Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

1.(Музыка әуені орындалады)

Балалар тәрбиешімен бірге қолдарына гүл ұстап шығады да ,музыка әуені біткенше билейді..(Қолдарындағы гүлдерін құмыраға салып, балалар орындыққа жайғасады.)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,әжелер,тәрбиешілер!

Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз құтты болсын!

Біздің «Балапан»тобы сәбилерінің «Анам менің - сүйіктім»атты ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Анам менің сүйіктім,

Бір өзіңе табынам.

Қасымда болсаң биікпін,

Алыстасаң сағынам .

Анаң болса, қасыңда,

Басқа бақыт не керек!

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет!-дегендей, бәрі бірге «Құттықтаймын, мама»

әнін орындайды. Енді балалар өздерінің аналарына дайындаған тақпақтарын айтып береді.

Қонжықтармен би: «Келші-келші, балашым» әнінің әуеніне

Амина: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Уалихан: Аналарды құрметтеп ,

Ән маржанын шашайық.

Олжас: Той күні гүлдерді,

Аналарға сыйлаймыз.

Зере: Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Батырхан: Өзің мені өсірген.

Айналайын,ақ әжем

Диас: Менің әжем, ақ әжем,

Қонаққа барса болғаны.

Кәмпит әкеп береді.

Азиза: Аппақ мамам, ақ мамам,

Ақ мамам деп мақтанам.

Санжар: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Інжу: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын, бар адам.

Әмірхан: Айналайын анашым,

Әлпештеген анашым.

Балалар өте жақсы айтып берді.Енді ойын ойнаймыз.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Шарты: Екі бала жарысып ойыншықтарды себетке

салып үлгеруі керек. (2-3 рет қайталанады)

Вальс (барлығы)

Жүргізуші:Келесі кезекте әжелерге арнап«Әжем» әнін орындап береді.

«Кім қалай көмектеседі»ойыны

Мақсаты:балалардың аналарына қандай көмек көрсететінін байқау

Шарты: Үш баладан шығады, 2-3 рет қайталанады.

(керекті құралдар : сыпырғыш, леген, ыдыстар.)

«Әжей ертегісі» қысқаша көрініс:

Әже балаларды іздеп залға келеді.Оларды таба алмай шаршап,орындыққа отырады да, ұйықтап кетеді.Оны балалар оятады,бірақ ол оянбайды.

Осылайша 2-3 рет қайталайды.Содан соң оянады, балалар оған гүл сыйлайды.Әжей балаларға алғысын айтып,ертегі айтып беруге топқа алып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар , тәрбиешілер ,осымен біздің топтың «Анам менің, сүйіктім» атты шағын ертеңгілігі аяқталды.

Балаларымыздың жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар! Келесі кездескенше!

МКҚК «Сандуғаш» балабақшасы

Келісемін:_____________________

«___» «___» 2016ж

«Анам менің, сүйіктім»

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

«Балапандар» І сәбилер тобы

Дайындаған тәрбиешілер: Жанасбаева Г.С

Джубанова Ұ.М

Саз жетекшісі Малхарова З.Б

Би жетекшісі Әділғалиева Г.Б

2016ж

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов