Саған деген махаббаттым – әнімді,
Асқақтата
шырқай салып жүремін
Ән : «Мектебім сағынышым» сахнада 11 «А» сынып оқушылары Сарманова Арай, Дулан Айша, Утинова Салтанат.
Жүргізуші:
Сағыныштан сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам – дей келе сөз мектеп бітіруші түлектеріміздің
алғаш қолдарына әліппені ұстатқан, қымбатты ұстаздарымыз Мыңбаева Фарида,
Сәрсенова Әлия, Қалыбекова Фарида апайларымызды
ортаға шақырамыз. бірге
Ұстазым ұғындырып даналығын,
Баршаның елестеткен бала күнін.
Жайдарлы көңіліңнен айналайын,
Кешірген баланың бар шалалығын – дегендей
бітіруші түлектеріміздің сынып жетекшілері Ташова Гүлназ, Тюлебаева Шолпан,
Дәніқұлова Амина, Аллабергенова Света апайларымызды қошеметпен
ортаға шақырамыз.
(сөз сөйлейді)
Жүргізуші:
Осы бір сәт уақыт сыйы ма екен,
Өмірге аттау
күрделі түйін екен.
Мектеп деген балалық шағың болса,
Балалықпен қоштасу қиын екен.
Би: «Мектеп
вальсі» және «Флэшмоб» орындайтындар: бітіруші сынып түлектері.
Жүргізуші:
Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!
Алтын ұям мектебім аялаған,
Жас жаным жапырағын саялаған.
Қарлығаш ұландарың қанат қақты,
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма адам.
Мектепті биыл бітіруші түлектерінің құттықтау
сөздері.
1. Төлеуов Ертілес – 11
«В» сынып оқушысы
2. Жұманбердиева Айдана – 11
«Ә» сынып оқушысы
3. Мырзахан Айдана – 11
«Б» сынып оқушысы
4. Байсымаков Садық – 11
«А» сынып оқушысы
( Осы кезде 1 – сыныптарға арналған сыйлықтарды тарқатады )
Жүргізуші:
Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,
Түседі естеріңе қызықты кеш.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әркез.
Сол бір кез сәтті түскен бүгінгі күн.
Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық,
Мауқымыз басылғанша осы бір күн.
«Сейфуллиннің түлектері» бітіріуші
түлектердің мектепке арналған әні.
Орындайтындар: Мекен Нұрсейіл, Мақұл Мәулен, Қамбарбек Ілияс, Дауылов
Ержан, Ізтілеуова Нурила, Мамадияр Қарлығаш, Бернақова Алия.
Жүргізуші:
Шіркін, мектеп өмірі қандай керемет. Алты
жасқа толып, алғаш мектеп табалдырығын аттаған күн әр бір жас бүлдіршінге үлкен
мереке күні ғой. Қалайша ұмытарсың бұл күнді?
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге ?!
Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен білімнің алтын кілтін,
Ізбасар бүлдіршіндерге тапсырады.
Мектебіміздің биылғы түлегі Джұмағазиев
Нұрсұлтан мен биылғы Алтын белгіден үміткер түлегіміз Тулегенова
Айғаным «Алтын кілтті» қабылдап алушы
түлектеріміз оқу озаттары 10 «А» сынып
оқушысы Бекболатқызы Аружан мен 10 «Ә» сынып оқушысы Жанбосынов Төреханға тапсырады.
Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Ұстаздарым баулыды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін сіздерменен,
«Соңғы қоңырау» әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Ән: «Соңғы қоңырау» орындайтындар бітіруші түлектер Ақжол Ләзкен, Бейсенбеков
Гүлсінай.
Жүргізуші:
Қоштасады алтынұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткеннін.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоққой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп бітіруші түлектеріміз
1. Есалиев Рүстем 11 «Ә» сынып
2. Түлегенова Айғаным 11 «Ә» сынып
3. Тұңғышбаев Талғат 11 «Ә» сынып
4. Ізтілеуова Нурилаға 11 «В» сынып
5. Баймырза Алмас 1 «А»
сынып
6. Әділбек Гауһар 1 «А»
сынып
7. Ғалымқызы Аруназ 1 «Ә»
сынып
8. Нарбекова Әсілай 1 «В»
сынып оқушыларына тапсырылады.
(Соңғы қоңырау соғылады)
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың,
Дірілдеді – ау ерекше жүректерің.