8 слайд
Олар отбасының
әлеуметтік тұрмысына байланысты(толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы,
т.б.),кеңірек тоқтала кетсек: эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш);
ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жылауық, т.б, жеке
тұлғаның дамуында психологиялық бір ізді жүйенің болмауынан ол:еріктік өріс (ашушаң, қыңыр,
сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б, сонымен қатар отбасылық дағдарыс, жанұядағы
бәсекелестік, жанұядағы жаңа мүшенің пайда болуы, маскүнемдік, нашақорлық,психопатия,
психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік
бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне - өзі қол жұмсаушылық
реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) және т.б.
Осы аталған қолайсыздықтан шығатын
қиындық түрлеріндегі мінез-құлықты
зерттеген психологтардың тұжырымына тоқталсақ:
Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін
ажыратады:
Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын
тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық
әрекет жасау.
Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын
тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың
көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді,
сонымен қатар баланы қорқыту.
Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе,
рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып
өздерін қанағаттандыру үшін жыныстық қатынасқа салу
Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау
немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.
16 слайд
Отбасы – адамның
эмоциясы, күйзелісі, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше
феномен. С.И. Голод (1998) пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс
ерлі – зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы
балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік
кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата – ананың қамқорлығын қажет
етеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы және баласын қабылдауы көп
жағдайда олардың жалпы өзін – өзі бағалауына әсер етеді. Зерттеулерде ата –
атаның жеткіншекке көңіл қойып, жылылық танытуы, олардың болашақта жағымды өзін
– өзі бағалауын қалыптастырады. Ата – ананың қатаң, негативті қарым – қатынасы
кері әсерін тигізеді: мұндай балалар сәтсіздіктерін бір нүктеге топтастырып,
тәуекелге баруға қорқады, жарыстарға қатысудан қашады, агрессивті және дөрекі,
сонымен қатар мазасыздық деңгейі жоғары болады. Отбасында балаға эмоциялық
қарым – қатынастың маңызы зор.
17 слайд
Психологиялық диагностика. Психологиялық топты зерттеу және жекелік
психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және
қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір
қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы
ретіндегі көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика
нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда бала және ата-ана,
топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау,
психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.
Психологиялық коррекция. Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық
кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың
тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің
ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық
процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коррекция және
психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын
өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.
18 слайд- 24 слайд
диаграммалар
25 слайд
26 слайд
сауалнамалар
ÒОтбасыңыздағы жағдай Сізді қанағаттандырады ма?
әдістемесі
Ò«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі Авторлары Э.Г. Эйдемиллер және В. Юстицкий.
Ò«Отбасылық социограмма» тесті. авторлары Э.Г.Эйдемиллер
және О.В.Черемисин
Ò«Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» әдістемесі.
Авторлары Е.Бене және Д.Антонии.
Ò«Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы» авторы
американдық психолог Джеральдина Чейни
ÒАта-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа
біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест
Ò«Сіз
қандай ата-анасыз?»
Ò«Сіздің
тәрбие стильдеріңіз?»
ÒМектеп
пен отбасы ынтымақтастығы.
ÒСіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
ÒТелімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
Ò«Отбасындағы балалардың арасындағы бәсекелестік деңгейін
анықтау шкаласы»
ÒАта-ананың балаға деген қарым-қатынасының
тест-сауалнамасы (А.Я.Варға, В.В.Столин)
ÒАта-аналарға
арналған сауалнама «Балаларды тәрбиелеу түрлері».