға болады — алгебралық, дифференциалды және интегралдық есептеуді, жиындар теориясын, алгоритмдер теориясын және с.с. Кең мағынада бүкіл математика объекттер немесе үрдістердің модельдерін құрастыру және зерттеу үшін құрылған.
Сонымен қатар, жүйелерді абстрактілі сипаттау құралдар қатарына химиялық формулалар тілі, схемалар, сызбалар, карталар, диаграммалар жне с.с. жатады. Модель түрін таңдау зерттелетін жүйенің ерекшеліктеріне және модельдеу мақсаттарына байланысты, себебі модельді зерттеу белгілі сұрақтар тобына жауап алуға мүмкіндік береді. Басқа ақпаратты алу үшін модельдің басқа түрі қажет болуы мүмкін.
Модельдеу мақсаттары мен оригиналға тән сипаттар қорытындыда модельдің бір қатар басқа ерекшеліктерін және оларды зерттеу әдістерін анықтайды. Мысалы, математикалық модельдерді детерминді және ықтималдық (стохастикалық) түрлерге жіктеуге болады. Біріншілері модельдің параметрлері мен сипаттамалары арасында бірмәнділік сәйкестікті орнатады, ал екіншілері – сол шамалардың статистикалық мәндері арасында. Модель түрін таңдау кездейсоқ факторларды есепке алу қажеттілік дәрежесіне тәуелді. Математикалық модельдер арасында оларды зерттеу әдісі бойынша аналитикалық, сандық және имитациялық модельдерді ерекшелеуге болады.
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов